ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ XVІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЕЛ АЗАМАТТАРЫНА ҮНДЕУІ
Құрметті қандастар! Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім еліміздің басты байлығы болып табылса, ал Қазақстан халқының достығы уақыт сынынан өткен. Үстіміздегі жылы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша этносаралық қатынастың үйлесімділігі үшін құрылған тамаша қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясына он бес жыл толды. Ассамблеяның мерейтойлы жылында қоғамдық келісімді нығайтуға, біздің этносаралық және конфессияаралық төзімділік моделімізді жетілдіруге бағытталған стратегиялық құжат – Ел бірлігі доктринасы қабылдануының нышандық мәні бар. Бүгінде Қазақстанның этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесі бүкіл ЕҚЫҰ кеңістігінде қызығушылықпен зерттелуде. Этносаралық келісім моделі біздің осы беделді Ұйымдағы төрағалығымыздың таңбалы белгісіне айналды. Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мемлекет басшыларының Саммитін қабылдайтынын мақтаныш етеміз. Бұл – біздің мемлекетіміздің және оның Көшбасшысының халықаралық және діни қауіпсіздік жүйесіне, халықтар мен мәдениеттер үнқатысуына қосқан үлесін танығандықтың айғағы. Бүгінде Қазақстан алдында елді серпінді индустриялық-инновациялық дамыту бойынша үлкен міндеттер тұр. Оларды шешу экономиканың жаңа сапалық өсімі, әлеуметтік саланы дамыту, барлық Қазақстан халқының игілігі мен өркендеуі үшін негіз қалайды. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Жалпыұлттық көшбасшының және ол жүргізіп жатқан елді жедел жаңғырту саясаты төңірегіне топтасу қажет. Бізге ортақ құндылықтарымыз – бірлікті, ұлтаралық және қоғамдық келісімді сақтап, нығайту қажет. Біз адамдар арасындағы СЕНІМДІ беркітуге, Отан тағдыры үшін ортақ жауапкершілік ДӘСТҮРЛЕРІН жаңғыртуға, этносаралық және конфессияаралық салада АШЫҚТЫҚТЫ сақтауға, бейбітшілік пен келісімнің негізі ретінде ТӨЗІМДІЛІКТІ дамытуға шақырамыз. Келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтетін болады. Осы тарихи датаның маңызын сезіне отырып, біз қазақстандықтарды барлық күш-жігерін мемлекеттілікті, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту үшін жұмсауға, елді жаңғыртуға аса белсенділікпен қатысуға шақырамыз. Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы өсіп-өркендей берсін! Астана қаласы, 2010 жылдың 20 қазаны.Азия чемпионаты: Ерлер арасында ел қоржынына екінші алтын түсті
Спорт • Бүгін, 16:00
Түркістан облысының қорғаныс департаменті басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:50
Өскеменге жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:33
Азия Чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қоржынға күміс жүлде салды
Бокс • Бүгін, 15:05
Махмұд Сабырхан ерлер арасындағы алғашқы алтынды еншіледі
Бокс • Бүгін, 14:53
Оқиға • Бүгін, 14:40