03 Маусым, 2016

Табысты мемлекет, табысты ел

647 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
логотип к 25 летию ДНК-1Қазақстан бұдан 25 жыл бұрын тәуелсіздік алып, даңғыл даму жолына түсті. Алғаш рет әлемдік қоғамдастық мойындаған, ресми ресімделген егемен мемлекет мәртебесін алды. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Осынау елеулі дәуір оқиғасы ата-баба мен талай ұрпақтың орындалған үміт-армандары еді. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кірді. «Қазақстан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын орындап, 5 институттық реформаның «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары мен болашаққа бағдарланған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея­сын орындауға кірісті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты бірлесіп өткізген «Қа­зақстан Республикасы Тәуел­сізді­гінің 25 жылдығы: табысты мем­лекет, табысты ел» атты халық­аралық ғылыми-практикалық конфе­ренциясы осының айқын дәлелі болды. Конференция барысында Поль­­­шаның Қазақстандағы бұ­рын­­ғы елшісі Владыслав Соко­ловс­кидің ғылыми редакциясымен дай­ын­далған «Хандықтан республикаға дейін: Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи және заманауи шарттары» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жиынды тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған жүргізіп отырды. Аталған шара Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Сағындық Нұрахановтың құттықтау сөзімен ашылды. Содан соң Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков, Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тас­болатов, Ұлттық мұрағаттың бас директоры Марат Әбсеметов, шетелдік қонақтар қатысып, аталған тақырып аясында сөз сөйледі. Конференцияға жетекші ше­телдік ғалымдар: Назарбаев Уни­верситеттің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі сая­саттану және халықаралық қатынастар кафедрасының ассо­ци­ацияланған профессоры, PhD докторы Чарльз Салливан (АҚШ); Мәскеу мемлекеттік облыстық университеті Стратегия және талдау институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Виталий Ершов (Ресей); И.Джавахишвили атындағы Тби­лиси мемлекеттік университеті жанындағы Тарих және этнография институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Важа Кикнадзе (Грузия); Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Айдарбек Кочкунов (Қырғызстан); Гази университеті Гуманитарлық ғылымдар факультеті қазіргі түрік зерттеулері департаменті солтүстік-батыс (қазақ-қырғыз) зерттеулері бөлімінің профессоры, ғылым докторы Гүлжанат Ерджиласун (Түркия); Корвинус университеті Халықаралық қатынастардың көп пәнді докторлық мектебінің (Будапешт) ғылым докторы Михай Добрович қатысты. Түпкі мақсат – елдің 25 жылдан бергі толағай табыстарын түйіндеу; Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігін құру мен нығайтудағы, республиканың көпбағытты саясатын жасау мен жүзеге асырудағы, «Мәңгілік Ел» ұлт­тық идеясын қалыптастырудағы, Қа­зақстанның тарих ғылымын жан­дандырудағы рөлін зерттеу; тарих ғылымының өзекті және қазір­гі ұлттық тарихнаманың түйін­ді мә­се­лелерін «Мәңгілік Ел» жалпы­ұлт­тық идеясының аясында зерделеу. Конференция 2 секциядан тұ­рады: «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Тұңғыш Президенті және оның Қазақстан мемлекеттілігін қалып­тастырудағы рөлі»; «Қазақ­стан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және отандық тарих ғылымын жаңғырту». Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»