Соңғы жаңалықтар
Парламент • 03 Маусым, 2019
Н. Нығматулин Чех Республикасының Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рудолф Гиклді қабылдады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
БҒМ шетелдегі қазақтар үшін білім гранттарын ұсынды
Білім және ғылым министрлігі ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының азаматтары үшін білім гранттарын ұсынды. Бұл туралы ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламалар орталығының сайты хабарлады.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Маңғыстауда ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.
Әлем • 03 Маусым, 2019
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Қатарда талқыланды
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Бақыт Батыршаев бастаған қазақстандық делегациясының Қатар мемлекетіне сапары өтті. Делегацияның құрамына ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстан Инжиниринг «ҰК» АҚ, «Шымкент» ӘКК» және «Астана «ӘКК» АҚ өкілдері кірді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 03 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көне Тараз» археологиялық саябағын аралап көрді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Шымкентте мектепте ақша жинауға қатаң тыйым салынған
Шымкент қаласында мектептерде қосымша қаржы жинауға қатаң түрде тыйым салынған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Instagram парақшасында жазды.
Спорт • 03 Маусым, 2019
Велоспорт: «Джиро д'Италия» додасы аяқталды
Биыл 102 мәрте жалауы желбіреген велошабандоздар арасындағы ең белді жарыстардың бірі – «Джиро д'Италия» көпкүндігі аяқталды. Үш аптаға созылған бұл бәсеке Болоньядан бастау алып, Веронада өз мәресіне жетті.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Шымкенттегі кəсіпкер балалар тапқан табыстарын қайырымдылыққа жұмсайды
Шымкентте 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында балалар жәрмеңкесі өтті. Аталған жəрмеңке «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен қалада екінші рет ұйымдастырылды. Арбаттағы шарада 6 мен 14 жасқа дейінгі 90 кəсіпкер бала тапқан табыстарының 10 пайызын қайырымдылыққа жұмсамақ.
Спорт • 03 Маусым, 2019
Австрияда дзюдошыларымыз төрт жүлде алды
Австрияның Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропаның ашық кубогын Қазақстан құрамасы төрт жүлдемен қорытындылады.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Түркістанда туристерге арналған автобустар әкелінеді
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қытайлық BYD компаниясының өкілдері арасында Түркістан қаласында шоғырланған тарихи-мәдени орталықтарға туристерді тасымалдау үшін экологиялық таза көлік ендіру мәселесі бойынша кездесу өтті.
Президент • 03 Маусым, 2019
Президент «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды
Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жұмыс сапарын минералды тыңайтқыш өндіретін зауытты аралаудан бастады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 03 Маусым, 2019
Ауыр атлетикадан әлем біріншілігі басталды
Бұл күндері Фиджидің астанасы ¬– Сувада ауыр атлетикадан жас өрендер арасында әлем біріншілігі өтіп жатыр.
Президент • 03 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 03 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Әуелі Мемлекет басшысы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Минералды тыңайтқыштар» зауытына атбасын бұрып, аталған кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты.
Руханият • 03 Маусым, 2019
«Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбектерін отандық медицинада дәріптеу» тақырыбында конференция өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Талғар медициналық колледжі және «Өтейбойдақ» қазақ медицинасын дамыту қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ғұлама ғалым, Қазақ медицинасының негізін қалаушылардың бірегейі, «Шипагерлік баян» кітабының авторы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының еңбектерін зерттеп-зерделеу, өскелең ұрпаққа ауқымды түрде насихаттау мақсатында ғылыми- тәжірибелік конференция өтті.
Руханият • 03 Маусым, 2019
«Альтаир» халық би ансамблі 55 жылдық мерейтойын атап өтті
Ақтаулық көрермендер «Альтаир» халықтық би тобының Абай атындағы Мәдениет сарайында 55-жылдық мерейтойына арналған концертін тамашалауға мүмкіндік алды.
Руханият • 03 Маусым, 2019
Жүрегі музыка деп соққан жас өнерпаздар үшін жыл сайын асыға күтетін үлкен өнер оқиғасы бар. Ол – «Жас қанат»! Міне, осымен 28-ші мәрте шымылдық түріп, жиырма сегізінші жұлдызын анықтауға кіріскен байқау көзді ашып-жұмғанша мәресіне де жетіп үлгерді. Үш күн бойы жас таланттардың үміт толы жанары мен лүпіл қаққан жүрегінің дүрсіліне куә болған елордалық тыңдарман кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты жиында «Жас қанат-2019» жас орындаушылардың XXVІІІ республикалық байқауының кезекті жеңімпазына қуана қошемет көрсетті.
Қазақстан • 03 Маусым, 2019
Қызылорда облысында сүтті қайта өңдеу өнімдері дамып келеді
Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров «РЗА» АҚ сүт кешенін және сүт өнімдерін қайта өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Ақтөбе облысында ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етілді
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Түйетөбе» ескерткіші жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Сапархан Омаров Қызылордаға жұмыс сапарымен барды
Арал ауданында Көкарал бөгеті мен Қараөзек су қоймасының жұмысымен танысты. Сапар барысында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Қызылорда облысында көп балалы аналарға үй берілді
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғын үйге мұқтаж аз қамтылған көп балалы тұрмысы төмен отбасыларға жаңа баспана кілттерін табыс етті.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Қызылордада дәстүрлі V малшылар слеті өтті
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дәстүрлі V малшылар слеті өтті.
Спорт • 03 Маусым, 2019
Ақмарал Науатбек дзюдодан Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды
Австрияның Лейбниц қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогі додасында Қазақстан командасы сәтті өнер көрсетті деп хабарлайды Olympic.kz.
Аймақтар • 03 Маусым, 2019
Солтүстік Қазақстанда республикалық арнайы жұмыс тобы болды
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов бастаған республикалық арнайы жұмыс тобы өңірде болып, жиын өткізді.
Руханият • 03 Маусым, 2019
Тәуелсіздік сарайында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сиқырлы бояулар әлемі» атты көрме өтті. Бұл көрмеге Нұр-Сұлтан қаласындағы «Есіл» балалар көркемөнер мектебіне баратын 5 жастан 16 жасқа дейінгі оқушылардың 160-тан аса жұмысы қойылды.
Қоғам • 03 Маусым, 2019
Степняк қаласындағы №1 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Елизавета Заболотская болашақта мұғалім болғысы келеді.
Руханият • 03 Маусым, 2019
Руханият • 03 Маусым, 2019
Салалық терминология мәселесі талқыланды
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында «Салалық терминологияның жаңа кезеңдегі мәселелері мен міндеттері» атты республикалық әдістемелік семинар өтті.
Руханият • 03 Маусым, 2019
Ән мен күйге бөленген Тобыл-Торғай
Торғай даласы мен Тобыл жағасы Ғафу ақын айтқан «тарихтың қойып кеткен арбасындай», халқымыз басынан кешкен талай тарихтың куәсі ғана емес, өнердің де ордасы болған жер. Торғай өңіріндегі әрі жырау, әрі күйші, әнші өнерпаздар Уақ Жұмабай, Қарпық Шолақұлы, одан бері Ахметбек Әбіқаев, Жүсіпбек Салықов, Қашқынбай Қазұлы, Нұрхан Ахметбеков, композиторлар Бақытжан Байқадамов, Болат Хамзин, қобызшы Қажыбек Әбенов, Абай Байтоғаев, олардың ізі композитор, әншілер Қалибек Дербісалдин, Бақытжан Сәуекенов, Гүлнар Үсенова, жырау Нағашыбай Алпысов, тағы басқалар болып кезең-кезеңімен жалғаса береді. Ал Тобыл өңірінде өткен Басықараның Қанапиясының өзі неге тұрады? Ақындығымен қатар бірнеше әні қалған Нұржан Наушабаевтың, ән атасы Әбілахат Еспаевтың, Ехсан Есетовтің, әншілер Мұхамеджан мен оның баласы Байғоныс Мұхамеджановтың қазақ ән өнеріне қосқан үлесі аз емес. Қазақ театр өнерінің пайғамбарлары туралы сөз бөлек.
Қоғам • 03 Маусым, 2019
Ел арасында халық тұрмысындағы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы алты жыл бойы тұрақты өткізіліп келеді.