Руханият пен әдебиеттің жанашырлары, оқырмандары барда ол ешқашан өлмейді, әр уақытта жасай бермек. Еуразия ұлттық университеті қабырғасында осы бір әдемі қағиданың растығына тағы бір көзіміз жетті. Келер ұрпаққа мирас болар, бүгінгі буынның санасын жетілдірер үш бірдей туынды қалың қауымға жол тартты. Философ, профессор Ғарифолла Есімнің «Таным көкжиегі», белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлының «Көкейімде – Күлтегіннің жазуы», жас ақын Динара Мәлікқызының «Өмір дегенің осы екен» кітаптарының тұсауы кесілді. Мұндай игі іске ұйытқы болған азамат – көпшілік танитын жазушы, экономика ғылымдарының докторы Мырзагелді Кемел. Үш автордың да еңбектерін жинақтап, ең құнды деген шығармаларын, тұщымды ойларын көз майын тауысып теріп алып, өңдеп баспаға берген екен.
Жиынға кітап авторларымен қатар, университет проректоры Дихан Қамзабекұлы, оқу орнының ұстаздары мен оқырман жастар қатысты. Алғашқы болып сөз алған Ғарифолла Есім «Жақсылық дегеніміз, шын мәнінде, ешқандай ақысыз, міндеттеусіз жасалған мақсатты іс. Біз айтып жүрген шапағат, жомарттық атты ұғымдар да осының аясына сыяды. Бүгін, міне, соған расында куә болып отырмыз. Мұндай шаруалар, руханиятқа деген іс жүзіндегі жанашырлық өзге азаматтарымызға да үлгі болса екен», деп жоба авторына кітап авторларының атынан шын жүректен алғысын жеткізді.
Серік Ақсұңқарұлы мен Динара Мәлікқызы арқалана өлең оқыды. Белгілі ақындар Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы, әдебиеттанушы Омар Жәлелұлы және басқа да қонақтар, студенттер сөз алып, лебіз білдірді. Тұсаукесерді жүргізіп отырған Дихан Қамзабекұлы «Бұл кеш – кітапсүйер қауымның, әдебиеттің, ізгіліктің кеші болды», деп қорытындылады.
Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
АСТАНА

Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 21:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53