Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Ақтауда бір күнде екі «Адалдық дүкені» ашылды
«Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасы аясында Ақтауда бір күнде ашылған екі «Адалдық дүкенінің» бірі - Ақтау қаласы Полиция басқармасында болса, екіншісі Ақтау қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында.
Саясат • 11 Сәуір, 2019
Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 642 жоба жүзеге асты
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бастау алған 2 жыл мерзімде Алматы облысында 642 жоба нақты жүзеге асқан. Оның ішінде 319 жоба 2017 жылы орындалса, 2018 жылы 323 жоба жемісін беріпті.
Спорт • 11 Сәуір, 2019
Бокс: Хаммер мен Шәріпова ұлттық құрамаға шақырту алды
Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк кәсіпқой рингте күш сынасып жүрген Фируза Шәріпова мен Кристина Хаммерді еліміздің бас командасына шақырды.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
«Динатрон-Қазақстан» кәсіпорнында алғашқы өте таза титан құймасы балқытылды
Бұрынғы «Ертіс химия-металлургия зауытының» аумағында орналасқан «Динатрон-Қазақстан» кәсіпорнында салмағы 150 келіден асатын таза титанның бірінші құймасы балқытылып, екіншісі балқытуға салынды.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2019
ОСК Президент сайлауына қатысты іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын жариялады
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті.
Маңғыстауда «Бекіре» алдын алу іс-шарасы өтуде
Маңғыстау облысы ПД Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Бекіре» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері 10 күн ішінде ҚР ҚК-нің 339-бабына сай 7 дерек анықтап, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сондай-ақ, ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша 53 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2019
Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың төрағалық етуімен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда 2019 жылғы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау мәселесі сөз болды.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Солтүстік Қазақстанда оқушылар көз ауруына жиі шалдығады
Әкімдік отырысында өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық қызмет көрсету жайы талқыланып, онда есеп берген қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасов бірқатар келеңсіздіктердің бетін ашты.
Саясат • 11 Сәуір, 2019
Үкіметтік жұмыс тобы көпбалалы аналармен және аз қамтылған отбасылармен кездесті
Бүгін күннің екінші жартысында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова бастаған үкіметтік жұмыс тобы Түркістан облысына барды. Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сұхбат • 11 Сәуір, 2019
«Спорт қоғамы жеңісті жолды жалғастырып келеді»
Қазақ спортының тарихынан сырт шертсек, әйгілі «Динамо» спорт қоғамын айналып өту мүмкін емес. Бір ғасырға жуық тарихы бар орталық жеңісті жолды жалғастырып келеді. Еліміздегі динамолық спортшылар Олимпия ойындары, әлем және Азия чемпионаттарында атой салып, алтыннан алқа тағып жүр. Спорт қоғамының қазіргі жай-күйі қандай? Біз осы сауал төңірегінде «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар ОМАРҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.
Спорт • 11 Сәуір, 2019
Кәсіпқой боксқа қазынадан неге қаржы бөлінеді?
Бұл күндері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен түрлі әлеуметтік желілерде Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы Фируза Шәріпованың IBO және WBC Silver нұсқалары бойынша чемпиондық белбеуден айырылуы және айтулы спортшыға мемлекеттік қазынадан қыруар қаражат бөлінгені жайындағы мәселе қызу талқыға түсуде.
Саясат • 11 Сәуір, 2019
Дариға Назарбаева: Президент сайлауын әділ өткізу ортақ міндетіміз
Бүгін Парламент Сенатының отырысында Дариға Назарбаева кезектен тыс өтетін президенттік сайлау туралы пікір білдірді.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төралқа отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарына арнаған Үндеуінде алдағы ел Президентін сайлауды кезектен тыс өткізудің еліміз үшін маңыздылығы сөз болды.
Әлем • 11 Сәуір, 2019
Нью-Йоркте екпеден бас тартқандарға айыппұл салынады
Нью-Йорк қаласының бірқатар ауданында қызылшаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты қала әкімшілігі осы науқасқа қарсы вакцина салдыруды міндеттеп отыр.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2019
Арман Жүдебаев: Ел бірлігі – басты құндылығымыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін жариялады.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Халықаралық кәсіби шеберлік байқауында ел намысын қорғайды
Бүкіләлемдік «WorldSkills» чемпионатына жыл сайын 70-ке жуық елден ең үздік мамандық иелері жиналып, сала үздігін анықтайды.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Жоғалып кеткен әйелдің өлі денесі мәйітханадан табылды
Петропавл қаласының Марина есімді 31 жастағы тұрғынына осыдан төрт күн бұрын іздеу салынған болатын.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Түркістан: Келес ауданында жаңадан демалыс орны ашылады
Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны Нұрлан Жүзбаев Бірлік ауылдық округінен жаңадан демалыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Меншік иесінің жұмыс жасап жатқанына 2 жылдай уақыт болған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жаңадан құрылып жатқан демалыс орнында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Біржан Хасанғали: Келешек үшін маңызды
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірдегі Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы жария етті.
Қоғам • 11 Сәуір, 2019
Н.Ноғаев қариялар үйі жөнінде: Бұл – біздің дәстүрімізде жоқ, қоғамымызда ешқашан болмаған нәрсе
10 сәуірде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өтті.
Спорт • 11 Сәуір, 2019
Жағажай волейболынан Яковлев/Богату жұбы Тайландағы турнирдің жартылай финалына өтті
Тайландта жағажай волейболынан өтіп жатқан ерлер арасындағы әлемдік тур бәсекесінде қазақстандық Яковлев/Богату жұбы жартылай финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Президент халық мандатына ие болады - Гүлмира Исимбаева
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында бүкілхалықтық президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Түркістан: Жетісай ауданының диқандары 77 мыңнан астам жерге егін егеді
Түркістан облысы Жетісай ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды. Бүгіннің өзінде ауданда 40 мың 310 гектар жер тырмаланған. Енді бірер күнде мақта егу жұмыстары басталады. Болжам бойынша, биыл жетісайлық диқандар 45 мың гектар жерге ақ алтын дән себуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2019
Азат Перуашев: Қоғамға көрсетілген үлкен құрмет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетінін мәлімдеді.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Қарағанды облысында Stopfake09 Telegram-арнасы іске қосылды
Қарағанды облысында мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таралған хабарламалардың ақ-қарасын анықтау мақсатында Stopfake09 Telegram-арнасы іске қосылды.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Қызылордада «Геоақпараттық қызмет» бағдарламасы цифрлы форматта қызмет көрсете бастады
Қызылордада шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Геоақпараттық қызмет» бағдарламасы цифрлы форматта қызмет көрсете бастады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 11 Сәуір, 2019
Астанада қайырымдылық BI Marathon өтеді
Жарысқа 10 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
БҚО-да «Охотзоопром» инспекторы киік мүйізімен ұсталды
10 сәуір күні таңғы сағат 07.10. шамасында Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Қалабай қыстағы маңынан тоқтатылған «Нива-Шевроле» автокөлігі салонынан 10 дана киік мүйізі, пышақ, ара, мылтық және оқ табылды.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Ақтау полиция басқармасында «Адалдық дүкені» ашылды
Ақтау қаласы Полиция басқармасындағы «Адалдық дүкенінің» ашылуына Агенттіктің аумақтық департаментінің басшылығы, Полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов, орынбасары Жанар Ерғалиева мен қызметкерлері қатысты.