16 Маусым, 2016

Ядролық ғылымның жаңа белесі

428 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Біріккен ядролық зерттеулер институты»Қазақстанда «Біріккен ядролық зерттеулер институты» БЯЗИ халықаралық үкіметаралық ұйымының күндері  басталғаны мәлім. Осыған орай кеше  елордада БЯЗИ-дың 60 жылдығына және еліміздің Орталық Азиядағы алғашқы ДЦ-60 ауыр иондар үдеткішін пайдаланып келе жатқанына 10 жыл толуына арналған   баспасөз мәслихаты өтті.  Елімізде ядролық ғылымды дамытудың жаңа перспективалық бағыттарын қамтыған жиынның алғы сөзін Энергетика вице-ми­нистрі Бақытжан Жақсалиев ал­ды. Оның айтуына қарағанда Бірік­кен ядролық зерттеулер институты ядролық ғылымда әлемде мойын­далған және ең беделді халық­аралық о­рталық болып табылады. Қазақстандық ғалымдар БЯЗИ жұмыстарына оның негізі қаланғалы бері қатысып келеді. 1956 жылдары КСРО құрамынан қатысса, 1992 жылдары тәуелсіз Қазақстанның өкілдері ретінде қатысуда. Ең заманауи эксперименттік база­сы және жоғары білікті кадр­лары бар БЯЗИ 60 жыл бойы Қазақстанның физика ғылымының дамуына үлес қосуда. Мұның тама­ша мысалы ретінде БЯЗИ Ядро­лық физика институтымен бір­лесіп Астанада заманауи ғылы­ми-зерттеу кешенін құрғанын айтуға болады. Ал оның негізі Орталық Азиядағы бірінші заманауи ДЦ-60 ауыр иондар үдеткіші болып табылады. Бұл ретте еліміздің Бірік­кен ядро­лық зерттеулер институ­ты­­­ның теңдей мүшесі екендігін, ондағы бес мың қызметкердің ішінде қазақ­стан­дықтардың саны екінші орын­да екендігін атап айтқан Ядро­лық физика институтының директоры Саябек Сахиев атал­ған институттың еңбегі орасан екендігін жеткізді. Сондай-ақ, ілгері зерттеулерде көп жа­ңа­­лықтары бар орталықтың аш­­қан бес ауыр элементінің төр­теуі қазақстандық ғалым­дар­дың қа­ты­суымен жасал­ған­ды­ғын көлде­нең тартты. «Ядролық физика инс­ти­туты­ның Астана филиалында ДЦ-60 деген үдеткіш жұмыс іс­тей­ді. Бұл Орталық Азиядағы ең ауыр иондар үдеткіші. Оның қыз­меті Елбасының жақында ғана жұрт­шы­лыққа жол тартқан «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне сәйкес келеді», – деді ол. Осы орайда ядро­лық техниканы тек бейбіт мақ­сатта пайдаланудың нақты мысалы аталған үдеткіш болып отыр­ғандығын  атап көрсете келе, бүгін­гі конференцияның мақсаты да Қазақ­станның барлық зерттеулері бейбіт мақсатқа бағытталғанын әлемге паш ету екендігін еске салды. Сонымен қатар, ғалымдар қазақ­стандық мамандардың NICA жобасы бойынша ғылыми-зерттеулерге қатысуын жаңа білім беру технологияларын қолдана отырып, БЯЗИ-мен бірлесіп аспирантурада және PhD докторантурасында ғылым кан­дидаттары мен докторларын дайын­дау мәселесін талқылауды жос­парлап отыр. Қазақстан­дық ас­пи­­ранттар мен докторлар БЯЗИ халық­­аралық орталығында зерт­теу жұ­мыстарын өткізумен қатар, бір­лесіп алынған ғылыми нәтиже­лер­дің зияткерлiк меншiк құқығына ие болады. Ал ДЦ-60 үдеткішінің 10 жыл­дық жұмысы ядролық энергия­ны бейбіт мақсатта пайдалану сала­­сын­дағы ғылыми зерттеулерді және тех­нологиялық әзірлемелерді, сон­дай-ақ елімізде құрылып жатқан атом саласы үшін жоғары білікті кадр­ларды даярлауды жаңа сапалық дең­гейге көтеруге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, еліміз үшін ион-іздік жар­ғақ­тарды өндіру технологиясы және оларды биологияда, медицинада және өнеркәсіпте қолдану сынды жаңа бағыттарға жол ашты.