
Пікір • 13 Маусым, 2024
Үлкен ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы «Шыннан өзге Құдай жоқ, Анық Құдай – Шын Құдай, Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кiм Құдай?» деген екен. Ғұламаның бұл пайымын тәпсірлер болсақ, «құдай» деп отырғаны ақиқат. Соның ішінде шынайы білімнің ақиқаты. Қазіргі таңда қазақ қоғамындағы басты мәселе – білім пен ақпараттың орны ауысып кетті. Шәкәрім бабамыз айтқан «шын білім» көмескіленіп, ақпараттық дүниелер алға шықты. Бұл өте қатерлі құбылыс. Өйткені шын білім, ақиқат, нағыз ілім салтанат құрмаған қоғамның болашағы күңгірт.
Ұлттық спорт • 11 Маусым, 2024
Жамбы атудан чемпионат аяқталды
Халқымыздың мергендік өнері жамбы атудан жасөспірімдер арасындағы еліміздің ІХ чемпионаты Талдықорған қаласында өтіп, оған 12 облыстан іріктелген 40-қа жуық спортшы қатысты.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Шайзада Әбдірахманқызының Қобда бетіне келін болып түскеніне 45 жылдың жүзі бопты. Уақыт-ай деші... кеше ғана желегі желбіреп 22 жасында алыс елге ұзатылған жас ару бүгінде жапырақ жайған бәйтерек сияқты үлкен әулеттің тірегіне айналды. Жақында ғана ел жаққа барған сапарымызда құлақ естіп, көз көрмеген бейтаныс өлкеге келін болып түсіп, жартығасырлық ғұмырында адамгершіліктің туын жықпай, ағайын арасында «керемет келін» атанған апамызбен тілдесіп, шүйіркелесіп қайттық.
Мирас • 04 Мамыр, 2024
Ерте кезде қазақтар тіз немесе ши оқпен құс атқан. Бұл оқтың тіз немесе ши деп аталуына себеп, оқтың тым жіңішкелігі және қатты шиден жасалуына байланысты. Кәнігі мергендер мұндай ши оқтың төрт-бесеуін адырнаға қатар орнатып, бір деммен шашырата атқан.
Мирас • 02 Мамыр, 2024
Қол күші мен ақыл тоғысса, оқ мүлт кетпейді
Ұланбатыр қаласында «Ер жігіттің үш өнері» атты жекеменшік компания бар. Бұл мекеме – ежелгі еуразиялық көшпелі ұлыс: сақ, ғұн, көк түркі дәуірі, одан кейінгі Шыңғыс қаған негізін қалаған Моңғол империясы тұсында қолданыста болған атыс қаруы – садақ түрлерін жаңғыртумен айналысады. Аталған мекеме басшысы көне қару-жарақ маманы әрі садақ атудан ұлттық дәргейлі мерген Төмөрхуу Батмунке мырза өткен Наурыз мейрамы қарсаңында халқымыздың салт-дәстүрін насихаттаумен айналысып жүрген «Qazaq-oner» ұлттық қауымдастығы, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің шақыруымен Қазақстанға келіп, Алматы мен Астанада көрме ұйымдастырды. Осы орайда моңғолиялық шеберге жолығып, көшпелілердің жауынгерлік өнерінің бір саласы – садақ қаруы хақында әңгімелестік.
Жәдігер • 30 Сәуір, 2024
Көзіқарақты қауым һәм маман тарихшылардың бәрі біледі, қазіргі қазақ халқы – әлем тарихына тұңғыш рет еуразиялық аумақта көшпелі империя құрған көне ғұндардың ұрпағы. Ақын Мағжан Жұмабаев «Ерте күнде отты Күннен ғұн туған, Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам» дегенді бекер айтпаған болар.
Жәдігер • 30 Сәуір, 2024
Қазақтың мергендік өнеріне қатысты қару-жарақ атаулары арасында «әндіген» сөзі көп кездеседі. Мысалы, Ақтамберді жыраудың «Тобықшық толы әндіген, Толтыра тартар ма екенбіз» деген сөз тіркесі бар. Бір қызығы, күні бүгінге дейін біз «әндіген» не зат екенін басып айта алмай жүрміз. Оған себеп, әндіген бірде садақ оғының атауы ретінде айтылса, келесі бір деректе басқа мағына да беріліп жүр.
Архив • 25 Сәуір, 2024
Астана қаласының төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында көне қолжазбалар баршылық. Соның бірі – 1954 жылы Мадрид қаласында Испания мен Колумбия үкіметтерінің қолдауымен «Латын Америка мәдениеті» баспасынан жарыққа шыққан «Жаңа Гранада Корольдігінің ботаникалық экспедициясының флорасы: 1783 – 1816 жж» атты құнды еңбек.
Дәстүр • 25 Сәуір, 2024
Салбурын – саятшылық және аң аулау кәсібінің бір түрі. Аңшылық маусымы кезінде аңшылар топталып, аңы мол жерлерге сапар шегеді. Сартабан, сарытұғыр қырандар мен арқалы құр ат, түзу мылтық түгел сайланады. Аңкөс жандар, бапкер құсбегілер, саңлақ саятшылар, құралайды көзінен ататын мергендер, тәжірибелі қағушылар, елгезек атшы-қосшылар бәрі болады.
Спорт • 22 Сәуір, 2024
Өткен аптада Шымкент қаласында жалауын көтерген жамбы атудан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарысқа сары құрлықтың 14 мемлекетінен келген 60-қа жуық мерген «Мажар», «Азия», «Түрік» стильдері, халқымыздың дәстүрлі жауынгерлік өнері жамбы ату бойынша сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады.