ХХІ ғасыр – виртуалды әлемнің ғасыры. Яғни, компьютерлік техниканың, ғаламтордың, түрлі желілік құрылғылардың дамыған кезі. Дүниенің жаһандануы, ақпараттың шексіз таралуы жасөспірімдерге кері әсерін беруде. Қазіргі қоғамда, әсіресе, жастар арасында өршіп тұрған дерттің бірі әлеуметтік желі екені белгілі. «Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені» деп келген қазақтың қазір де экранға телмірумен өмірін өткізіп жатқаны жасырын емес.
Ғаламторда отыратын өскелең ұрпақтың санасы өте жылдам өзгеруде. Әрине, виртауалды әлемде «табысты» болуға мүмкіндік барда шынайы өмірде күн кешіп қиналудың қажеті не?! Достармен, туыстармен жиі хат алмасу, ұлдардың шынайы өмірде жақындауға, әңгімелесуге батылы жетпейтін көптеген қыздармен танысуы, мұның бәрі жастар үшін өте қызық. Жастарға виртуалды өмір қатты ұнайды, себебі шынайы өмірде барлығы басқаша, әлдеқайда қиындау. Бұл тым асқынып кетпегенде, жастарды уламағанда онша зияны болмас еді. Бірақ бүгінде жас ұрпақ шынайы өмірге бейімделмеген, қалыпты өмірде адамдармен қарым-қатынас, сұхбат құра алмайды, виртуалды қарым-қатынастан сәл алшақтай кетсе, өздеріне бірдеңе жетіспей тұрғандай сезінеді. Жастарды компьютерсіз, телефонсыз, планшетсіз, теледидарсыз қалдырып көріңіз. Бірден түрлі қиындықтар туындай бастайды. Себебі, жастар виртуалды әлемнен тыс жерде немен айналысу керектігін білмейді. Біз қазақстандық және ресейлік телеарналардан кейбір жастардың елдің болашағы үшін алаңдап, шыр-пыр болған жанайқайын көріп жүрміз. Бірақ! Тоң жібір емес... Қазіргі ата-аналарға балаларының өздеріне кедергі жасамай, өз планшетімен өз әлемінде отырғаны дұрыс. Ата-аналар бала отыратын виртуалды әлем өздері ойлағаннан да қауіпті әсер ететіндігін түсінбейді.
Ғаламторға қосылған ұялы телефон, планшеттегі желі байланыстарының әсері өте үлкен. Балалар туғанынан бастап дамыту, сергу ойыншықтарына емес, ата-анасының ұялы телефонына, планшетіне, айпадына ұмтылуда. Басында бұл балаға тек қана жарық беретін, жылжитын, сурет көрсететін, сурет салатын зат сияқты болып көрінеді, кейіннен қызыға келе сол ұялы телефонға немесе планшетке жіпсіз байланады. Бұл жасөспірімнің дүниетанымының дамуына, өмірге деген көзқарасына, қоршаған ортамен байланысына, айналадағы құбылыстарды сезінуіне кедергі жасайды. Көзінің көруі нашарлайды, денсаулығына зиян келтіреді. Баланың асқа тәбеті бұзылып, белгілі бір режімдерден ауытқиды. Жасөспірім кезіндегі зиянын айтып жеткізу мүмкін емес. Бала өздігінен талпыну мен ізденуден қалып, тек дайынға, әріп терсе дегені алдынан шығатын әзір дүниеге әбден бейімделеді. Мектепте берілген үй тапсырмасын өзі ізденіп, ойлап құрастырып, орындамаған баланың таным процестері, яғни ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттеріне дейін сол бір экранға тәуелді болуы – үлкен мәселеге айналды.
Сондықтан затты орнымен, уақытымен, белгілі бір шектеумен қолдануын қадағалауға бала тәрбиелеп отырған әр ата-ана үлкен мән бергені дұрыс.
Тағы бір өзекті мәселе – жастарымыздың осы ғаламтор желісі арқылы танысып, шаңырақ көтеріп жатқандығы. Біз мұндай құбылысты құптамаймыз. Ғаламтормен танысып, шаңырақ көтерген дұрыс емес деген пікірімді де білдіргім келеді. Өйткені, мұндай махаббат ұзаққа созыла қоймайды. Адамдар ғаламтор желісімен сөйлескенде шынайы кейпін көрсетпейді, шынайы сөйлеспейді. Өз ойынан бір образды ойлап алып, сол образға еніп алып, хат алмасады. Ұл-қыздарымыз бетпе-бет кездескен кезде өмірде басқаша адам екен деп, араласпай кететіндігі де содан шығар.
Әрине, біз интернеттен тысқары қала алмаймыз ол өмірдің бір бөлшегіне айналып кетті. Бірақ әлеуметтік желі біздің бүкіл әлемімізді жаулап алуына жол бермеуіміз қажет. Қандай нәрсенің болсын өз шегі, өз мөлшері болады, соны дұрыс пайдалана білген жөн. Жас ұрпақ бар уақыттарын монитордың алдында өткізбей, аулаға шығудың, адамдармен ой бөлісудің де өмірде үлкен маңызға ие екендігін түсінсе игі.
Исабек СЕЙДУЛЛА,
Жетісай қаласының Б.Момышұлы атындағы
мектеп-гимназиясының мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады
Референдум • Бүгін, 21:51
Қызылорда облысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті
Ата заң • Бүгін, 21:46
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады
Олимпиада • Бүгін, 21:15
Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
Қоғам • Бүгін, 20:42
Шымкент қаласының тұрғындары Әділетті Қазақстан бағытына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 20:34
Қоғам • Бүгін, 20:27
Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?
Қоғам • Бүгін, 19:46
Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Бүгін, 18:49
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Бүгін, 18:22
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
Ата заң • Бүгін, 18:12
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:08
Елімізге Азиядан келетін инвестиция көлемі 68 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 17:58
Өңірлерде инфляция баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар қымбаттай түсті
Экономика • Бүгін, 17:42