
Спорт • 15 Сәуір, 2024
Азия федерациясының басшысы сайланды
Биыл қыркүйекте Астанада V Дүниежүзілік көшпелілер ойны өтетінінен көпшілік хабардар. Аталған дода әлемдік этностық спорт түрлерін насихаттаудың бірегей үлгісі ретінде бағаланып отыр. Осы орайда жоғарыдағы мәртебелі жарыстың алғашқы дайындығы іспетті Шымкент шаһарында тұңғыш рет жамбы атудан ересектер арасында Азия чемпионаты басталды.
Тағайындау • 14 Сәуір, 2024
Жамбы атудан Азия федерациясының басшысы сайланды
Алдағы қыркүйек айының 8-18 күндері Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтетіні жайлы көпшілік хабардар. Аталмыш шара әлемдік этникалық спорт түрлерін насихаттаудың бірегей үлгісі ретінде бағалануда, деп жазады Egemen.kz.
Жәдігер • 08 Сәуір, 2024
Астана қаласындағы мәдени ошақтардың бірі – Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында салмағы 10 кило тартатын, ал көлемі 40х44,5 см, 408 беттен тұратын алып кітап бар. Бұл жәдігердің бағасына құн жетпейді. Өйткені бұл кітап ислам әлемінің үшінші халифасы Осман Аффанның тұсында жазылған.
Пікір • 03 Сәуір, 2024
Қайраткер тұлға Амангелді Айталының «Алтын Орда» газетінде (19 наурыз, 2009 жылы) жарияланған сұхбатында: «Отаршыл идеология 1 қаңтарды Жаңа жыл ретінде санамызға терең сіңірді. Қазір көпшілік халық 22 наурызды күткеннен гөрі 1 қаңтарға аса мән береді. Бұл – санаға сіңген дәстүрдің күштілігі. Енді осы қалыптасып, санаға сіңісті болып кеткен дәстүрді өмірден, психологиямыздан қалай шығарып, Наурызды тойлауға көшеміз?», деген еді.
Жәдігер • 01 Сәуір, 2024
Қырғыздың «Манас» эпосында Манас батырдың «Ақкелте» деген шағын зеңбірегі болғаны туралы: «Есіне түсті Ақкелте, Өзегі болат, аузы обыр, Түтіні тұман, дүмі зіл, Көздесең тажал, оғы ажал, Асынып жүрген Ақкелте, Ашуы келсе қырыпсал, Шындығында зеңбірек, Бабын білсең тым бөлек» деп жырланады.
Жәдігер • 31 Наурыз, 2024
Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы (1889 - 1931) педагогика, психология саласынан құнды оқу құралдар жазып қалдырған. Соның бірі – 1924 жылы Орынборда 3500 тиражбен жарық көрген, 186 беттік «Тәрбиеге жетекші» (Бала оқытушыларға) атты кітабы. Бұл еңбекке биыл 100 жыл толып отыр.
Жәдігер • 27 Наурыз, 2024
Адамзат тарихында көшпелі ғұндар дәуірі деген кезең бар. Бұл туралы 2010 жылы жарық көрген бес томдық «Қазақстан тарихы» атты еңбектің бірінші томының 245-бетінде: «Ғұндар – б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның оңтүстігі Ордастан Каспийге дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін жайлаған тайпалық одақ» деген пайым айтылыпты.
Жәдігер • 26 Наурыз, 2024
Қазақтың түсінігінде ұлу деген – теңізде тіршілік ететін жұмсақ денелі омыртқасыз жәндік. Басқаша айтқанда, құрттың бір түрі. Адамдар оның сыпырылып қалған сауытын теңіз түбінен тереді. Қатты сауытты құлағыңызға тоссаңыз ерекше уіл естіледі. Ал үрлесеңіз керней дыбысы шығады.
Оқиға • 22 Наурыз, 2024
1998 жылдың көктемі. Бұрынғы облыс орталығы Ақмола республика астанасы атанып, абыр-сабыр болып жатқан кез. Жан-жақтан жиналған бір топ журналист «Астана ақшамы» шаңырағынан пана тапқан едік.
Таным • 22 Наурыз, 2024
Күнтізбелік есеп бойынша Ұлу жылы күллі ғаламның қақпасын ашып кірді. Бұл жыл туралы халқымыздың ауызекі фольклорында: «Аяңдап бесінші жыл ұлу келер, Сыпайы көңіліңе жылу келер, Маусымда берекесін мол ғып беріп, Көңілді жабырқатпай түзу келер» дейтін бір шумақ бар. Осыған қарағанда, жаңа жыл – жарқын күндердің бастауы, жақсылық пен жайлылықтың бекем тұрағы, береке мен бірліктің тұнық бұлағы болар деген үміт мол.