Иран Ислам Республикасынан келген бір топ делегация оңтүстікке ат басын бұрмас бұрын аймақтың ахуалын зерттеп, есеп-қисап жүргізгені анық. Өйткені, табыс табуға бағытталған капиталды құятын әрбір инвестордың бірінші кезекте өңірдің іскерлік және инвестициялық ахуалы мен жасалатын жеңілдіктерге мән беретіні мәлім. Бұл орайда, Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан түрлі тиімді жеңілдіктер қарастырылып, инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалуда. Әкімшілік кедергілер де мейлінше азайтылып отыр.
Сонымен қатар, Елбасы Н.Назарбаевтың ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейту жөніндегі тапсырмасы инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыра түсуге міндеттейді. «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс», деді Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында. Өңірдің инвестициялық ахуалы, экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдері көңілінен шыққан Иран Ислам Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Мирлоги Сейедалиакбар Агареза облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде екі ел үшін де тиімді болатын жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар бірлескен кәсіпорындар құру, технологияларды жетілдіру, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту жайын сөз етті. Бірлескен кәсіпорынның алғашқысы ашылып та үлгерді.
Иранда жылдық етке қажеттілік 2 млн 400 тоннаны құрайды екен. Бұл орайда оңтүстіктен күніне 60 тоннадан астам экологиялық таза ет экспортталмақ. Оны күні кеше Сайрам ауданында ирандық инвесторлардың қатысуымен ашылған ірі көлемде ет және ет өнімдерін дайындайтын жаңа комбинат жүзеге асыратын болады. Мұнда тәулігіне 3000 ұсақ мал мен 200 ірі қара сойылып, әзірленеді. «Қайып ата» ЖШС-нің еншілес қожалығы болып табылатын «ЮКО-ЭКО-FOOD» ет комбинаты бұл жобаны Иран мемлекетімен бірлесе бастап отыр. Жаңа ет комбинатының ашылу салтанатына облыс әкімі мен Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі бастап келген делегация қатысты. Көлемі 15 гектар болатын ет комбинатының 2000 шаршы метрден астам аумағы өндірістік құрылымға негізделген. Германиялық технологиямен жабдықталған кәсіпорын толық қуаттылығына шаққанда 5 мың ұсақ мал еті өндіріліп, жергілікті 350 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек. Жобаның инвестициялық құнының 75 пайызын ирандық инвесторлар салған.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Оңтүстік Қазақстан облысы

Өңірлерде инфляция баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар қымбаттай түсті
Экономика • Бүгін, 17:42
Онлайн-курстар сататын блогерлерге сертификаттау талабы қойылуы мүмкін
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:21
Алматыда жер сілкінісінен кейін арнайы учаскелер тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Атырауда төрт мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген
Аймақтар • Бүгін, 16:58
«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15
Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Шаруашылық • Бүгін, 16:12
Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды
Аймақтар • Бүгін, 16:02
Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 15:52
Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді
Оқиға • Бүгін, 15:40
«Жұп-тақ күндер» режимі: Кей қалаларда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:30
Оқиға • Бүгін, 15:22