Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 07 Маусым, 2017
«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасына» кімдер лайық?
Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мұрындық болуымен «Тұлғалардағы заманауи Қазақстан: ел жетістігінің жасампаздары» тақырыбында талдау жиыны өтті.
Аймақтар • 07 Маусым, 2017
Жанкелдин ауданына жаңа әкім тағайындалды
Қостанай облысы Жанкелдин ауданын енді бұрын аудан әкімінің орынбасары болып қызмет еткен Шота Оспанов басқарады.
Әлем • 07 Маусым, 2017
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасады
Ислам Кәрімов тұсында аса ықпалды шенеуніктердің бірі болған Рустам Әзімов премьер-министр орынбасарыы қызметінен босатылды.
Әлем • 07 Маусым, 2017
Библия тұңғыш рет өзбек тілінде жарық көрді
Ташкентте өзбек тілінде жарық көрген інжіл кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды kultura.uz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2017
СҚО: Екі адамды өлтірген тұрғын бейнебақылауға түсіп қалған
Солтүстік Қазақстан облысы Смирново кентінде орын алған ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды.
Қазақстандағы МӘМС жүйесі бойынша сұрақтар мен жауаптар (7 бөлім)
Емханалардың жұмысында қандай өзгерістер болады? Ұзын-сонар кезек азая ма?
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Өз ісіне адал полицейлер қоғамға үлгі
Полиция қызметінде жүргендер өз бастарын тәуекелге тігіп, кейде өлім құшып та жатады. Ондаған, тіпті, жүздеген адамға өмір сыйлайтын мұндай құрбандық шынымен де нағыз ерлік екендігінде дау жоқ.
Аймақтар • 07 Маусым, 2017
Қостанайда «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өңірлік директоры тағайындалды
Қостанайда «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өңірлік директоры болып Ербол Сүлейменов тағайындалды. Ол бұрын «Тобол» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Бұл облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің осы акционерлік қоғам басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанышев пен басқарма директоры Александр Конопляныйдың облысқа келуіне орай өткізген мәжілісінде белгілі болды.
Футбол • 07 Маусым, 2017
Өткен аптада Алматының «Қайраты» мерзімі өзгертілген 20-турдың ойынында «Астананы» ірі есеппен ойсырата ұтқан болатын.
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
«Жастардың спортқа қызығушылығы қуантады»
Жамбыл облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбековпен арада болған әңгіме барысында өңірдегі спорттың өрге басқан қадамы ғана емес, қазіргі таңдағы өзекті мәселелері де сөз болды.
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Қазақстандағы Қытайдың туризм жылы арамызды жақындата түседі – Назарбаев
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Көрікті Қазақстан – Көркем Қытай: «Нұрлы жол» мен «Жібек жолы» экономикалық белдеуін түйіндестіру» фотоальбомының басылып шығуына орай жазбаша құттықтаулар жолдады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Әдебиет • 07 Маусым, 2017
Меңғали Мейірманов, құрбым сізге...
Алаштың ардагер ақыны Таңжарық Жолдыұлының өмірі мен шығармаларының атамекендегі қазақ жұртына кеңінен таныла бастағаны тәуелсіздіктің ширек ғасырымен тұспа-тұс келді.
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Мемлекеттік сыйлық және мәңгілік ғұмыр
Жуырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазақтың ұлттық гобеленінің негізін қалаған Құрасбек Тыныбековтің 70 жылдығына» арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында баспада жарық көруіне туған інісі Құттыбек Жақыпов ұйытқы болған «Альбом. Құрасбек Тыныбеков» кітабы таныстырылды. Сондай-ақ, облыстық «Бейнелеу өнері» музейінде жеке көрмесі ашылды.
Аймақтар • 07 Маусым, 2017
Мәртебе анықтау – жауапты жұмыс
Елімізде қолға алынған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тіркелмеген, медициналық тұрғыдан сақтандырылмаған азаматтарды кез келген емхана қабылдай алмайды. Сондықтан да қарапайым тұрғындар арасында түсініспеушілік туындауы мүмкін.
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Қызмет пен қаржы қағидаттарын қалыптастырады
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық жұмыс берушілер өзінің жұмыскерлері үшін міндетті медициналық сақтандыру жарналарын аудара бастайтынын білеміз. Бұл күн жақындаған сайын, осы тақырыпқа жұртшылықтың қызығушылығы арта түсті.
Аймақтар • 07 Маусым, 2017
Шығыс Қазақстанда 851,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Биылғы жылдың қаңтар айында елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасы бекітілгені белгілі. Бағдарлама аясында әуелі облыс орталықтарында қанатқақты жобаларды жүзеге асыру көзделген. Шығыс Қазақстан облысында қанатқақты жобалар Өскемен және Семей қалаларында қолға алынады деп жоспарланып отыр.
Аймақтар • 07 Маусым, 2017
Награда 72 жылдан кейін иелерін тапты
Петропавлдағы Достық үйінде майдан даласында ерлікпен қаза тапқан қос жауынгердің ұрпақтарына үлкен құрмет көрсетілді.
Аймақтар • 07 Маусым, 2017
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Еліміздің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру бағытындағы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруда Маңғыстау облысының мүмкіндігі мол. Теңіз жолы, темір жол және автокөлік жолы арқылы шартараппен байланысу мүмкіндігі жоғары аймақта аталмыш бағдарлама аясында ауқымды жобалар қолға алынған.
Бағдарламалар • 07 Маусым, 2017
Алдағы жылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алудың тәртібі өзгереді. Ал сол жаңа форматты енгізуге дайындық барысы қалай? Бұл мәселе кеше Үкімет отырысында талқыланды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиында еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) даму жайы да қаралды.
ЭКСПО-2017 • 07 Маусым, 2017
Қазақстан Қытайға 5 млрд текше метр газ экспорттайды
Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен CNPC Корпорациясы басшыларының кездесуі өтіп, оның барысында екі елдің басты мұнай-газ компанияларының қазақстандық газды экспорттау бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі.
ЭКСПО-2017 • 07 Маусым, 2017
Қостанайдан 100 волонтер ЭКСПО-2017 көрмесінде қызмет көрсетеді
Қостанайлық волонтерлерді ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне облыс орталығынан салтанатты түрде шығарып салды.
Фильмнің «мінезі» де адамның мінезі секілді әрқилы болып келеді. Бір фильм бар, өн бойынан мейірім төгіліп тұрады, енді бірі мұңды, келесі бірі бас-көз демей «сойып салатын» өткір. Оның өзі де әрқилы.
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Гүл көмкерген Астана (Фоторепортаж)
Биыл елордадағы гүлзарлардың жалпы аумағы 163 мың шаршы метрге кеңейген
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Қар суынан көл жасасақ қайтеді?
2004 жылы Астанаға Қазақстан тыңының 50 жылдығын тойлауға жан-жақтан қонақтар келген еді. Солардың арасында жазушы, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Федор Трофимович Моргун да болды. Ол жас кезінде Украинадан келген тыңгерлер қатарында Көкшетау облысындағы «Толбухин» кеңшарының іргетасын қалап, соның алғашқы директоры болады. Мұнан кейін Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Тың өлкелік ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Украинадағы Полтава облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарады. Ең соңында КСРО Табиғат қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болады. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Социалистік Еңбек Ері. Көптеген кітаптар жазып, жазушы да атанады. Былайша айтқанда, көп дүниені бастан кешірген мол тәжірибе иесі және жан-жақты білікті адам.
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Әлеуметтану ғылымында қоғам дамуының тарихын Аграрлық, Индустриялық және Ақпараттық деп үшке бөліп қарастыру дәстүрі бар.
Рухани жаңаруды бұрын Қазақстан қоғамында болмаған құбылыс, мүлдем жаңа тренд деп есептесек, қателесеміз. Рухани жаңғыруға ұмтылу қазақ этносына тән болған.
Қазақтың билер соты – ұлттық құндылық
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде қазақстандықтардың біртұтас ұлттық идеяға топтасып, береке-бірлігі жарасым тапқан, ырыс-ынтымағы ұйыған, ризығы тасыған тұғырлы мемлекет болуы мәңгілік елдің кепілі екені атап көрсетілді. Осы еңбегі арқылы Мемлекет басшысы бүкіл қазақстандықтарды біртұтас елдік мақсатқа үндеді.
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Орталық коммуникациялар қызметінде Р.Әлімовтің «Шанхай ынтымақтастық ұйымы: қалыптасуы, дамуы, келешегі» атты кітабының ресми таныстырылымы өтті.
Қазақстан • 07 Маусым, 2017
Доминикан министрі Астанаға алғаш рет ресми сапармен келді
Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрі Мигель Варгаспен кездесті.