Мәдениет • 29 Қаңтар, 2025

Байырғы мәдениет министрінің ғасырдан сыр тартқан кітабы жарыққа шықты

138 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақ телевизиясының алғашқы бас режиссері, байырғы мәдениет министрі Ләйлә Ғалымжанованың ғасырлық мерейтойына орай жарыққа шыққан «Төрт дәптер» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байырғы мәдениет министрінің ғасырдан сыр тартқан кітабы жарыққа шықты

Аталған кітап Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (ВГИК) тұңғыш түлектерінің бірі Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, актриса, кинодраматург, отандық кино мен телевизияның көрнекті өкілі Ләйлә Ғалиқызының (1924-2017) өткен өмірін әспеттейді.

Кітапқа Қазақстан мен Совет Одағы кезіндегі ұлттың күрделі де  қайғылы тарихын безбендейтін актрисаның естеліктері мен сұхбаттары енген.

пп

Тұсаукесерге Алматы қаласының зиялы қауым өкілдері, кейіпкердің көзін көргендер, отбасы мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

«Қолдарыңызға тиіп отырған  Ләйлә Ғалымжанованың 1947 жылға дейінгі өмірін қамтитын кітап өзгелер үшін де қызықты. Менімен сөйлескенде ол әрқашан жазушы, сценарист, драматург болғысы келетінін мойындайтын. Бірақ тағдыры басқа болды. Осы күнделіктерді жариялай отырып, біз оның әдеби мансап туралы өсиетін орындағымыз келді», дейді Л.Ғалымжанованың немересі Әсел Қарауылова.

Өнер қайраткері анасы ертеректе қайтыс болып, одан кейін 1938 жылғы сталиндік қуғын-сүргін кезінде аталары қуғын-сүргінге ұшырап (кейін екеуі де қылмыс құрамының жоқтығына байланысты ақталған)  қиын балалық шағына қарамастан, мектепті жақсы бітіріп, 1942 жылы ВГИК Алматы қаласындағы эвакуацияда болған кезде соған оқуға түседі. 1947 жылы институтты сәтті бітірген (КСРО Халық әртісі аңызға айналған Борис Бабочкиннің шеберханасы) Л.Ғалымжанова Алматыға оралып, Жас көрермендер театрының актрисасы ретінде мәнсап жолын бастайды. 1948 жылы «Золотой рог» фильмінде ойнап, 1950 жылдардың соңында Қазақ телевизиясын ұйымдастырушыларының бірі болуға шақырылады. 1959 жылы Л.Ғалымжанова ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары, ал екі жылдан кейін министр болып тағайындалды. Хрущевтің тұсында, ұзақ жылдар бойы сталиндік қуғын-сүргіннен кейін ерекше ұлттық мәдениеттің жеткіншектері сынға түсе бастаған тұста  ерен қызмет атқарып, шығармашылық ұжымдарды қорғап, кәсіби өсуіне септеседі.  1970 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Іс басқармасының мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1975-77 жылдары ҚазКСР мемлекеттік комитеті төрағасының Кинематография жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 1977-81 жылдары осы комитеттің басшысы ретінде «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Артымызда – Мәскеу», «Мәншүк туралы ән», «Транссібір экспресі» фильмдері түсірілген жылдары ұлттық мәдениетті басқарады. Бүкілодақтық және шетелдік сахнада «Алма-Ата жас балеті» мен «Гүлдер», «Дос-Мұқасан» тобы ансамбльдері дүркіреп аты шықты. Осы жылдары эстрадалық-цирк өнері студиясы, Қазақ циркі, «Қазақфильм» киностудиясының кешені, бүкіл Республика бойынша ондаған жаңа кинотеатрлар салынды.

пп

Ләйлә Ғалиқызы Қазақстан КП ОК мүшелігіне кандидат (1961-71 жж.), 6-шы, 10-шы сайланған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Қазақстан Үкіметі мүшесі ретінде (1961-67 жылдары Мәдениет министрі және 1977-81 жылдары Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы) қазақ мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға.

Соңғы жаңалықтар

Жарқын достықтың жемісі

Көрме • 15 Ақпан, 2025

Қаламгердің Қарқара сапары

Руханият • 15 Ақпан, 2025

Ерекше саланың генералы

Тұлға • 15 Ақпан, 2025

Картоп неге қымбат?

Баға • 15 Ақпан, 2025

Әуе кемесіндегі ерлік

Құтқарушы • 15 Ақпан, 2025

Заманауи технология және жастар

Технология • 15 Ақпан, 2025

Адасқанның айыбы жоқ...

Мәселе • 15 Ақпан, 2025

Қызыл су ойдағы жұртты ойлантады

Төтенше жағдай • 15 Ақпан, 2025

Өңірдің дайындығы қандай?

Аймақтар • 15 Ақпан, 2025

Еңбек – табыс кепілі

Форум • 15 Ақпан, 2025

Сүйек обыры да емделеді

Медицина • 15 Ақпан, 2025