18 Наурыз, 2019

Әлеуметтік ғылымға негізделген зерттеулер қажет

686 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңге­рушісі Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің ҚХА кафедрааралық ғылыми-білім беру орталығы ғалымдарымен және Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сарапшылар тобының мүшелерімен кездесу өткізді.

Әлеуметтік ғылымға негізделген зерттеулер қажет

Іс-шараға Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, ҚХА кафедрааралық ғы­лы­ми-білім беру ор­та­лығының ға­лым­дары, ҚХА ғылыми-са­рап­шы­­лар то­бының мүшелері, Ас­сам­блея ка­фе­дра­ларының басшылары, этносаралық қа­тынастар саласындағы сарапшылар қа­тысты.

Өз сөзінде Жансейіт Түймебаев ЖОО базасында Ассамблея үшін маңызды іс-шараларды өткізгені үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығына алғысын білдірді.

ҚХА Төрағасының орынбасары күн тәртібін ескере отырып, әр­бір қазақ­стандықтың елдегі қайта құ­ру үдеріс­теріне қатыстылығын қалып­тас­тыру бо­йынша жаңа тәсілдерді әзі­рлеуге ҚХА ғылыми-сараптамалық құрамын тар­ту­дың маңызды екенін атап өтті.

Жансейіт Түймебаев ҚХА қызметін ғы­лыми-сараптамалық сүйемелдеудің негізгі міндеттері туралы айтып берді. Ең алдымен, ғылыми қауымдастық оқи­­ға­­лардың даму үрдісін болжап, шұ­ғыл жұмыс істеуге, кемшіліктерді бай­қап, ке­леңсіз жайлардың алдын алуға тиіс. Екінші бағыт – Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ғылы­ми-әдістемелік қамтамасыз ету. Ол үшін проблемалық мәселелер бойынша әлеу­меттік ғылымға негізделген зерттеулер, оның ішінде әлеуметтік өлшемдер негі­зінде жасалған зерттеулер қажет.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ҚХА кафедрааралық ғылыми-білім беру орталығының директоры, саясаттану кафедрасының меңгерушісі Г.Насимова орталықтың қызметі туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің деканы А.Масалимова және Алматы қаласы ҚХА ғылыми-сарапшылар тобы төрағасының орынбасары С.Ананьева баяндама жасады.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ