22 Қазан, 2010

Жаңа елші қызметіне кірісті

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Украинаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Олег Деминді қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бұл жүздесу Украина елшісінің Қазақстандағы дипломатиялық қызметінің басталуына байланыс­ты өтті. Өз сөзін елшіні жаңа қызме­тімен құттықтаудан бастаған Мәжі­ліс Төрағасы Қазақстан мен Украи­на арасындағы ынтымақ­тастық қарым-қатынастардың тарихы тереңде жатқанын атап көрсетті. Тараптар Қазақстан мен Украина арасындағы диплома­тиялық байланысты екі жақты және ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шең­берінде дамытудың келешегі туралы пікір алмасты. Өз кезегінде Украина елшісі екі елдің саяси-экономикалық және парламент­аралық қарым-қатынасын өрістету үшін бар күш-жігерін аямайтынын мәлімдеді. Кездесуде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі рөлі,  ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті туралы сөз болды. Ал Санкт-Петербург қала­сында 28 қазанда өтетін “ЕҚЫҰ және ТМД: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар” деген тақырыптағы халықаралық парламенттік кон­ференция жөнінде әңгіме өрбіген кезде, мейман аталған шараға Ук­раина делегациясын өз елі пар­ла­ментінің төрағасы бастап баратынын мәлім етті. Кездесу соңында Мәжіліс Төр­аға­сы өз әріптестері атынан елшінің Қа­зақстандағы  қызметіне табыс тіледі.
Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше