17 Маусым, 2016

Колледж түлектеріне жаңа мүмкіндіктер туады

424 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Білім және ғылым министрі Қазақстанда кешенді тесті­леу­ді (КТ) 2017 жылдың қаңтарында қайта тапсыруға бо­латын­дығын жариялайды. Сонымен бірге, колледж түлек­тері шартты түрде жоғары оқу орнына қабылдануына құқылы. Енді талапкер ешбір кедер­гісіз ЖОО-ға түсіп, шартты түрде оқи бастайды, осылайша кешенді тес­тілеуді табысты тапсыруды арт­тырады және бір жыл уа­қы­тын босқа жібермейді. Осы жаңалықтарға байланысты UIB университеті емтиханды сәтсіз тапсырған колледж түлектерін дұрыс шешім қабылдауға шақы­рады. 2016 жылдың 1 тамызынан бастап UIB университетінің бакалавриат бағдарламасына түсіп, ЖОО-да оқып жүріп 2017 жылдың қаңтарында ТКТ-ны қайта тапсыруды көздейтін ке­шен­­ді дайындықтан өтуге бола­ды. Халықаралық бизнес уни­вер­­ситеті (UIB) ҚР ЖОО-лар­дың ішінде бірінші болып кешенді тес­ті­леуге жедел­детілген дайындық прак­ти­касын қолға алды. Мы­салы, 2013 жылы Foundation бағ­дар­­ламасы іске қосылды, оған ҰБТ мен ТКТ тапсыруға жү­йелі жаңашыл дайындық жүр­гізу­ге маманданған Алматы қаласы­ның үздік оқытушылары тартылды. Қазіргі уақытта UIB универ­си­теті­нің шартты қабылданған сту­дент­тердің ТКТ-ны қайта тапсыруы­на дайындау үшін барлық қажет­ті қорлары бар. Біріншіден, біз икем­ді жұмыс кестесін құрып, педаго­гика­лық жүктемені үлес­тіруде акаде­мия­­лық тәжірибе жинақтадық. Екін­­шіден, дайындық дең­гей­лері бо­йын­ша жеке оқу бағ­дар­ламасын құру­да әдісна­ма­лық тәжірибеміз бар. Үшін­шіден, тестке дайын­дықта инно­ва­циялық техноло­гия­ларды пайда­ла­­на­мыз, мұның өзі студенттерге сы­на­ма тестілеу нәтижелері бойын­ша дамуы­ның жеке траектория­сын бақы­лауға мүм­кіндік береді. Бағ­дар­лама тыңдаушылары ор­тақ электронды оқу порталы­на ен­гізіл­ген, мұнда әркімнің өз жеке кабинеті бар. Осы портал тың­даушылардың жеке оқу бағ­дар­ламасына түзету ен­гізуге көмек­тесетін талдамалық және ста­тис­тикалық деректерді қа­лып­та­стырады. Бүгінде Foundation бағ­­дар­ламасы бойынша 1 500-ден ас­там студент дайындалды, жыл сайын олар­­­дың 92%-ы ке­шенді тестілеуді та­­­бы­с­­­ты тапсырады. Оған қоса бағ­дар­­­­ла­­маны бітіру­шілердің көбі Білім және ғылым министрлігінің мемле­кет­­­т­ік білім гранттарының иегерлері болады. Колледж түлектерінің ТКТ тапсыру мәселесі бұрыннан бар. Статис­тикалық деректерге сай, 2015 жылы ТКТ-ге 81295 талапкер қатыс­қан, оның 46 164-і өту балын жинай алмады. Аталған деректер ойландырмай қоймайды, бұл колледж бітіретіндердің 30%-ы ғана екенін түсінгеніміз жөн. Міне, осылай, 200 000-нан астам жас «құлап қалудан» қор­қып, кешенді тестілеуге бармай жоғары білімнен үмітін үзеді. Кол­ледждерде оқы­ту жүйесі тест тап­сы­ратын пән­дерден гөрі мамандық бо­йын­ша пәндерді үйретуге бағдар­лан­ған. Нәтижесінде, кешенді тесті­леуді тапсырғандардың 30%-ы ғана ЖОО-ға өту балын жинайтыны түсінікті. ТКТ өз мамандығы бойынша нақты практикалық дағдыларға ие колледж түлектері үшін кедергі болмауы тиіс. Олар мамандығын тереңірек меңгеріп, теория­лық және прак­тикалық тәжіри­бе жинағысы келе­ді, бірақ жоғарыда айтылған себеп­терге бай­ланысты кешенді тестілеуді тапсыра алмайды. Тағы бір үлкен мәселе: отан­дық мектептер мен колледж тү­лек­тері­нің Ресейге, Қытайға, басқа елдерге «академиялық көшіп қонуы». Мысалы, 2015 жылы Ресейде 39 000 қазақ­стандық оқы­ды. Жыл сайын шамамен 20 000 талапкер кешен­ді тесті­леуді тапсыра алмай, ақы­лы негіз­де шетел ЖОО-ларына неме­се «тран­зит ЖОО-ға» шарасыз оқу­ға түсе­ді. Көбі бірінші семестр­ден соң қазақ­стандық универ­ситеттерге ауы­сады, бірақ осы меке­мелердің іс әрекетінің заңдылығы үлкен күмән туғызады. Осы проблемаларды жалпылай оты­рып, министрдің кешенді тесті­леу­ді қайта тапсыру туралы және ЖОО-ға шартты қабылдау туралы шешімі білім саласындағы көп мәселелер­ді шешіп, қазақстандық ЖОО-лардың бәсекеге қабі­лет­ті­лі­гін арттырады деп нық сенім­мен айтуға болады. Білім және ғылым министрі атап өткен­­­дей, түбегейлі өзгерістер, әсіресе, осындай маңызды салада қиындықсыз өтпейді. Алайда, әлемнің неғұрлым дамыған 30 елі қатарына кіруге үміт артсақ, халықаралық іс-тәжірибені пайдаланып, уақыт талаптарын ескерген жөн. Бақтияр САБДЕНАЛИЕВ, UIB университеті Foundation бағдарламасының директоры