Елбасының басшылығымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан стратегиялық бастамалар мен реформалар еліміздің әлеуметтік және экономикалық институттарын дамытуға бағытталғандығы белгілі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында дағдарысқа қарсы үш негізгі ұғым – өсім, реформалар, даму атап өтілді. Біз биылғы жаһандық дағдарысты «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы мен бес институттық реформаларды жүзеге асыратын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарымен қарсы алдық.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мемлекет стратегиясын дамытуға белсенді атсалысады. Біз Қазақстанның транзиттік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында теміржол машина құрастыру саласын жасадық. Оның негізінде ірі инфрақұрылымдық және логистикалық жобалар жүзеге асуда. Ағымдағы жағдайға байланысты қазақстандық тауарларға сұраныс төмендегендіктен, компания бизнесін мультимодалды транзитті тасымал арқылы өсіріп отыр.
2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы тасымал көлемі қысқарғанмен, Қытай–Еуропа–Қытай бағдарындағы контейнер тасымалының көрсеткіші біршама ұлғайған. Бұл соңғы бес жылда мультимодалды транзитті тасымалдауды дамытудың тиімді стратегиясын жүзеге асырудағы қарқынды жұмыстың нәтижесі.
Әлемдік нарыққа көлік-логистика қызметтерін шығару мақсатында компания тұтынушылардың қажеттілігін мейлінше қанағаттандыратын өнімдерді аудандастырып, ірі инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру жолында үлкен жұмыстар атқарды. 2015 жылы даму стратегиясын жүзеге асыру аясында басқару жүйесін трансформациялау бойынша «Диагностика және дизайн» – 1-кезеңін аяқтадық. Бұл кезеңде біздің команда компания тарихында бұрын-соңды болмаған жұмыстарды атқарды.
Алғаш рет барлық жоғары деңгейлі үдерістерге толық сипаттама жасалды. Қызмет тиімділігі мен корпоративтік функцияларды басқаруға негізделген бірегей модель шеңберіндегі бизнес-үдерістердің ықпалдасуы мен кодификациясы бизнес-архитектураны қалыптастыруға мүмкіндік берді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-та алғаш ұйымдастырылған бизнес үдерістерді кешенді интегралды модельдеу үдерістердің үзілуін анықтап, жоюға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, артықшылықтар мен қарама-қайшылықтарды реттеуге, активтерді басқару мен сату төңірегіндегі үдерістерді реттеуге жол ашты.
Бұдан басқа, әлеуеттің интеграциялаушы ұзақ мерзімді қаржы моделі аясында компанияның даму стратегиясы белсендірілді. Қызмет тиімділігін арттырудағы стратегиялық мақсаттарды ескере отырып басқаруды үйлестірудің әртүрлі деңгейлерін қамтамасыз етуге арналған қызметтің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) жасалды. Бұл үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметінің пайдалану және қаржылық көрсеткіштерін жүйелеп, жинау жұмыстары жүргізілді. Бірыңғай құрылым көрсеткіші тізіліп, байланыстар анықталды.
ҚНК компания құнын жүйелеуде:
- Көрсеткіштердің мәнін жоспарлауға;
- Тиімділікті арттырып, ішкі қорлар мен мүмкіндіктерді анықтау мақсатында нәтижені жетекші әлемдік тәжірибелермен салыстыруға;
- Ынталандырып, мақсаттар қоюға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технология жүйесінің ағымдағы диагностикасы жүргізіліп, оны дамытудың басымдықтары анықталды және компанияның ақпараттық технология жүйесі қалыптастырылды. Биылғы жылы қызмет сапасы мен тиімділігін жоғарылатуға бағытталған жетілдірілген жүйе бастамаларының жоспарын жасауды аяқтап, іс жүзінде қолдана бастаймыз. Бұл маңызды кезеңнің нәтижелері компанияның алдағы бірнеше жылдағы қызметіне тікелей әсер етеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тағы бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру көліктік-логистика жүйесін дамытып, Қазақстанды іскер және логистикалық хабқа айналдыру жөнінде Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.