Қарағанды облыстық полиция департаментіне қарасты жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерінің КВИ жұқтырғаны зертханалық негізде расталды. Осы жағдайға байланысты, тәртіп сақшысы қызмет еткен бөлімшеде коронавирус инфекциясына қарсы эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізіліп, онымен жақын қарым-қатынаста болған 15 полиция қызметкері үй карантиніне жіберілді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі күнде індет ошағы толықтай жойылған.
Қарағанды облысы