Ай
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2022
Президент сайлауы: Үміткерлерге қандай талап қойылады?
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан Президенттігіне өз кандидатурасын ұсынатын үміткерлерге қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қыркүйек, 2022
Қазақстан ДДҰ-мен тәжірибе алмасуға дайын – Әлихан Смайылов
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесіп, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту мәселелерін және Қазақстанның медицина саласындағы халықаралық бастамаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
Байқоңырдан «Циолковский» ғарыш кемесі ұшырылды
2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 19:54-те Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-22» басқарылатын кораблімен «Союз 2.1 а» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
ОСК сайлауға дайындықты бастады
Ертең, 22 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2022
Си Цзиньпин Қытай армиясына әскери дайындықты күшейтуді тапсырды
21 қыркүйекте ҚХР Төрағасы, ҚХР Орталық әскери кеңесінің Төрағасы Си Цзиньпин Қытай Халық азаттық армиясы нақты ұрыс қимылдарына қатысуға дайындалуы керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2022
Үкімет Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын қолдайды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Eni» компаниясының бас өндірістік директоры Гвидо Брускомен, барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайлау • 21 Қыркүйек, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдындағы тұғырнамасын ұсынады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамға ұсынатын сайлау алдындағы тұғырнамасында не айтылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2022
Су тасқынына дайындықты қазірден бастау керек - Үкімет басшысы
Премьер-Министр Әлихан Смайылов су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайлау • 21 Қыркүйек, 2022
Президент сайлау науқаны заңға сәйкес өтетініне кепілдік берді
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қыркүйек, 2022
Басты мемлекеттік институттарды қайта құрамыз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда қоғам алдына сайлау алдындағы тұғырнамасын ұсынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Президент бүгін қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қыркүйек, 2022
Жер және оның қойнауы халыққа тиесілі - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде Конституцияға енгізілген саяси жаңашылдықтар жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ауа райы • 21 Қыркүйек, 2022
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның тоғыз облысында дауылды ауа райы болатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2022
Қазақстан мен Қытай кәсіпорындары коммерциялық құжаттарға қол қойды
19-23 қыркүйек аралығында Үрімші қаласында (Шынжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, ШҰАА) гибридті форматта ШҰАА мен Еуразия елдері арасындағы сауда, қаржы, инвестициялар, туризм, ғылым, жаңа технологиялар және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған VII Халықаралық «Қытай – Еуразия» көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ-ге сілтеме жасап.
Қаржы • 21 Қыркүйек, 2022
Қазақстан мен Қытай ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қытай Халық Банкі Қазақстанда юаньмен өзара есеп айырысуды дамыту мүмкіндігін қарастыратын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
«Бурабай» Ұлттық паркінде 18 өрт сөндірілді
Жыл басынан бері «Бурабай» Ұлттық паркінің қызметкерлері Smart-Burabay цифрлы жүйесін қолданып, 18 өрттің орманға жайылуына жол бермей, дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
Президент АҚШ-қа сапарының екі күнінде 27 кездесу өткізді
20 қыркүйектің басты оқиғасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебаты болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 21 Қыркүйек, 2022
Қытай Yünhay-1 метеорологиялық спутнигін ұшырды
Бүгін Қытай атмосфераны, теңіз және ғарыштық ортаны бақылау үшін Yünhay-1 үшінші жер серігін сәтті ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2022
Үкімет басшысы жол апатынан қайтыс болған дәрігерлердің жақындарына көңіл айтты
Премьер-Министр Қарағанды облысында болған жол апатынан қаза тапқан дәрігерлердің жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2022
Қымбат медициналық зерттеулер қолжетімді болды - Әлихан Смайылов
Премьер-Министр Әлихан Смайылов мемлекеттің жүйелі шаралары денсаулық сақтаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ахмет Байтұрсынұлы • 21 Қыркүйек, 2022
Қыркүйектің басында жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы табиғи апаттың салдарынан кейінге шегерілгені белгілі. Өрттен зардап шеккен тұрғындарға Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар, тіпті бүкіл ел жабылып көмек көрсетті.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022
Әлихан Смайылов БАӘ Президентімен кездесті
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Әл-Бахр» сарайында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Қыркүйек, 2022
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2022
Қазақстан мен БАӘ бірқатар келісімге қол қойды
Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов осы елдің іскер топтар өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 20 Қыркүйек, 2022
Елордада Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойы атап өтілді
XXVI концерттік маусым шымылдығы Еркеғали Рахмадиев атындағы МАФ Қазақ оркестрі ұйымдастырған қазақтың аты аңызға айналған күміс көмей әншісі Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойына арналған «Бұлбұл» атты концертімен ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2022
Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындады
Астанада Қайрат Сатыбалдының қылмыстық ісі бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2022
Қазақстан бессайыстан Азия чемпионатында жеңіске жетті
Алматы облысында өткен қазіргі бессайыстан Азия чемпионатында Қазақстан командасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2022
Әлихан Смайылов БАӘ Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті
Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары – Президент Әкімшілігінің министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 20 Қыркүйек, 2022
Жетісу облыстық сотының жаңа төрағасы тағайындалды
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов өңірдің судьялар корпусына Жетісу облыстық сотының төрағасы Ержан Кененбаевты таныстырды. Бұған дейін ол Алматы қалалық сотының судьясы қызметін атқарған, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2022
Әлихан Смайылов БАӘ басылымдарының біріне сұхбат берді
Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы ресми сапары аясында ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың «Әл-Иттихад» газетінде сұхбаты жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.