
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 23 Қыркүйек, 2021
Қазақстан деп аталар қара шаңырағымыз тәу етер Тәуелсіздіктің 30 жылына қадам басты. Үш онжылдық тарихи өлшем бойынша аса ұзақ уақыт емес. Солай бола тұра, көзі ашық, көкірегі ояу отандастарымыз өткенге үңіліп, жылдар жылнамасын парақтаған сайын жемісті жетістік барын аңғарар еді. Ең алдымен, егемендікке қол жеткізгелі бері ел еңсесін тіктеді. Халықтың әл-ауқаты артып, тұрмысы түзелді. Қысқа мерзім аралығында әлеуметтік дамудың әлеуетті жолын таңдап алдық.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды тармағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы саналады. Бұл жоба елімізде 4 жыл бұрын қолға алынған болатын. Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында аталған жобаны іске асыру жұмысы қорытындыланды.
Елорда • 19 Қыркүйек, 2021
Елорда – еркіндікпен егіз ұғым
Егемендікпен бірге еңсе тіктеген елордамыздың өткені – өрнекті, бүгіні – берекелі, ертеңі – ел сүйсінерлік.
Медицина • 23 Тамыз, 2021
QazCoVac-P: Жаңа вакцина жаһанды жалт қарата ала ма?
Отандық ғалымдар COVID-19-ға қарсы QazCoVac-P деп аталатын жаңа суббірлікті вакцинаны клиникалық зерттеудің алғашқы кезеңін аяқтады. Жаһан жаман індетпен жаға жыртысып жатқанда жарғақ құлағы жастыққа тимеген ғалымдарымыз осындай жақсы жаңалық жеткізіп отыр.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 23 Тамыз, 2021
Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеновтің ескерткіші ашылды. Ел мен жердің тұтастығын сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосқан тау тұлғаның мүсіні Әскери-тарихи музей жанындағы алаңда орналастырылды.
Экология • 19 Шілде, 2021
Екі жылда 1 734 шақырым канал жөнделді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бейнеконференция режімінде азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, онда су ресурстарын басқарудағы өзекті мәселелер талқыланды. Мұндай кездесу жылына екі мәрте ұйымдастырылады. Өткен жылы кездесуге қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мәселесін назарға алған болатын.
Коронавирус • 18 Шілде, 2021
Қазақстанның қазмойнын «қызыл аймақтың» қамыты қажап барады. Қалай босаймыз, қашан құтыламыз? 13 өңірдің өкпесін «қылбұрау» қысып тұр. Қалған төрт өңірдің де індетті толығымен жеңіп, шекесі шылқып тұрғаны шамалы. Қоғамда вирус пен вакцинаны зерттеу мәселесіне ғұмырын сарп еткен ғалымдар мен дәрігерлердің сөзіне емес, вакцина мен вирусологиядан бейхабар антиваксерлердің «ақылына» сенгіштік те жағдайдың ушығуына едәуір ықпал етіп отыр. Өтіміз жарылып кетсе де осы шындықты мойындауға тура келіп тұр.
Қазақстан • 15 Шілде, 2021
«Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты» демекші, нарық заманының заңы осы екен деп жалған вакциналау паспортын саудаға салуды да шығардық. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жыл басынан бері ПТР тестілеу нәтижелері мен вакциналау паспорттарын қолдан жасаудың 30 жағдайын тіркеген еді. Енді, міне, күні кеше Алматыдағы үш медициналық мекеменің қызметкерлері жалған вакциналау паспорты мен ПТР тестілеу нәтижелерін қолдан жасағаны анықталды.
Экология • 14 Шілде, 2021
Бес жылда 119 су арнасы цифрланады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Су шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтіп, ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев су саласы қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Елорда • 08 Шілде, 2021
«Еділдің бойына ел қондырсам» деп кеткен баһадүр Махамбеттің арманы Есілдің бойында орындалған секілді. Ел қонды, елорда бой көтерді. Жұртымыздың жұмыр жүрегі, бүтін бір мемлекеттің астанасы – бүгінде Қазақстан деп аталатын қарашаңырақтың алтын қазығы, Азаттықтың айнасы, еркіндіктің еңселі нышаны іспетті. Осында этномәдени орталықтар келісімнің керегесін керіп, дінаралық татулық бейбітшіліктің талбесігін тербетіп тұр.