Ер
Қазақстан • 08 Сәуір, 2024
Елімізде жаңа кәсіби мерекелер атап өтіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгеріс енгізілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
3 412 үй су астында қалды – ТЖМ өкілі
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Аазаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны салдарынан қанша үй су астында қалғаны туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары қалай өтеледі?
Ел Президенті зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтқаны мәлім. Су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған азаматтардың шығындары қалай өтеледі? Өзекті ақпарат Үкімет ұсынған мәліметтерде көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Сәуір, 2024
«Су басу қаупі жоқ»: Астана контрреттегіші тексерілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановпен ағымдағы су тасқыны жағдайын тексерді. Қала арқылы тасқын суларды өткізуге және ықтимал су тасқынынан қорғауға арналған Астана контрреттегішінің жайы бақыланды. Сонымен қатар Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайы тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 08 Сәуір, 2024
Әуе рейстерінің бағасы шарықтап тұрғаны рас па?
Су тасқыны кесірінен үйлерінен айырылып қалған азаматтар енді әуе компанияларына шағымданып жүр. Мәселе - билет құны. Су тасқыны жағдайы күрделі болып тұрған облыстарда әуе билеттерінің бағасы шарықтап тұр. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары өздерінің парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Еңбекмині су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні рас па?
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су тасқынынан зардап шеккендерге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан өтемақы төленетіні туралы хабарлама тарап жүр. Ведомство өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Сәуір, 2024
Алматы маңында тағы жер сілкінді
Қазақстан сейсмологтары Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 445 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Сәуір, 2024
Интернеті нашар ауылдар Starlink жүйесіне қосылады
Елдегі су тасқынына қарамастан, балаларға білім беру жұмысы жалғаса беретін болады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Атырау облысында кейбір бөгеттер алынып тасталды
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, 1994 жылғы су тасқынынан кейінгі 30 жылда өзендердегі су азайып, түп тереңдету жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілмеген.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Б.Майлин ауданында тұрғындар үйлеріне оралып жатыр
Бейімбет Майлин ауданындағы Әйет өзенінде су деңгейі төмендей бастады. Осыған байланысты аталған ауданға қарасты Әйет және Николаев ауылдарынан эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралып жатыр.
Үкімет • 07 Сәуір, 2024
Ұзынкөл қоймасының су деңгейі төмендеп келеді
Вице-премьер Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысындағы су басқан және су басу қаупі бар аумақтарға, сондай-ақ Орал қаласы маңындағы саяжайларға барды. Вице-премьер өңірдегі негізгі су арнасы – Жайық өзенінде су тасқынының алдын алу жұмыстарының барысымен танысты. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен жағасы құм салынған қаптармен нығайтылып, ауыр техникалар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Маңғыстаудағы білім беру ұйымдары Атыраудан эвакуацияланған білім алушыларды қолдауға дайын
Маңғыстау облысының білім басқармасы өңірге эвакуацияланған мектеп, колледж жасындағы білім алушыларды онлайн оқытумен, психологтардың көмегімен қолдауға дайын екенін мәлім етті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Атырау облысының әкімі тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов төтенше жағдай жарияланғаннан кейін тұрғындарға үндеу жолдады.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Бейнеуліктер Құлсары тұрғындарын үйлеріне орналастырып жатыр
Бейнеуліктер су тасқынынан эвакуацияланған Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындарын өз үйлеріне орналастырып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Бейнеу ауданында мектептер қашықтан оқыту форматына көшеді
Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданындағы 15 мектепте Атырау облысының Жылыой ауданынан келген тұрғындарға арналған эвакуациялық пункттердің орналасуына байланысты, сабақ дәстүрлі форматтан онлайн форматқа ауысады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2024
Ерлікпен қаза тапқан 17 сарбазды еске алу рәсімі өтті
Осыдан тура 29 жыл бұрын 7 сәуірде Памир тауындағы Пшихавр шатқалында бес сағатқа созылған қарулы қанды қақтығыс кезінде ішкі әскердің 17 жауынгері ерлікпен қаза тауып, 33-і ауыр жарақат алды. Содан бері жыл сайын 7 сәуір – Ерлік күні болып саналады. Қазақстан батальонының құрамында тәжік-ауған шекарасын күзеткен шекарашылар қаза тапқан жауынгерлердің есімін ұлықтауды дәстүрге айналдырған.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Су деңгейі рекордтық көрсеткішке көтерілді
Бүгін таңертең «Қазгидрометтің» хабарлауына қарағанда, Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасында плотинадан асқан судың деңгейі 2017 жылғы рекордтық көрсеткішінен (338 см) асып, 365 см-ге жетті.
Оқиға • 07 Сәуір, 2024
Атырау облысындағы Құлсары қаласында екі адамның мүрдесі табылды.
Үкімет • 07 Сәуір, 2024
Премьер-министр Атырау облысындағы су тасқыны жағдайын бақылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Атырау облысындағы ахуалды бақылады. Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Талғат Нәрікбаев: Барлық университетті апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге шақырамын
Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев ел Президентінің су тасқыны салдарына қатысты үндеуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Қарғын су басқан өңірлерде 3 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істеп жүр
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Жем өзеніндегі жасанды бөгеттер бұзылып жатыр
Атырау облысында Жем өзеніндегі жасанды бөгеттерді бұзу жұмыстары жүріп жатыр.
Төтенше жағдай • 07 Сәуір, 2024
Ниетіміз бұзылған: Жұбаныш Жексенұлы су тасқынының себебін атады
Танымал әнші, композитор Жұбаныш Жексенұлы еліміздегі төтенше оқиғаларға адамдардың өздері себепкер болғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 07 Сәуір, 2024
Бас прокуратура су тасқынына байланысты төрт тергеу бастады
Бас прокуратура су тасқынына байланысты төрт тергеу амалын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Сәуір, 2024
Нью-Йоркте күшті жер сілкінісі болды
Жұма күні таңертең АҚШ-тың шығыс жағалауында болған 4,8 балдық жер сілкінісінің дүмпулері Нью-Йорк пен оның айналасында сезілді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Нью-Джерси штатындағы Ливан қаласына жақын жерде, Нью-Йорктен батысқа қарай 64 шақырымдай жерде болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Бейнебақылау камераларының көмегімен 125 қылмыс ашылды
ІІМ онлайн-брифингінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы айтылды. Іс-шараға 14 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Сәуір, 2024
Grand Prix-2024: Ерғали Шәмей қола медаль жеңіп алды
Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан дәстүрлі халықаралық «Grand Prix – 2024» додасында елордалық спортшы Ерғали Шәмей қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құтқарушы • 05 Сәуір, 2024
«Карьерді су басқан»: 7 жұмысшы құтқарылды
Бүгін Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы Нұра өзенінің су деңгейі көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 05 Сәуір, 2024
Биыл Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы атап өтіледі
12 сәуір – ұлт мақтанышы, қазақ елінің қазына байлығын ашушы, Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті, алғашқы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні және осы датаға орайластырылған Ғылым қызметкерлері күні. Мерейтойға санаулы күн қалды. 12 сәуір күні Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойын жыл көлемінде атап өту рәсімінің ресми ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы «Халықаралық Қаныш Сәтбаев» қоры хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 05 Сәуір, 2024
Астанада жүкті әйелге күрделі операция жасалды
Астанада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері жүкті әйелді жарылу қаупі бар аневризмадан құтқарды. Бұл туралы Egemen.kz «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалына сілтеме жасап хабарлайды.