Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ұлан-Батыр қаласында өткен Еуропа және Азия елдерінің ХI саммитінің пленарлық сессиясында сөз сөйледі.
Өз сөзінде К.Мәсімов Қазақстанның жеткен жетістігі халықаралық ынтымақтастық идеясын белсенді түрде дамытып отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында ғана мүмкін болып отырғанын атап көрсетті.
«Мемлекеттердің жетістіктері кейде бір адамның ерік-жігері мен көрегендігіне байланысты болады. Қазақстан Республикасының бағына барлық шетелдік әріптес елдерді интернационалдануға және өзара экономикалық ынтымақтастыққа үндеп жүрген Нұрсұлтан Назарбаевтай көшбасшы бұйырды. Елбасының күш салуының арқасында Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) және Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) негізін қалаушылардың бірі болды. Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына, сондай-ақ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске бастамашы болды», деді К.Мәсімов.
Премьер-Министр әлемдік ІЖӨ-нің 50%-ы және жер шары халқының 60%-ы Еуразия құрылығындағы елдерге тиесілі екенін айтты. Сондықтан, ашық та біріккен Еуразияның қалыптасуы үшін үкіметтердің парызы мен міндеті ынтымақтастық болып табылады.
Бұл орайда «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру жалғасуда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы Азия мен Еуропаның автокөліктік инфрақұрылымын жалғастыруға арналса, Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолы біздің елімізді Парсы шығанағымен байланыстырды, Қазақстаннан қытайлық Ляньюньган теңіз портына дейін жол тартылды. Бұл күрежолдар АСЕМ елдері арасындағы байланыстарды нығайтуы тиіс», деді К.Мәсімов.

Сондай-ақ, Қазақстан өзге де мемлекеттермен экономикалық қатынастарды дамыту және өсімге қолдау көрсету үшін институттарды жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаларды жүргізіп отыр.
Соңғы жиырма жылдықта Азия жаһандық экономикалық өсімнің негізіне айналды. Сонымен бірге, Еуропа саясат, экономика және қауіпсіздік салаларында ғаламдық ойыншы рөлін сақтап қалады, сондай-ақ, адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға және тұрақты дамуға бағытталған жаңа технологиялар мен инновациялардың қайнар көзі. Азия мен Еуропа елдері бірігіп адамзаттың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға шешуші үлес қоса алады.
Осы мақсаттарға жетудің жолы ретінде қазақстандық тарап ынтымақтастықты екі бағыт бойынша: Азия және Еуропа елдері арасында ғылыми зерттеу саласындағы интеграцияны нығайту, сондай-ақ, мемлекеттер арасында ашықтық пен өзара іс-қимыл орнауға негіз болатын тиімді институттар құру бойынша дамытуды ұсынады, деп атап өтті Қазақстан Үкіметінің басшысы.
Ұлан-Батырда өтіп жатқан XI АСЕМ саммиті аясында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, Чех Республикасының Президенті Милош Земанмен әңгімелесу барысында Кәрім Мәсімов машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларында Қазақстан-Чехия ынтымақтастығын дамытудағы әлеуетті атап өтіп, Қазақстан Чехияны маңызды экономикалық серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтты.
Саммит алаңдарында К. Мәсімов Моңғолия Премьер-министрі Жаргалтулга Эрдэнэбатпен кездесіп, АСЕМ саммитінің сәтті өтуімен құттықтады.
Премьер-Министрдің пікірінше, Ұлан-Батырда аса жоғары деңгейде форум өткізу елдің алдағы дамуына септігін тигізеді.
Тараптар екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және екі елдің бизнес қауымдастықтарының қарым-қатынастарын нығайту мәселелерін талқылады.
К.Мәсімов елдер арасындағы сауда айналымын арттыруға зор әлеуеттің бар екенін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және сауда-экономикалық қатынастарды жандандыруға ықылас білдірді.
Оның пікірінше, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй құрылысы, алтын және уран өндіру және өңдеу өзара тиімді серіктестікті жолға қою үшін аса перспективалы салалар болып табылады.
Финляндия Премьер-министрі Юхой Сипилямен әңгімелесу барысында К.Мәсімов жан-жақты экономикалық ынтымақтастыққа мүдделілік білдіріп, финляндиялық әріптестерді Қазақстан аумағындағы бірлескен жобаларға қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, К.Мәсімовтің Нидерланд Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесуі өтті. Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қарап, сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделіліктерін растады.
Қазақстан Премьер-Министрі мен Румыния Премьер-министрі Дачиан Чолоштың кездесуінде өзара сауда мен инвестицияларды арттыру және кеңейту мүмкіндіктері, сондай-ақ, БҰҰ, ЕҚЫҰ мен басқа халықаралық ұйымдар аясында бірлескен күш-жігерді үйлестіру жайы талқыланды.
Осы күні Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржбен кездесті.
К.Мәсімов моңғол көшбасшысын ұлттық мейрамы Наадаммен құттықтап, бауырлас елге бейбітшілік, амандық және гүлдену тіледі.
Әңгімелесу барысында тараптар сауда және инвестициялар саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтудің ағымдағы жағдайын және перспективаларын талқылады.
«Егемен-ақпарат»