Мәдениеттер жақындасуының Халықаралық онжылдығы аясында мәдени, рухани мұраларды, кітаптарды дәріптеуді басты мақсат тұтқан «Кітап – халықтар достығының ұйытқысы» атты акция барысын академиялық кітапханаға шет ел елшілері өз мемлекеттерінің мәдениеті мен руханияты турасындағы кітаптарын сыйға тартты. «Ұлттық академиялық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Үмітхан Мұңалбаева өз елдеріндегі кітапханалардан Қазақстанның мәдениеті мен руханиятынан сыр шертетін кітап бұрышын ашқан елшілерге зор алғысын білдірді. «Көп ұлтты мемлекетпіз, әрбір дамушы мемлекеттердің кітаптары біздің кітапханамыздан орын алса нұр үстіне нұр болмақ. Біздің оқырмандар шетел әдебиеті, мәдениеті туралы тереңірек білгісі келеді. Осыған байланысты көптеген елдердің кітапханаларымен байланысымыз бар», дейді Үмітхан Мұңалбаева.
Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэль мырза Гетені қазақша сөйлеткен ұлы Абайдың өзі екі елдің арасына достық көпір салып кеткен десе, Македония Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Илия Псалтиров мырза өткен жылдың қыркүйек айында Будапешттегі Абайға қойылған ескерткішті көргенін және бүгінде венгр ертегілерінің қазақ тіліне аударылып жатқанын қуанышпен жеткізді. Ал, Италия елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Маттео Петрини 2015 жылы Миланда «ЕХРО-2015» көрмесінің өткенін және ең белсенділік танытқан мемлекеттердің бірі Қазақстан екенін айтып, екі ел арасындағы рухани байланыс жылдан-жылға нығая беретініне сенім білдірді.
Рухани әлемнің қайнар көзі саналатын кітапханада өткен бұл кездесу соңында немістер қоғамының «Видергебурт», «Шпетте блюмен» ансамбльдері ұлттық нақыштағы әуендерін шырқады.
Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан»
АСТАНА

«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15
Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Шаруашылық • Бүгін, 16:12
Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды
Аймақтар • Бүгін, 16:02
Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 15:52
Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді
Оқиға • Бүгін, 15:40
«Жұп-тақ күндер» режимі: Кей қалаларда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:30
Оқиға • Бүгін, 15:22
Астанада наурыз айында ауа райы қандай болады?
Елорда • Бүгін, 15:13
Ақмола облысында фермерлер қандай шартпен жеңілдетілген несие алады?
Шаруашылық • Бүгін, 15:00
Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Банк • Бүгін, 14:48
Атырау облысында 584 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:36