11 Маусым, 2016

Аутизм балалар көзімен қарағанда

677 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
АутизмБолат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры «Аутизм. Әлем барша үшін біреу» бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы көркемөнер мектептерінің, бейнелеу студиялары мен шығармашылық шеберханалардың 10 және 18 жас аралығындағы жас тәрбиеленушілерінің еңбектерінің көрмесін өткізді. Экспозицияда Алматы қа­ла­­­сы­ның жас және дарынды сурет­­шілерінің әртүрлі стиль мен жанрдағы 120-дан ас­там еңбектері ұсынылған. Сурет­шілер алдына қойылған міндетті шеш­е алды ма? Олар тақырыпты қаншалықты аша білді? Олар «айнаның сыртындағы дүниені» қалай елестетуде? Міне, осы сауа­лдарға жауап көрме бары­­сында берілді. Өйткені, көр­ме қарсаңында шеберлік сабақ­­тары өткізіліп, онда аутизм де­геннің не екені тура­лы әңгі­ме­ленді. Актерлер осы мә­селе бойынша әртүрлі жағдай­лар­ды ойын пішіміндегі пантоми­малар түрінде көрсетіп, тікелей шы­ғар­машылық үдерісі бейнеленді. Сондай-ақ, көрмеге Алматы және Астана қалаларының «Асыл Мирас» аутизмі бар бала­лар­ға арналған орталықтар тәр­бие­ленушілері де қатысып, өздерінің қағаз бетінде әлемнің оларға қандай болып көрінетіні білдірілді. Білім және ғылым министр­лігінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстанда жасы 18-ге дейінгі «аутизм» диагнозы бар 1956 бала тұрады екен. Бір жыл бұрын олардың саны 1456 құраған болатын. Шын мәнінде мұндай балалардың саны бұдан да көп, себебі, аутистикалық спектрдің бұзылуы бар бала­лар­дың барлығына бірдей дұрыс диагноз қойыла бермейді. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» 2015 жылдан бері «Асыл Мирас» қоры аутизмі бар балалар­ды қолдауға арналған «Аутизм. Әлем барша үшін біреу» бағдар­ла­ма­сын жүзеге асырып келеді, бағ­дарлама «Ашық Әлем» қоғамдық қоры­мен серіктестікте жүзеге асы­рылуда. Басты мақсат – аутизмі бар балалар мен олардың отба­сы­ларының өмір сүру сапасын ерте бастан диагностикалау, оңал­ту, инклюзивті білім беру және әлеу­меттік ықпалдастыру ар­қылы арт­тыру. Бағдарламаны жүзе­ге асыру шеңберінде Қор өзі­нің мақ­саттарының бірі ретін­де осы мәселе бойынша шы­найы ақ­п­а­ратты кеңінен таратуды белгілеген. – Қордың міндеттерінің бірі – қоғамды аутизм жайлы және осындай диагнозы бар бала­лар жайлы хабардар ету. Жұрт­шылыққа аутизмнің қасірет емес екендігін, мұндай жағдайда аутизммен өмір сүруді үйренуге болатынын, ал елемеудің өзі нағыз қасірет болып табылатынын түсіндіру қажет. Біз қоғамның аутизмі бар адамдарға қатысты пікірін өзгертуге, оларға деген толеранттық көзқарасты қалып­тастыруға көмектескіміз келеді. Олар үшін айналасындағы әлем – бұл адамдардан, жерлер мен оқиғалардан құралған ала­са­пыран дүние. Біз аутизмі бар адам­дардың әлемді қалай көре­­тінін түсініп және қоғамға осы бір жұмбақ әлемді балалар шы­ғар­машылығы арқылы көрсеткіміз келеді», – дейді «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағамбетов. Көрме «Балалар әлемді бей­не­лейді» қоғамдық қорының қатысуымен ұйымдастырыл­ды, қордың мақсаты – дарынды балаларды қолдау, жастардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектесу және ықпал ету, жас қазақстандықтардың ш­ы­ғар­­машылық және иннова­ция­лық қызметін қолдау, өнердегі жетістіктерді, материалдық емес және материалдық мәдени мұра­ны танымал ету және т.б. Көрменің қорытындысы бойын­­­ша жас таланттардың ең үз­дік еңбектері таңдалып, әрбір кон­­курсант қатысу сертификатына ие болды, ал Гран-при сый­лығының иегері мен 1, 2, 3 орынды иеленген финалистерді жобаның ұйымдастырушылары естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапаттады. Алматы