е
Коронавирус • 16 Ақпан, 2022
1508 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 1508 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz Telegram каналына сілтеме жасап.
Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2022
Бейжің-2022: Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Олимпияда ойындарында қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыстарын 2 телеарна тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Ақпан, 2022
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 16 Ақпан, 2022
Қазақстанда қанша адам вакцина алды?
Қазақстанда 2022 жылғы 16 ақпандағы мәлімет бойынша 9 315 067 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 15 Ақпан, 2022
Тері өңдеу ісіне тереңдеу керек
Бұрын ауыл халқы мал терісін тиянақтап жинап, арнайы қабылдау орындарына тапсыратын. Одан түскен азды-көпті қаржыны шай-пұлына жарататын. Осы бір үрдіс жаңа ғасырдың алғашқы жылдарына дейін жалғасқаны белгілі. Одан кейін мал терісі кәдеге жараудан қалды да, ауыл-ауылдың іргесінде үйіліп жататын болды. Бәлкім, біздің елдегі тері өңдеу ісінің тұралау кезеңі де осы кезден басталған шығар. Ал қазір бұл саланың жағдайы тіпті нашар.
Қоғам • 15 Ақпан, 2022
«Қазпоштаның» басқалардан несі кем?!
Адамзат өркениеті қалыптасқалы бері бірге келе жатқан қызметтердің бірі – хат-хабар алмасу. Заманауи тілмен айтсақ, пошта қызметі. Бұрынғы дәуірде мұның маңызы орасан болатын. Алайда қазіргі таңда интернет қарыштап дамығандықтан аталған сала үлкен қиындыққа тап келді.
Экономика • 15 Ақпан, 2022
Жердің шөлейттенуі – өзекті мәселе
Қазақстанның бірқатар облысында атмосфералық құрғақшылықтың салдарынан табиғи жемшөп алқаптарының жойылуы, мал өлімі және жабайы жануарлардың қырылуы байқалуда. Шөлейттену – жаһандық мәселе. Бұл экологиялық проблема әлем елдерінің жер өнімділігіне, азық-түлік қауіпсіздігіне бірінші кезекте әсер ететін құбылыс екені белгілі. Шөлейттену салдарынан ауыл шаруашылығы саласының өндірушілері жыл сайынғы табысынан миллиардтаған доллар шығынға батады.
Қоғам • 15 Ақпан, 2022
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша елде 19,1 млн адам тұрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,3 пайызға көп.
Әлем • 15 Ақпан, 2022
Еуропа Африканың серіктесіне айналуға тиіс
БРЮССЕЛЬ. Коронавирус пандемиясына байланысты бірнеше рет кейінге шегерілген Еуропалық одақ пен Африкалық одақ саммиті осы айда (17-18 ақпан) Брюссельде өтеді. Осылайша, Еуропа және Африка елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 2017 жылдан кейін алғаш рет жиналмақ. Еуропалық одақтың мақсаты – Африканың таңдаулы серіктесі болу. Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Лейен бастап екі жыл бұрын Африкалық одақтың Аддис-Абебадағы штаб-пәтеріне алғашқы сапарға барғанымызда осындай мақсат қойған едік.
Қазақстан • 15 Ақпан, 2022
Халықтың қадір-қасиетін, дәстүрі мен тәжірибесін, пәлсафалық, әлеуметтік көзқарасын, қаһармандық рухын, ата кәсібін, тілін, діни, даналық қағидаттарын, тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мінезін жете түсінбейінше, көреген, бекзат, намысты көшбасшы атану қиын.
Қоғам • 15 Ақпан, 2022
Жуырда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен шекарада орналасқан кеден бекеттеріндегі жемқорлық әрекеттеріне тосқауыл қойып, темірдей тәртіп орнату жөнінде тиісті құқық қорғау органдарына нақтылы тапсырмалар берді. Ел басшысының аталған сөзін естіген кезде осыдан тура жиырма жыл бұрынғы бастан кешкен қанқұйлы оқиғалар мен небір әділетсіздіктер тізбегі көз алдыма қайта келді.
Экономика • 15 Ақпан, 2022
Мемлекет пен бизнес: Қолдаудың қарымтасы қандай?
Елімізде бұдан былай мемлекеттік қолдауға ие болғысы келген кез келген өнеркәсіптік кәсіпорын соның қайтарымын жасауға міндеттелмек. Бұл туралы ашық үкімет порталында жарияланған «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидалары туралы» деп аталатын бұйрықта атап көрсетілген.
Экономика • 15 Ақпан, 2022
Латифундистерді азайтамыз ба, әлде көбейтеміз бе?
«Жер тағдыры – ел тағдыры» деген сөз бекер айтылмаған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйекте халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» алғашқы Жолдауында: «Жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр. Жерге салынатын тікелей салықтар деңгейінің төмендігі жағдайды күрделендіре түсті. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуға тиіс. Үкімет пен Парламент осы түйткілді реттеудің тиімді жолдарын ұсынуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес», деген болатын.
Теннис • 15 Ақпан, 2022
Александр Бублик Доха турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик жекелей сында Доха ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Ақпан, 2022
Шекарашылар интернационалист жауынгерлерді еске алды
Бүгін кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 33 жыл толуына орай елордада Ауғанстанда интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан қазақстандықтарға арналған мемориалда салтанатты іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Ақпан, 2022
«Бұл жоғары көрсеткіш». Мемлекет басшысы Абзал Әжіғалиевке қолдау білдірді
Президент «Бейжің-2022» XXIV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Абзал Әжіғалиевті қолдап, жеделхат жолдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2022
Петропавлда адам өлтірді деген күдікпен 40 жастағы әйел ұсталды
Петропавл полицейлері адам өлтірді деген күдікпен тұрғылықты жері жоқ әйелді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2022
ШҚО-да карантиндік шектеулер жеңілдетіледі
10 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы «сары» аймаққа өтті. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты 17 ақпаннан бастап шектеу шаралары жеңілдетілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Әлем • 15 Ақпан, 2022
Кәрімова жымқырған қаражат халыққа қайтарылды
Өзбекстанның Әділет министрлігі Гүлнәр Кәрімованың Қылмыстық жолмен алынған мүлкін елге қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын және жақын арада Франциядан 10 миллион АҚШ доллары қайтарылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 15 Ақпан, 2022
Сенатта сыртқы несиелерді тиімді пайдалану мәселесі талқыланды
Сенатта елдің сыртқы мемлекеттік қарыздарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Ақпан, 2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа заңнамалық бастамалар қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Ахмет Байтұрсынұлы • 15 Ақпан, 2022
Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай конференция өтті
Бүгін Анкарада Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Ақпан, 2022
Интернетте синтетикалық есірткі сатып келгендер ұсталды
2022 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Петропавл және Өскемен қалаларында Интернет-дүкендер көмегімен синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар бес азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 15 Ақпан, 2022
Қазақстандық ғалымдар буын ауруларын емдейтін гидрогель ойлап шығарды
Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы Вячеслав Огай бағаналы жасушаларды қолдану арқылы күрделі сынықтарды қалпына келтірудің бірегей технологиясын жасап шығарды. Ол сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын емдеуді жеделдететін гидрогель ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Ақпан, 2022
Петропавлда 159 адамға рақымшылық жасалды
Петропавлда пробация қызметінің есебінде тұрған 159 адамға рақымшылық жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 15 Ақпан, 2022
Елорда әкімдігі бұрынғы ОӘД ғимаратын сатып алды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бұрынғы ОӘД ғимаратын сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2022
Нұрлан Ноғаев маңғыстаулықтарға үндеу жасады
Жаңаөзен қаласындағы бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Маңғыстау халқына үндеу жолдаған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2022
Қазақстанда спорт ғылыми-зерттеу институты құрылады
Қазақстанда спорт ғылыми-зерттеу институты құрылады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 15 Ақпан, 2022
ДДҰ COVID-19 шығу тегін зерттеу нәтижелерін жариялайды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алдағы апталарда коронавирустық инфекцияның пайда болуын зерттеу нәтижелерін жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 15 Ақпан, 2022
Холланд пен Мбаппе Роналду мен Мессиді алмастыра алмайды – Роберт Левандовский
Германиялық «Бавария» футбол клубының шабуылшысы, польшалық футболшы Роберт Левандовский футбол әлемінің қазіргі таңдағы жарық жұлдыздары Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холландтың болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.