16 Қараша, 2011

Көктемде 1821 түп, күзде 1855 түп көшет егілді

325 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жасыл дарақ – елдің, жердің көр­кі, жан сарайыңды ашатын жұпар ауа, эко­ло­гиялық қауіпсіздік. Алайда, сол ағаштарды тіккен адам­дар­дың кемеліне жеткенде көк­тей сол­дыратын жағдайы кездесіп жатады. Шымкент – Темірлан тас жолының екі жағына егілген ағаштар құс ба­зарына ай­налып, әжептеуір бой тү­зеп қалып еді. Әсі­ресе, күз айла­рын­да алуан түске бө­леніп, ертегі әле­мі­не кіргізіп жібергендей әсерге бө­лей­тін, көңі­ліңді хош қылар еді. Сол қырық шақырымға дейін со­зылып жатқан дарақтар бүгінде жоқ. “Ба­тыс Еуропа – Батыс Қытай” ха­лық­аралық автомагистралы сол тас жол үс­ті­не түсті де, алып бульдозерлер тамыры тереңге кеткен ағаштар­ды қиратты да тастады. Халық­ара­лық жол керек. Сұлу қыздай тарал­ған алуан түрлі ағаштар да керек еді. Ішің удай ашиды. Облыс әкімдігі осы олқылық­тар­дың орнын толтырып жатыр. Қабылданған “Жасыл аймақ” бағ­дар­ламасына сәйкес қала, аудан­дар­дағы елді мекендерді көгалдан­ды­руда 2011 жылдың көктем айла­рында 4304 га жерге 1821  түп ағаш көшеттері отыр­ғызылды. Ағымдағы жылдың күз айла­рын­да 4154 га жер көлеміне 1855 түп ағаш кө­шеттері егілетін болады. Күзгі іс-шарада қала, аудандар бой­ын­ша Арыста – 436,9 га, Бәйді­бекте – 469,1 га, Қазығұртта – 460,4 га, Кентауда – 216 га, Ордабасыда – 214,3 га, Оты­рар­да – 56 га, Сайрамда – 556 га, Сарыағаш­та – 390 га, Со­зақ­та – 200 га, Төлебиде – 82 га, Түлкі­бас­та – 214 га, Түркістанда – 353,3 га, Шардарада – 151,2 га, Шым­кент­­те 355 гектар жерде көгалдандыру жұ­мыстары жүргізіледі. Оның ішінде, аудан, қалалардағы көгалдандыру іс-ша­ра­сын­да білім, спорт, денсаулық сақтау жә­не мәдениет салаларын­дағы мекемелер, ел­ді мекен көше­лері, елді мекендерді қо­са­тын жолдар мен өзен-көлдердің бойла­рын­да ағаш егу жұмыстары жал­ғаса береді. Сонымен қатар, көктем айла­рын­да егі­ліп, шілде, та­­мыз ай­ларында қу­ра­ған кө­шеттердің ор­нын толық­ты­ру, егу жұмыс­тары қо­са жүргі­зіле­ді. Осындай игі жұ­­­мыстардан же­ке­мен­шік мекемелерде шет қалып жат­қан жоқ. Сары­ағаштағы “Ал­тын­­­ай” санаторийінің атқарушы дирек­то­ры Асылхан Ойсаев емдеу орнына келетін тас жол бо­йына 200 түп қы­рым үйең­кі­сін еккендіктерін хабар­ла­ды. – Қазақстанның торқалы тойына әр азамат өзіндік үлесін қосу керек дейді, – Асекең. – Ертеде бір ақыл­ман: “Маған мем­лекет не береді деп емес, мен мемлекетке не беремін деп ойлануы керек”, депті. Елба­сы­мыз Қазақстан әлемдегі үздік мем­ле­кеттердің бірі болу үшін жи­ырма жылдың еншісіне сыймайтындай жұмыстардың жүзеге асуына ықпал етті. Жеке мекемелердің көлеңкеде қа­лып кетпеуін өтінді. Біз жақын арада тағы да 800 көшет отыр­ғыз­бақ­пыз. Мың түп ағаштың тамыр байлануын қызметкер­ле­ріміз жауапкершіліктеріне алып отыр. Бір сауықтыру орталығы осынша көшет отырғызды. Егер әрбір мекеме қолына көшет ұстап, күрек алса ше... Шымкенттің түбірі жасыл қала. Теріс қадаған көшет тамыр алып кетеді. Облыс әкімдігі қаланы бойлай “Жасыл белдеу” жасауға шындап ниеттенді. Ертегідей Иран бағы сияқты... Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше