Аталған сабақтар оқу сыныптары мен полигондарда, барынша жауынгерлік жағдайға келтірілген күйде өткізіледі. Қарулы Күштердің Бірыңғай кешенді стратегиялық міндеттері шеңберінде тек қойылған мақсаттарда ғана емес, штаттан тыс ахуалдар бойынша да іс-қимылға дайын болу керек. Әсіресе бұл екі мақсатты: әскери-транспорттық авиация, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, әскери медицина компоненттеріне қатысты.
Оқу үдерісінде барлық санаттағы әскери қызметшілер заманауи бағдарламалық-оқыту кешендерін, яғни электронды тирлер мен карталарды, жауынгерлік көліктердің тренажерларын, авиация модельдерін пайдаланады.
Жеке сабақтар мен бөлімше құрамында оқу үшін тренажерлар, Т-72 танкі, БМП-2, «КамАЗ», БТР-82А және басқаларының модельдері белсенді қолданылады. Олар моторесурстарды, ЖЖМ мен оқ-дәрілерді пайдаланбай, экипаждың жинақы жүруіне мүмкіндік береді.
Т-72 танк экипажының кешенді тренажері – танк экипаждарын оқыту мен жаттықтыруға арналған. Нысаналарды барлау ептілігін, барлық оқ-дәрі түрінен, снарядты басқаруды қоса айтқанда, түрлі режимде, түрлі тәулікте жағдайында қару-жарақ кешені арқылы атысты жүргізуді қалыптастырады.
БТР-82А тренажерларында жаяу әскерлердің жауынгерлік көлік экипаждарын оқытады. Кез-келген ауа райында, түрлі тәулікте, көздеу құрылғысы мен бақылау құралын пайдалану арқылы барлық қару түрінен тиімді атыс жүргізуді оқытады.
Командирлер атыстарын және бөлімшелердің артиллериядан атысын басқаруды оқытуға арналған тренжерлар – электронды және кіші артиллерия тирі.
Бұл әскери қызметшілерді даярлауға арналған жақсы балама. «Профессионал» атыс тирінде атыс үшін кәдімгі қағаз және пластикалық нысаналар қолданылады. Бір уақытта 8 бағытта атып, түрлі жаттығуларды орындайды. Әр атыстың нәтижесі нақты уақытқа жасалады. Жаттығу аяқталған соң бірден, әр атқан оғыңды егжей-тегжейлі бөлшектеуге болады. Электронды тирдегі сымсыз қарудың салмағы мен өлшемі түпнұсқаларға сәйкес келеді. Оның ыңғайлылығы сол, онда ату қозғалысы шектеулі емес.
Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдері мен әскери оқу орындарында оқу-жаттығу ұшулары үшін жауынгерлік жойғыш ұшақтарда ұшудың толық көрінісін көрсететін Су-30 СМ кешенді тренажерлері, Ми 8-тікұшақтармен және L-39с оқу-жауынгерлік ұшағымен авиасимуляторлары қолданылады.
Әуе қорғанысы күштері әскери институтының оқытушылары L-39С авиасимуляторын әзірлеп, оны оқытуға ендірді. Оның бірқатар ерекшеліктері бар. Ұшақтың құрылымы, қозғалтқышы мен қару-жарақ толығымен модельденген. Ұшу динамикасының кәсіби моделі де жасалды. Екі интерактивті кабинада барлық нақты процедуралар жұмыс істейді. Курсанттың іс-қимылын бағалау үшін параметрлермен ұшуды қайта қарау мүмкіндігі көзделген. Экранда ұшақтың кез-келген функционалды жүйесінің жұмысын көрсетуге болады.
Тренажерлардағы жаттығулардан кейін әскери қызметшілер шынайы жағдайларда қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеруге кіріседі.