Ұлты басқа азамат қазақ тілінде альманах шығаруда
Өмірде тіршіліктің күйбеңіне алаңдамайтын, өзінің бағыт-бағдарынан қанша қиындық болса да айнымайтын адамдар болады. Соның бірі әріптесіміз Вячеслав Юрьевич Франк. Ол біраз жылдардан бері «Зерек Ботақан» атты балаларға арналған альманах шығарып келеді.
Шығарып келеді деген айтуға ғана оңай, журналдың әр саны бүгінгідей қаржы тапшылығында баспа бетін қиындықпен көруде.
Вячеслав Франк Шымкентте қалалық балалар бақшасының меңгерушілерімен кездесті. Бұрын да қазақ балабақшасы көрнекі құрал дегенге өте жұтаң еді. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толса да осы олқылықтың орнын әлі толтыра алмай келеміз-ау.
– Мен жасымнан өлең оқу, ән айтуға әуес болып өстім, – дейді Вячеслав. –Балабақшада жалындап тұрған балақайлардың бірі болатынмын. Кейінірек журналист болып жұмыс істеп жүргенімде қазақ балабақшаларының ән мен биге жетімсіздігін байқап, бала кездегі арманымды іске асырудың мүмкіндігі туғанын сезіндім. Мен де Қазақстанның азаматымын. Қазақ мектебі, қазақ балабақшасына тек қазақ ақыны, қазақ жазушысы, қазақ өнертанушысы ғана шығарма жазсын деген заң жоқ. Өзімнің Отаныма кішкене де болса үлес қосу үшін осы істі қолға алуға бел байладым. Әрине, жалғыз ағаш орман емес. Менің идеямды қасымдағы өзім сияқты тілеулес жандар қолдап кетті. Қаншама қиындықтар туса да мақсатымнан айнымай, «Зерек Ботақанды» шығарып келемін. Жаныма жағатын іс бойыма қуат береді. Шымкентке осы келісімде Қазақстанның көптеген облыстарында болып, балабақша меңгерушілерімен кездесу өткіздім.
«Зерек Ботақан» альманағы балалар үшін өте керек дүние. Тек, бүгінгідей қаржы тапшылығында, демеушілер азайып тұрған кезеңде жарық көруі тым қиынға түсіп отыр. Облыс аралап, ұстаздармен кездесу өткізіп жүруімнің мәнісі – таралым жинау. Сонымен қатар, белсенді авторларды журналға тартып, жақсы тәжірибелерді жарыққа шығару ниетіндемін. Вячеслав Франктің ойы осы. Бүгінге дейін 25 саны жарық көрген альманахты парақтадық. Мұнда балаларға арналған әндер, ән және ойын, аудиотаспадан әуен тыңдау, балаларға арналған поэзия, өлеңдер мен жұмбақтар жинағы, әуенді қойылым, мерекелік сценарийлер, мәнерлеп оқу сияқты бөлімдер бар. Яғни, мектеп жасына дейінгі балаларға керектің бәрі осы журналда кездеседі. Әрине, керемет десек, біз қателесеміз. Вячеслав Франктің балабақшадағы олқылықтың орнын толтыруға ұмтылғаны сүйініш болғанымен, ол – орыс тілді азамат. Қаншама педагог, осы істің басында жүрген азаматтарды тарттым дегенімен, «шөп те өлең, шөңге де өлең» балалар альманағында өріп жүр. Бізді «балаларға шығарма жазғыштардың» өлермендігі таңғалдырады. Балабақша жасындағы балалардың өз сөздік қоры болады. Бұған тілі орыс тілімен шыққан, әр сөзді ежіктеп әрең сөйлейтін балақайларды қосыңыз.
Осы жағын Вячеславқа ескерткенбіз. Балабақшадағы балаларға арнап жазатын керемет талантты ақын, жазушыларымыз бар. Қаламақысы келіссе, өлеңдер мен жұмбақтарды, ертегілерді, шағын әңгімелерді олар да келістіріп жазып береді. Әрине, журналдың әзірге ондай мүмкіндігі жоқ, әрі бас редактордың қазақ тілін білмейтіндігі жақсы істі тұсаулай беретін сияқты.
Сөз жоқ, көркемдік жағынан ақсап жатса да «Зерек Ботақан» балабақша бүлдіршіндеріне керек дүние. Біздің сын ортақ істің қиюын қашыру емес, жақсы бола берсін деген шынайы тілектен шыққан ой ғой.
Көкшетаудағы «Өлең» әуенді-баспа орталығынан шығатын альманах балабақшаға өте керек. Жақсы бастаманы орта жолда қалдырмай, қолдап, қуаттап кетсек, жаздырып алсақ, кемшілік деген жүре түзеледі.
Ұлты басқа болса да тілегі бір, өз мақсатынан айнымайтын, тапқан-таянғанын қазақ балабақшасының журналына құйып жатқан Вячеслав Франктің мұнысы елжандылық.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10