Соңғы жаңалықтар
ЭКСПО-2017 • 08 Маусым, 2017
М.Әуезов атындағы Қазақ драма театры ЭКСПО-ға 7 қойылым апара жатыр
Бірер күннен кейін әлем назары ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі арқылы біздің елімізге ауғалы тұр. Көрме аясында әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар еліміздің бай дәстүрі мен мәдениетін театрлық қойылымдарымыз арқылы да тани алады. Осы орайда, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры көрмеге таңдаулы жеті қойылыммен аттанбақ.
ЭКСПО-2017 • 08 Маусым, 2017
ЭКСПО-ға Атыраудан 65 мың адам барады
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Атырау облысынан 65 мың адам баруы жоспарланған.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Ақтөбеде адамның дене-мүшелерін ауыстыру оталары сәтті жалғасып келеді
Ақтөбеде ми өлімі деп диагноз қойылған жігіттің бүйрегі кезекте тұрған 1971 және 1973 жылдары дүниеге келген екі әйелге салынды. Бұған өмірден өткен жігіттің туысқандары келісім берген. Аталған екі науқас та бұған дейін гемодиализ орталығында ем алып келіпті.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Ақтөбеде ет пен көкөніс бағалары қымбаттады
Ақтөбе облыстық статистика департаментінің сәуір және мамыр айларында жүргізген тексерулерінің нәтижесінде өңірде күнделікті тұтынатын бірқатар азық-түлік бағалары өскенін көрсетеді. Бұл туралы бағалар бөлімінің басшысы Ұлжан Ташауова айтып берді.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Күршімде ауыз су мәселесі шешімін тапты
Күршім ауданында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Боран ауылы толықтай ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ал келер жылы Қалжыр ауылына да ауыз су құбыры салынады деп жоспарланған.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Солтүстік өңірде су қоймасы мен бөгет салынады
СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынынан көп зардап шеккен Рузаев ауылының тұрғындарымен кездесіп, жағдай толық қалпына келгенше көмек шаралары жалғасатынын жеткізді.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Петропавлда 150 пәтерлі жатақхана апатты жағдайда тұр
Осыдан 35 жыл бұрын тұрғызылған жатақхананың бүгінгі сиқы адам шошырлық. Үйдің төбесі сыр беріп, бірінші қабаттың едені опырылып түскен. Шатыры, қабырғалары ажырай бастаған.
Қазақстан • 08 Маусым, 2017
Алдағы үш күнде Астанада жаңбыр жауып, найзағай болады
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде Астанада жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 20 м/с-ге жетеді, кей жерлерде найзағай ойнайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 08 Маусым, 2017
Елбасы ҚХР Төрағасымен кездесті
Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 08 Маусым, 2017
Елордаға Моңғолия президенті келді
Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж 8-9 маусымда өтетін ШЫҰ-ның кезекті саммитіне қатысу үшін Астанаға келді.
Президент • 08 Маусым, 2017
Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін жаңа сыйлық тағайындалды
ҚР Президенті Жарлығымен Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі белгіленді. Құжат нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталында жарияланды.
Қазақстан • 08 Маусым, 2017
Қазақстанда 2 млн адам кәсіподаққа мүше
10 маусым кәсіподақтар күні мерекесіне орай Астанада еліміздің Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастырумен мерекелік шара өтті.
Президент • 08 Маусым, 2017
Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге Тегеран қаласында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады akorda.kz.
Қазақстан • 08 Маусым, 2017
Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің отырысы өтті.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған флешмоб өтті
Қызылжар өңірінде 600-ден астам тәртіп сақшыларының қатысуымен «Қарасай батыр» стадионында өткен флешмоб бұқаралық сипат алды.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Қарағанды облысында Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысы басталды
Қарағанды облысының Саран қаласы маңында «SES Saran» ЖШС орталығы Азиядағы ең ірі күн электр станциясының құрылысын бастады. Инвесторлары Еуропалық одақтың өкілдері болып табылатын жобаның құны – шамамен 140 миллион еуро.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Бағдарлама игілігі баршаға ортақ
Тарих қойнауынан тамыр тартып, есте жоқ ескі замандардың тылсымынан сыр шертетін көне мекеннің байтақ қазынасы – ортақ игілік. Талайғы тарихта аты жиі кездесетін Талас өзенінің бойындағы Тараз шаһары кезінде шайырлардың шынайы ғазалдарына арқау болғаны да шын. Сол шаһардың көнелігін еске салып тұратын бірқатар нысандар болғанымен, Тараз бүгінде жаңғыру жолына түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тараз – тарихымыздың темірқазығы» деп атап көрсеткендей, сол темірқазық мекен заман ағымына, уақыт сұранысына сай дамып келеді. Бұл ретте мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың және халықтың игілігіне арналған арнайы бағдарламалардың тигізер септігі орасан.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Мақсат – индустриялық аймақ әлеуетін көтеру
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа индустриялар құру мен қалыптастыру ісі маңызды кешенді міндет екені атап көрсетілген. Оның басты шарты инновацияны қолдау және өндіріске енгізу болмақ. Бұл міндетті жүзеге асыруда индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның тигізетін септігі мен көмегі мол демекпіз. Біздің ойымызша, бұл мәселеде бірізділік пен шарттылық болмауы тиіс. Айталық, индустрияны дамыту ісінде белгілі бір аймақта технопарктердің қызметі оң жолға қойылса, елдің екінші бір өңірінде индустриялық аймақтардың алатын орны айрықша.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуы үшін тағы бір мақсат, межені айқындап берді. Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлтымыздың ұлы мұраттарын нақты жүзеге асыруға зор мүмкіндік. Осы жолда Елбасы қоғамның, әрбір ел азаматының санасын жаңғыртудың нақты бірнеше басым бағыттарын нақтылап берді.
Қазақстан • 08 Маусым, 2017
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыртудың негізі – тұрақтылық, білім, келісім» атты ХХV сессиясындағы сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «жүйелі жаңғыру біздің жұмысымыздың өзегіне айналды» деді. Сол жаңғырудың бір үлгісі ретінде мемлекеттік органдар жанынан құрылған қоғамдық кеңестерді айтуға болады.
Әдебиет • 08 Маусым, 2017
Жазушылар жамбылдықтармен жүздесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шын мәнінде тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық жаңғырудың негізі ретінде айрықша маңызды болып отыр.
Қазақстан • 08 Маусым, 2017
Бір апта бұрын Бішкек қаласынан бастау алған эко-автошеру елордаға келіп жетті. Автошеру жол-жөнекей Алматы, Балқаш және Қарағанды қалаларында аялдаған. Бұл шара қазақстандық инноваторлар мен «жасыл технология» бағытындағы өнертапқыштарды қолдауға бағытталуымен ерекшеленеді.
Әдебиет • 08 Маусым, 2017
Шығармалар жеті өлшемге сай болуы тиіс
Астанада Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы болып өтті.
Бизнес • 08 Маусым, 2017
Қазығұрттық дихандар таңқурай өсіруде
Қазығұрттық дихандар таңқурай өсірудің әдісін әбден меңгеріп алды.
ЭКСПО-2017 • 08 Маусым, 2017
Ауылдағы базар «ЭКСПО» деп аталады
Облыс орталығына қарасты Шәукен-Павлодар ауылында 2 мыңдай қазақ, 3270 орыс, 400-дей украин, неміс және басқа ұлт өкілдері бар 7 мыңдай халық тұрады. Елге оралған 300-дей отандастарымыз да тіршілік жасап, бақуатты өмір сүруде.
Тәрбие • 08 Маусым, 2017
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы оқыған жанды бейтарап қалдыруы мүмкін емес. Себебі, мақалада біздің қоғам көптен бері мұқтаж болып отырған ойлар мен ұстанымдар орын алған.
Медицина • 08 Маусым, 2017
Өзгенің жүрегіне өмір сыйлау үшін де үлкен жүрек керек
Отандық медицина алға озып, әлемдік бай тәжірибе елімізге енгізіліп жатқан тұста білікті маманның мәртебесі биіктей түсетіні анық.
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Араб Әмірлігі ОҚО-мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттырмақ
Біріккен Араб Әмірлігі Оңтүстік Қазақстан облысымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттырғысы келеді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф мәлім етті
Аймақтар • 08 Маусым, 2017
Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Бұл байқау Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын айта кеткен абзал.
Әдебиет • 08 Маусым, 2017
Ташкентте Өзбекстан Жазушылар одағының мәжіліс залында өзбектің көрнекті жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мехмон Исламқұловтың шығармашылық мерейлі белесіне орай салтанатты жиын өтті.