Театр • 05 Қазан, 2021
Сезімді селт еткізген спектакль
Кеше театр шымылдығы түріліп, өскемендіктер рухани демалып қайтты. Қазақ драма театры кезекті 22-ші маусымын Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясымен ашты.
Тарих • 04 Қазан, 2021
Аққайнар қойнауы – асыл қазына
Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі екенін археологиялық қазба жұмыстары сан рет дәлелдеді. Түркілердің ғана емес, патшалардың сайын даласында сонау сақтардың да сарыны бар. Биылғы Аққайнар аумағынан табылған құнды жәдігерлер де соның айғағы.
Әлем • 01 Қазан, 2021
Ұлыбританияны таңдандырған «Ұлы дала алтыны»
Бұл күні англиялықтар Алтайдың алтынын, көшпенділердің мәдениетін көріп, таңдай қағысты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Кембридждегі көрмеге сарапшылар «сенсациялық жаңалық» деп баға берді. Ұлы дала мәдениетін көзбен көріп, көңілмен сезінгісі келгендердің көптігі сонша, кіру билеттерін бір ай бұрын сатып алған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан көрмеге Ұлыбритания халқы асқан қызығушылық танытты.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021
Журналистер жалақысын ала алмай отыр
«Шығыс Ақпарат» медиа холдингінің қызметкерлері тамыздан бері жарытып жалақы ала алмай отыр.
Руханият • 29 Қыркүйек, 2021
Қаламгерге қоладан мүсін қойды
Несін жасырамыз, «Оралханның бір мүсіні өзіне ұқсамады» деп замандастарының көңілдері толмайтын. Сәтсіз шыққан ескерткішінің қатарында Өскемендегі бюсті де бар еді. Ол кеуде мүсіндегі ұқсастықтың жоқтығы өз алдына, мүжіліп, тозып бара жатқан. Мұны ескерген қала басшылығы жазушының туған күні қарсаңында қоладан құйылған ескерткішін тұғырға қондырды.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021
Алтын кеннен не пайда, халыққа қайыр болмаса...
Түнеугүні Күршім өңірінің тұрғыны лайланып, майланып кеткен Қалжыр өзеніне қарап отырып, «бүйте берсе, балықты қойып, халық та қалмайды» деген-тұғын. Онсыз да шекара шебіндегі Марқакөл өңірі жалаңаштанып кетті. Қойы қоздап, ботасы боздап жатқан ауылдар жоқ. Енді келіп, алтын іздегендер жер-ананың ойранын шығарған.
Оқиға • 28 Қыркүйек, 2021
ШҚО-да ұрылар 10 млн теңге сақталған сейфті алып кеткен
Риддер қаласында «102» жедел арнасына 35 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз азамат пластикалық терезені ашып, үйін тонап кеткенін айтқан, деп жазады Egemen.kz.
Тәуелсіздік • 28 Қыркүйек, 2021
Қалбаның қос қапталы құтты мекен
Күміс шыңдары зеңгір көкпен таласқан түркілердің алтын бесігі – Алтайға ат шалдыратындар аз емес. Босағасы ала жаздай қонақтардан босамайды. Сөзсіз, сұлу мекен. Дәл сол сияқты суы шипалы Алакөлді аңсап жететіндердің де қарасы көп. Хакім Абай өткен Жидебай өңірін айтсақ, әр тасы тұнған тарих. Тұлғалар туған киелі өңір.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021
Мұзтаудың мұзбалағы менмұндалады
Өскемендегі Өтепов пен Жастар көшелерінің қиылысындағы Оралхан Бөкейдің мүсіні жаңартылды. Жаңартылғанда, бұрынғысы түп орнымен алынып тасталып, қайта соғылды.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021
Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүниежүзілік байқауда үздік елуліктің қатарына кіргендердің қатарында Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі де бар.