Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1145 материал табылды

Зерде • 19 Қыркүйек, 2023

Жоғалған жауынгерлер

Екінші дүниежүзілік соғыс тарихының ақтаңдақ тұстары көп. Соның бірі – Түркістан легионы сапында болған қазақ жауынгерлерінің тағдыры. Соғыстан кейін бұлардың бірлі-жарымы бас сауғалап Түркияның Ыстанбұл, Анкара қаласына барса, бір тобы Адана қаласына тұрақтаған екен.

Тарих • 17 Қыркүйек, 2023

Атанға артқан зеңбірек...

Қазақ тарихында әлі күнге дейін толық зерттеліп, тұжырымдалмаған бір сала бар. Ол – халқымыздың жауынгерлік өнері. Соның ішінде, үлкен ақын Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасында: «Ат сайлап, қылыш қайрап, сарбаз ерлер, Зеңбірек атанға артқан найзагерлер, Жарқылдап сыбызғылы күй тартқандай, Алатау берік қорған жұмақ жерлер» дегеніндей, қазақ жауынгерлері атан түйенің үстіне зеңбірек немесе отты қару орналастырып, жаумен шайқасқаны жайлы біле бермейміз.

Жәдігер • 13 Қыркүйек, 2023

Ақаңның қолжазбасы ма?

Алматы қаласында орналасқан Ұлттық кітапхананың сирек қорында Ахмет Байтұрсынұлының «Шаруалық өзгерісі» атты 107 беттен тұратын қолжазбасы сақталған. Мұра төте жазумен жазылған. Жазбада алаш қайраткерінің шаруашылық, экономика, мәдениет тақырыптарын зерттеп жазған көлемді еңбегі топтасқан.

Тарих • 11 Қыркүйек, 2023

Есіл бойы һәм «Хан жолы»

Патшалық Ресей заманында өмір сүрген картограф һәм тарихшы Семен Ремезов деген адам болған. Ол 1642 жылы қазақ даласының батыс пұшпағымен шектесіп жатқан Тобылда туып, 1721 жылы өмірден өтіпті. Картографтың 1701 жылы «Чертежная книга Сибири» атты кітабы жарық көрген екен.

Спорт • 10 Қыркүйек, 2023

Түркістандықтар жеңімпаз атанды

Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және Ұлттық спорт түрлері федерацияларының ұйымдастыруымен 4 қыркүйек күні елорда төрінде басталған Ұлттық спорт түрлерінің VI фестивалі аяқталды.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2023

Сүйіспеншілік ұйытқысы

Сүйіспеншілік – күллі жаратылыс атау­лының себепкері. Соның ішінде сүйіс­­пеншілікке құрылған отбасы ба­қыт­ты болмақ. Отбасы немесе шаңы­рақ болашақта жұмақтың көркем сарай­ла­рының бірі немесе азабы ауыр тозақтың терең шұңқырларының бірі болуы әбден мүмкін. Отбасын жұмақ сарайына айналдыратын амал – сүйіспеншілік. Ал тозақтың шұңқырына түсіртетін іс – отба­сы мүшелері бірін-бірі жеккөрушілік.

Жәдігер • 07 Қыркүйек, 2023

Талды ханзадасы

Тәуелсіздік жылдары та­былған құн­ды қазы­на­мыздың бірі – Тал­ды хан­задасы. 2009-2010 жыл­­дары археолог Ар­ман Бей­­сеновтің жетекші­лігі­мен Қарағанды облысы Қар­қаралы ауданы орталы­ғы­нан 44 шақырым қашықта орна­ласқан обаға қазба жұ­мыс­тары жүргізілді. Өңірде бір-біріне жалғасып жатқан жеті қорған-оба тізбегі Талды өзені аңғарын көлбей қоныс теп­кендіктен ғылыми тілде «Тал­ды қорғандары» деген атау­ға ие.

Жәдігер • 05 Қыркүйек, 2023

Ескі кітаптағы сурет

Патшалық Ресей өзі отарлаған халықтардың тұрмыс-тір­ші­лігіне қатысты жүйелі зерттеулер жүргізген. Соның бірі – «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» атты көптомдық. Осы бір құнды туындының 1913 жылы жарық көрген 12-томы «Туркестанский край» деп (құрастырған – кінәз В.И.Масальский) аталыпты.

Тұлға • 05 Қыркүйек, 2023

Өнер саңлағы ұлықталады

Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римо­ваның 100 жылдығына арналған «BIKEN» I Халықаралық театр фестивалі 29 қыр­күйек – 4 қазан аралығында ТҮРКСОЙ ұйы­мының аясында өтеді. Іс-шараға Жетісу облысы әкімдігі қолдау көр­сетпек.

Қоғам • 05 Қыркүйек, 2023

Рим Папасы және қазақ имамы

Өткен аптаның жұма күні Рим папасы Франциск (Franciscus) Ватикан мен Моңғолия Республикасы арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай ел президеті У. Хүрэлсүхтің шақы­руы­мен Ұланбатыр қаласына келді.

Яндекс.Метрика