Аппақ қардан жасалған мына мүсіндерді ауылдың қарапайым тұрғыны жасады дегенге сенесіз бе? Құдды, кәсіби мүсіншінің қолынан шыққандай. Бұл тамаша туындылардың авторы Нұрлан Манақов Семейден 55 шақырым жердегі, Бородулиха ауданына қарасты Камышенка деген ауылда тұрады.
Бүгінде ауыл жұртының қызыға тамашалап, суретке түсетін сүйікті орнына айналған мүсіндердің жасалу тарихы да қызық.
− Бұл мүсіндерді негізі немереме арнап жасаған едім. Екі жарым жастағы немерем: «Ата, аю жасап берші» деп қиылды бір күні. Немереден неңді аяйсың? «Ойбай-ау, сен үшін бүкіл Алматының зоопаркін көшіріп әкелуге дайынмын ғой, құлыным!» деп үйдің алдына Аяз атасын, аюын, арыстанын, маймылын, әтешін жасап бердім. Қазір ауылдың үлкен-кішісінің бәрі осында келіп фотоға түседі. Қызық нәрсе екен бұл өзі, − дейді алтын қолды азамат.
Ауылдың көркіне айналған қар мүсіндерді көргеннен кейін қызығушылар қатары артып, «бізге де жасап беріңіз» деушілер көбейіп, тапсырыс қарша борапты. Алайда, кезінде спортты, оның ішінде грек-рим күресін жанына серік етіп, бүгінде жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кейіпкеріміз бұған уақытының жоқтығын, қардан мүсін жасауға әуестік ретінде қарайтынын айтады. Тарбағатай ауданының тумасы кезінде Ақсуатта тұрған шағында ауыл балаларымен бірге мұз айдынын жасап, қырдың қара домалақтарымен бірге асыр салып, мәз-мәйрам күй кешкен сәттерін де сағынышпен еске алды.
− Сырттан көз салған адамға білінбеуі мүмкін. Бірақ ақ қар, көк мұздан келістіріп мүсін жасау дегеніңіз ғажап нәрсе. Дүниенің барлығын ұмытып, кәдімгідей терлеп-тепшіп, ебіл-дебілің шығып жұмыс істейсің. Бойың жеңілдеп, бір рахаттанып қаласың. Ақындар жалындатып жыр жазып, әншілер әуелете ән шырқап, күйшілер күмбірлете күй шертіп өзінше шер тарқатады. Демалады. Біреулер атқа мініп, тазы жүгіртіп, енді біреулер құс салып тынығады. Әркімнің өзінің әуестігі бар ғой. Бұл да сондай дүние, − дейді Нұрлан Манақов.
Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы

«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15
Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Шаруашылық • Бүгін, 16:12
Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды
Аймақтар • Бүгін, 16:02
Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 15:52
Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді
Оқиға • Бүгін, 15:40
«Жұп-тақ күндер» режимі: Кей қалаларда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:30
Оқиға • Бүгін, 15:22
Астанада наурыз айында ауа райы қандай болады?
Елорда • Бүгін, 15:13
Ақмола облысында фермерлер қандай шартпен жеңілдетілген несие алады?
Шаруашылық • Бүгін, 15:00
Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Банк • Бүгін, 14:48
Атырау облысында 584 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:36