Соңғы жаңалықтар
Біздің әңгімеміз жеке адамның мәдениеті, кісілік келбеті, халқымыздың дәстүрлі әдебі, жалпы адамгершілік құндылықтар орайында өрбімек. Сонымен, мәдениет емес, мәдениеттілік туралы сөз қозғамақпыз.
Бокс • 06 Маусым, 2017
Головкин-Альварес жекпе-жегінің өтетін орны белгілі болды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің өтетін орны белгілі болды.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Петропавлдан Шымкентке әуе рейсі ашылды
Күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан іске қосылған Петропавл халықаралық әуежайына тіршілік қаны жүгіріп, жолаушыларға сапалы қызмет көрсете бастады.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Есілдегі түнгі серуен маусымның ортасында ашылады
Алдағы күндері Есіл өзенінде теплоходпен түнгі серуенге шығу маусымы басталады. Астананың айшықты жерлерін кемеде отырып, түнгі 1:00-ге дейін тамашалауға болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
«Талантты бала». Фариза Оңғарсынова апамыз бұл сөзді тегін айтпаса керек-ті. Қазақтың өршіл қызы мұны өңірімізде өткен өз кешінде Есенбайдың өнерін тамашалап тұрғанда айтқан. Естіген жұрт поэзия падишасы былай деген деседі: «Осы жерде бір талантты бала бар, аты Есенбай деген. Өзі қыздардың ішінде өскен бала секілді, қарапайым. Мына Әбекең (Әбіш Кекілбайұлы) сияқты өте кішіпейіл, адамдардың көзқарасына көз қиығын салып, жәй бақылап жүреді. Өзінің ән шығаратын, кітап оқитын қасиеті бар. Сондай талантты».
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Жаз мезгілін жаңа лагерьде өткізеді
Үстіміздегі жылғы 10 маусымнан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының Панфилов кентінде Қорғаныс министрлігі Армияшылардың орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталықтары базасында шалғай орналасқан гарнизондарда тұратын әскери қызметшілердің балалары үшін «Жас сарбаз» әскери-спорттық жиыны ұйымдастырылады.
ЭКСПО-2017 • 06 Маусым, 2017
Жарма ауданының 400-ге тарта тұрғыны Астанада өтетін ЭКСПО көрмесін тегін тамашалайтын болды.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Астана-Бейжің жаңа әуе рейсі ашылды
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстан астанасынан шығатын халықаралық рейстерді ашу жалғасуда.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
Атырауда «Бала дауысы-2017» ұлттық балалар ән байқауының іріктеу кезеңі өтті. 7 мен 13 жас аралығындағы өнерлі өрендер Құрманғазы атындағы мәдениет сарайын әсем әнге бөледі.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Бүгінде компьютер мен планшеттен бас алмайтын бала кемде-кем. Кейде жас жеткіншектерге қарап отырып, смартфон ұстап туған ба деп қаласыз. Мұндай жағдайда баланың жай ғана дене қимылдатып, ойнауының өзіне қуанатын болдық. Бұл дұрыс емес. Бүгінгі бетбұрысты кезеңде дене тәрбиесін дамытып, саламатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артып келеді. Сондықтан да дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу педагогика ғылымының негізгі міндеттерінің біріне айналды. Осы орайда базалық деңгейдегі оқыту курсында алған жеті модуль жайындағы білімімді дене тәрбиесі пәні сабағында қолдану туралы ойыммен бөліскім келеді. Өйткені, дене тәрбиесі пәнінің өз ерекшеліктері бар.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
Атырауда 120 жас отбасы баспаналы болды
Облыс орталығындағы «Нұрсая» шағын ауданында «Жас отау» өңірлік бағдарламасы аясында салынған бес қабатты тұрғын үй тапсырылды.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
«Даму» қорымен бірге бизнес алға басады
Атырау облысында 42 мың кәсіпкер тіркелген. Жұмыспен қамтуда шағын және орта бизнестің үлесі 39 пайыз, бүгінде 129 мың адам осы салада еңбек етеді. «Даму» қоры арқылы алты жылдың ішінде 381 жоба қолдауға ие болды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы жұмыстар субсидиялау негізінде жүзеге асып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау аймақтық филиалының директоры Әлия Өтепқалиева осындай мәліметтерді баяндады.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа тәлім-тәрбиесі жарасқан әулетті үлгі ету мақсатындағы «Мерейлі отбасы» байқауында Маңғыстау облысы бойынша түпқарағандық Тәуірхан Қанжанов ағайдың отбасы жеңімпаз атанды. Бәсекелестер де оңай емес, сол мықтылардан озып шыққан отбасына назар аударғанбыз...
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
«Лесная» мен «Береговаядан» қашан құтыламыз?
Қызылжар аудандық «Қызылжар» газетінің 7 сәуірдегі санында көшелердің атаулары өзгертілетіні туралы ақпарат жарияланды. Оны оқып шығып, көңілім су сепкендей басылды. Себебін түсіндірейін.
Театр • 06 Маусым, 2017
Өнер деген – бір түсініксіз құдірет. Өнер туралы сөз қозғап, қалам тербесең әрі қарапайым, әрі түсінікті болу керек. Кемел сөз шәкірттің үрейін ұшырады. Дана сөз – жүректі қозғамай, миды қозғайды.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Қазақ «Оқығанның асығы алшы, оқығаннан ұққан жақсы» деп адамды жасынан ұғымтал болуға баулып, тәрбиелеген. Білім-ғылым сөзде тұрғаны белгілі болса да, сөзді танудан аулақ қашқан, надандыққа бой алдырған жұрт та әр кезде бар қоғамда болған, болмақ та. Абай хакім «Зарардан қашық бол, ғылымға асық бол» деп бекер ескертпегенін өмір көрсетіп отыр.
Дүние жүзінде электр қуаты көздерінің балама түрлерін пайдалануға деген бетбұрыс әлдеқашан белең алған. Бұл ең алдымен, планетамыздағы барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игілікті іс.
Мақсат – қарым-қатынасты нығайту
2 маусым күні Брюссельде Еуроодақ-Қытай саммиті мәреге жетті. Еуропа елдері лидерлерінің ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерімен дәстүрлі кездесуі биылғы жылы ерекше маңызды болғанын атап өту керек.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Қытай төрағасының кітабы қазақ тілінде басылды
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты кітабы қазақ тіліне аударылып, оқырман қауымға ұсынылды.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Өзара ынтымақтастыққа ортақ ұмтылыс
Жақында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді деп күтілуде. Осы орайда, біз еліміздің ҚХР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат НҰРЫШЕВПЕН әңгімелесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін қозғаған едік. Төменде сол әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
Биылғы көктемде Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған қанатқақты жобаға сәйкес аз қабатты несиелік тұрғын үйлер құрылыстарын көтеру көзделген. Аталған жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылмақ.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
Басты бағдар – инновациялық өнімдер
Жуырда өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кеңесте кәсіпкерлікті қолдау, негізгі капиталға инвестиция тарту, импорт алмастыру секілді өзекті мәселелер қаралып, жергілікті кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығу, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру мүмкіндіктері жан-жақты сараланды.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
Көктемгі егіс жұмыстарының барысы қалай? Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен агрокеңес отырысында биылғы көктемгі егіс жұмыстарына барлық жағдай жасалғаны барынша атап көрсетілген еді. Осыған көзімізді жеткізу үшін біз Көкшетау қаласына жақын маңдағы Зеренді ауданы Кусепский ауылдық округінің Раздольное ауылында болып, «Грин Азия» ЖШС жұмысымен жақын танысып қайттық.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл басындағы Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын айтқан болатын. Технологиялық дамудың жаңа деңгейіне көтеретін ауқымды жаңғыру, конституциялық реформа арқылы саяси жаңғыру және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында рухани жаңғыру биыл Мемлекет басшысының тікелей қарауындағы, ел үшін маңызды үш бағыт болып отыр. Бұл жеке адамдардың ғана атқаратын жұмысы, я жеке адамдар үшін шарапатты дүние емес. Бұл – ел болашағы, ертеңі үшін жасалған тарихи маңызды, саяси қадам.
Әлем туған жерді танудан басталады
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ қоғамының мәдени, рухани құндылықтары жайында көп дүние айтылды. Латын әліпбиіне көшуден бастап, «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиялық белдеуі», сондай-ақ «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты бағдарламалық жобалардың түп-төркінінде ұлттық рухты көтеру, ізгілікті арттыру, әр адамның кеудесіне іңкәрлік сезімді ұялату жатқаны анық. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыру ақпарат құралдарына жүктелетіні белгілі.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Тұрақтылық – басты құндылығымыз
Ақтөбе қаласында орын алған террорлық актіге кеше бір жыл толды. Өмір күнде той емес. Оның сәттілігі мен сәтсіздігі, қуанышы мен қайғысы және шаттығы мен күйініші қатар келіп, бір-бірімен алмасып жатуы өмірдің жазылмаған заңы іспеттес. Егер өмірдің кедергісі мен бұралаңы, қиясы мен қалтарысы болмай, тек бірыңғай марафоншылардың жүгіретін жолындай теп-тегіс болса, оны өмір деп те атамаған болар ма еді. Сол секілді егемендікті еңселендіру мен мемлекеттілікті тұғырландыру кезеңінде де күтпеген тосын жайттар, тіпті уыздай ұйыған ел-жұрттың тату-тәтті тіршілігіне сына қағуды көксейтін қаскүнемдік әрекеттер де кездесуі әбден мүмкін.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Елбасы кадр таңдауда қателескен жоқ
– дейді генерал-полковник Қайырбек СҮЛЕЙМЕНОВ. Алғашқы жылдардағы біздің ең басты міндетіміз ел ішінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту болды. Елбасы осы міндеттердің орындалуына баса көңіл бөліп, бізден ең бірінші осыны талап етті.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Оңтүстік Корея павильонында көрсетіледі. Кеше Корея Республикасы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі өз павильонын таныстырды. Қалашықтағы ең үлкен павильондардың бірін еншілеген олар «Болашақ энергиясы. Ақылды өмір» (Future Energy, Smart Life) деген тақырыпты ту еткен.
Аймақтар • 06 Маусым, 2017
Мемлекеттік рәміздерімізді қорғау – Отанды қолдау
Қазіргі таңда көптеген азаматтар мемлекеттік рәміздерді қолданудың жай-күйін біле бермейді. Кейбіреулері осы саланы реттейтін арнайы заңның бар екендігінен де бейхабар.
Үкімет • 06 Маусым, 2017
Жаңғыртудың үшінші кезеңін жүзеге асыру барысында еліміздің статистика саласына да бірқатар өзгерістер енгізіліп, жұмысы жетілдіріле түспек. Бұл туралы кеше Үкіметтің баспасөз орталығында өткен «Мемлекеттік статистика және есеп жүргізу әдістемесін жетілдіру туралы» брифингте айтылды.