11 Маусым, 2016

Долларлық депозиттер сыртқа ағылмасын десек

364 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Долларлық депозиттер2016 жылдың алғашқы төрт айының ішінде-ақ ел тұрғын­дарының банктерге шетелдік валютамен салған депозиттері 80 пайыздан 71 пайызға дейін азайып қалған. Бұл – еліміздегі дол­лар­сыздандыру саясатының өсіп келе жатқандығының көрінісі. Алайда, депозиттерде, сондай-ақ, банк­терде доллардың жаппай азаюы жақсылық емес. Өйткені, сапалы дүниенің бәрі сырттан доллармен немесе еуромен ғана келеді. Біз халықтың ақшаларын депозиттерге салу үдерісіне біршама сарап жасаған едік. Сонда 2000 жыл­­дан бастап 2016 жылға дейін депо­зит­тердің үнемі өсіп отырған­дығына көз жеткіздік. Нақтылап айтатын болсақ, ол, 2000 жылы 57 млрд. теңгеден 2016 жылы 7 трлн. 187 млрд. теңгеге дейін өскен. Соның арқасында біздің банк жүйеміздің әлеуеті артып, қарымы күшейді. Бұл ақша-қара­жат жүйесінің тұрақталуына үлкен көмегін тигізді. Енді, 2016 жылдан бастап депо­зит­тердің азаю үрдісі орын ала бастағаны алаңдатады. Үстіміз­дегі жылдың мамыр айына дейін банктер теңгеге шаққанда 434 млрд. ресурсын жоғалтқан. Сөй­тіп, банк жүйесі әр айға шақ­қанда 100 млрд. теңгесін жоғал­тып отырған. Бұл, негізінен, доллар­дың депозиттен алынуының сал­дары­нан орын алып отыр. Жыл басы­нан бері шетелдік валютамен салынған депозиттер теңгеге шақ­қанда 888 миллиардқа азайып кет­кен, ал теңгемен салынған депо­зит­тер небәрі 429 млрд.-қа өскен. Көріп отырғанымыздай, кіріс шы­ғыстың жартысын ғана жауып отыр. Осылай жалғаса беретін болса, жылдың аяғына дейін 1 триллионнан артық ақша­ны жо­ғалтамыз. Яғни, мұны өте алаң­датарлық жағдай деуіміз керек. Енді мұндай жағдай ненің кесі­рінен болып отыр деген мәсе­леге келейік. Бүгінгі күні Ұлт­тық банк долларсыздандыру сая­­сатын жүргізу шеңберінде шет­ел­дік валютаның жылдық депо­зиттік өсімінің максимум шегін 2 пайызға шегендеп тастады. Ал теңгенің жылдық өсімі одан 7,5 есе артық. Бұл халықтың ақшасын теңгемен жинақтауға ынталандыру үшін жасалып отыр. Онысы дұрыс-ақ шығар, бірақ доллардың өсімін соншалық азайтқаны оның депозитінің сыртқа ағылуына соға­тыны ескерілмеген. Долларға еш­қан­дай шекара жоқ, біздің адам­дары­­м­ыз да, ХХІ ғасырдың ұрпақ­та­­ры болғандықтан, оны жақсы бі­ле­ді. Сондықтан, долларын өсімі жо­ға­ры шетелдік банктердің фи­лиал­дарына аудара салып, оның қыз­­меті­мен шетелдік банкирлердің жа­рылқануына жағдай туғызып отыр. Мәжілістегі халықшыл ком­му­нис­­тер фракциясы осы­ған қатты алаңдаушылық біл­ді­ріп, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевке депу­таттық сауал жолдап, осы мәселеге көңіл бөлуін өтіндік. Капи­талдың символы болып табылатын долларға комму­нис­тердің жаны неге ашып отыр деп ой­ламаңыздар, бұл елдің мүд­десі үшін жасалып отырған жанашы­р­лық деп ескертуді де ұмытпадық. Қай күнде болса да не нәрсенің шектен шығуы жаман, Құранда да солай дейді ғой. Долларды да шектен артық қысуға болмайды, өйткені, оның зияны халыққа тиеді. Осы мәселелерді ескеріп, Ұлттық банк ұлағатты шешім қабылдар деген үміттеміз. Айқын ҚОҢЫРОВ, Мәжіліс депутаты