Әсен әңгімені әкесінен бастады. Ішіміз жылып қалды. Көкше атырабы Дулат Жақсылықовты жақсы білуші еді. Намыс жетегіндегі жігіт анау бір жылдардағы дағдарысты кезеңде жұмысы қожырай бастаған сүт зауытының тізгінін қолға алған болатын. Дулаттың іскерлігі көз алдымызда. Зауыт өнімдерін тұрғындар әлі күнге айрықша сұраныспен сатып алады. Азаматтың артында із қалды, құрмет дегеніміз осы ғой. Әттең, өмірден ерте кетті.
Дулат үш ұлын да елімізге ерекше қажет кәсіпке тарта білген екен. Бүгінгі күні үлкені Қуаныш зауыттағы инженерлік-техникалық қызметке, кішісі Ерсайын сауда-мониторинг саласына, сондай-ақ, жиені Қуаныш мал шаруашылығы мен егіншілік ісіне басшылық жасайды. Атырапқа аты шыққан жігіттер.
Біз бүгін ортаншы ұл Әсен жайлы сөз қозғамақпыз. Мұның жөні бар. Еңбек жолын сүт зауытында слесарь болып бастаған ол көкірегіне көп нәрсені түйіп жүріпті. Өндірістен қол үзбей-ақ, жоғары білім алған. Осыдан он сегіз жыл бұрын, әкесі кенеттен қайтыс болғанда, ұжым қоярда-қоймай Дулаттың директорлық тағына отырғызған. Ертеңгі тіршілік пен кәсіпорын болашағын ойлаған көрегендік десек те жарасады бұны.
«Әке көрген оқ жонар» демекші, қазіргі күні зауытта Дулат бауырымыздың ой-армандарын Әсеннің командасы жаңаша сипатта өрбітіп отырғанына риза боламыз. Зауыт Көкшетау қаласынан 250 шақырымдық аумақтағы ауылдардан сүт дайындайды. Жер-жерде 8 арнайы бекет жасақталған. Тіпті, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында сүт өнімдерін өңдейтін шағын цех жұмыс істеп тұр. Жалпы, әлгі аумақтағы ауыл тұрғындарының 80 пайызы өнімдерін осы зауытқа тапсырады екен. Бұл ел ішіне қолайлы әрі қолма-қол есеп айырысатыны көңілден шығады. Осының нәтижесінде күніне 30 тонна өнім жеткізіліп отыр. Ал, жаз айларында оның көлемі 50 тоннаға жететін көрінеді.
«Көкшетау сүт зауыты» АҚ өнімнің 14 түрін шығарады. Басқасын айтпағанда, сырдың шұжық, бұрым және балмұздақтың жеміс-жидектік, француздық түріндегілері жас кәсіпкердің ізденімпаздығын танытады. Өнімнің барлығы табиғи шикізаттан дайындалатындықтан, сапасы да жоғары. Көкше өнімдері еліміздің жеті облыс орталығына, Ресейдің Омбы қаласына шығарылады.
– Мемлекеттің кең көлемді қолдауына сүйене отырып, өндірісті әртараптандыру, былайша айтқанда, кластерлік қадамдарға ден қоюдамыз, – дейді зауыт директоры Әсен Жақсылықов. – Зеренді ауданындағы Приречное ауылында тауарлы-сүт фермасын құрып, онда 100 бас сауын сиырын ұстаудамыз. Жақын жылдары оның санын екі есе арттырсақ деген ойдамыз. Сондай-ақ, 49 жылға жалға алған 800 гектар жеріміз бар. Мұнда екпе шөптің үш түрі егіледі. Биыл сүрлемдік жүгері өсіру ниетіндеміз. Яғни, жем-шөптен тарықпаймыз деген ойдамын. Ұжымдағы 140 адамның барлығы өз ісіне берілген адал жандар. Азды-көпті табысымыз осылардың арқасында толығуда. Мұндай кісілермен жақсы жоспарлар түзуге болады.
Бұл күндері табысты тұлға деңгейіне көтерілген Әсен Дулатұлының кеңсесі қабырғалары түрлі деңгейдегі алғыс хаттар мен грамоталарға, сертификаттарға толы. Көп жылдар бойы қалалық мәслихат депутаты болып келген ол биыл облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Мемлекеттік марапаттары да баршылық. Осының өзі Мәңгілік Елдің іргесі Әсен сияқты елжанды азаматтардың еңбегімен нықталатындығын айғақтай түседі.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25