Соңғы жаңалықтар
Кино • 09 Маусым, 2017
«Бір уыс бидай» – өмір үшін жанталас
Жуырда Мұхтар Мағауинның әңгімесі желісінде түсірілген «Бір уыс бидай» қысқаметражды көркем фильмі «Жетісу» телеарнасы арқылы көпшілікке жол тартты.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Көру мүмкіндігі бар болғаны 8 пайызды құрайтын Қарағанды қаласының тұрғыны велосипедпен Алматыға саяхаттап кетті. Өзінің әрекетімен ол мүмкіндігі шектеулі азаматтарға рух беріп, барлық шектеулер тек олардың санасында ғана болатынын дәлелдемек.
Футбол • 09 Маусым, 2017
Александр БОРОДЮК: «Алаңға жеңіс үшін шығамыз»
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюкпен 2018 жылы әлем чемпионатының іріктеу аясындағы Қазақстан-Дания матчы алдында әңгімелескен едік.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Қазақстанда 2 млн адам кәсіподаққа мүше
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарына 2 миллионға жуық адам мүше болса, соның ішінде 700 мыңы жастар көрінеді. Республика бойынша жалдамалы жұмыскерлер санының 6 млн шамасында екенін ескерсек, кәсіподақтарға мүше азаматтар саны 33 пайызды құрайды.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Петропавл – Шымкент арасына ұшақ қатынай бастады
Күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан іске қосылған Петропавл халықаралық әуежайына тіршілік қаны жүгіріп, жолаушыларға сапалы қызмет көрсете бастады.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Отбасылық консилиум жасайтын әулет
Білікті дәрігер, хирург, денсаулық сақтау саласының ардагері, былтыр 80 жасқа толған Табылды Асылханов бүкіл ғұмырын еліміздің медицина қызметіне арнап, халық денсаулығын сақтау жолында еңбек етті. Әке жолын жалғастырған ұлдары да «Асылхановтар – дәрігерлер әулеті» деген жақсы атаққа жеткізді.
Жеңіл атлетика • 09 Маусым, 2017
Ольга Рыпакова «Гаухар лига» сайысының қола жүлдегері атанды
Италия астанасы Римде жеңіл атлетикадан «Гаухар лига» сайысының төртінші кезеңі аяқталды. Отандастарымыздың арасында қатысқан жалғыз атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады kazathletics.kz.
Театр • 09 Маусым, 2017
Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Қазан қаласында өткен Түркі халықтарының ХIII «НАУРЫЗ» Халықаралық театр фестиваліне А.Чеховтің «Шие» комедиясымен қатысты. Фестиваль бағдарламасында Қазақстан, Ресей, Эстония, Башқұртстан, Алтай, Якутия, Хакасия елдерінің ең үздік 18 театр қойылымы ұсынылды.
Театр • 09 Маусым, 2017
Үрей мен үміт кезектескен қойылым
Тіршілік сабақтастықтан тұрады. Әлемде болып жатқан оқиғалар біреуден-біреуге жету арқылы, ол туралы барша халық, адамзат құлақтанады. Мысалы, теледидардағы халықаралық хабарларды есту арқылы айтулы ақын Сабыр Адай «Он сегіз мың ғалам және ксенофобия дерті» атты сана мен елес, үрей мен үміт, жүрек пен жыр, жеті қат жер, жеті қат көк, жеті саз жайлы жеті бөлімнен тұратын өмірзая-толғауды өмірге әкелген болатын. Ақтауда өткен ақынның шығармашылық кешінде Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры толғауды сахнаға театр ұжымының еркін шығармашылық ізденісі нәтижесіндегі тың дүние етіп алып шықты.
Әдебиет • 09 Маусым, 2017
Қазанғаптың қанша күйі болған?
Қазанғаптың қанша күйі болғанын ешкім де тап басып айта алмайды. Бірақ оның тек «Ақжелең» күйінің өзі ғана 62 нұсқадан тұратынын қазанғаптанушылар айтып та, жазып та жүр. Ал одан басқа да Қазанғап домбырасының шанағынан көптеген күйлер төгілген. Күйлерін ұлы күйшінің өзінен үйреніп, жанында жүрген тікелей шәкірттері боп өмірден өткен Жәлекеш Айпақов, Кәдіралы Ержанов, Мәжит Бейсенбаев секілді көптеген домбырашы-күйшілер, арнайы Шалқарға келіп, Қазанғаптың күйлерін жазып алған академик Ахмет Жұбанов, экспедиция жасақтап келген Бек Сүлейменов, Мардан Байділдаев және басқа ғалымдар, Қазанғап күйлерін нотаға түсіріп, ғылыми айналымға қосқан Сәдуақас Балмағамбетов те Қазанғаптың күйлерін толық жинақтай алмады. Қазіргі кезде Қазанғап күйлерінің аттары белгілі болғанымен, оларды ешкім толық біле бермейді.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Үлкен жауапкершілік пен салмағы бар істі абыроймен атқара білудің өзіне де біріншіден арлылық тән екені анық. «Жарлы болма, арлы бол» демей ме дана халқымыз. Осындай арлы азаматтың бірі, тіпті бірі емес-ау, бірегейі, марқұм Ғалымжан Нұрышев еді.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Әркім өз денсаулығының дәрігері
Елбасы биылғы Жолдауында елімізде енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты нақты тапсырмалар жүктегені белгілі. Мемлекет басшысы жүйенің жүйелі жұмыс жасауы үшін ең алдымен ақпараттандыру қызметі ақсамауы керектігін айтқан-ды. Халықты хабардар ету міндеті қалай атқарылып жатқаны жөнінде Алматы шаһарының №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС жүйесін түсіндіру бойынша бас спикері Марат ШӘДІБАЙҰЛЫМЕН әңгімелескен едік.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы көпшіліктің көңілінен шықты. Елбасы бұл мақаласында бұрын жарияланған саяси және экономикалық реформаларға қосымша елімізді рухани жаңғыртудың бірегей бағдарламасын ұсынды.
Әлем • 09 Маусым, 2017
Қоғамдық сананы жаңғырту – ел дамуының іргетасы
Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасының жаңғыртылатынын жария етті. Сондай-ақ, жыл басынан бері Қазақстан басшысының бастамасымен саяси реформалар жүргізілу үстінде.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Адамзат баласының барлық даму кезеңінде оның өрлеуі, яғни неғұрлым жетілдірілген сипатта жаңаруы, ілгерілеу қарқыны негізінен халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты. Елдік сананың дамуы алдыңғы сатыдағы азаматтық қоғамда, сондай-ақ, ағарту жұмысы мен тәрбие мәселесі орынды қойылған қоғамда әлеуметтік әділдік қарым-қатынастар негізінде жетілгеніне тарих беттерінің өзі мысал бола алады. Рухани жаңғыру – елдің даму бағытын анықтау, ал руханият – бұл барлық адамгершілік және рухани құндылықтардың үндесуі, бұл ұлтты ілгерілететін адамгершілік сана.
Алғашқы тоқсанның айтары не?..
Ел Үкіметі 2017 жылғы ІЖӨ көлемі 2,5 пайызға өседі деп жоспарлаған болатын. Мұндай есептеулер осы жылы мұнай бағасы барреліне $50-ден келеді және еліміздегі мұнай шығару көлемі 81 млн тоннаға өседі деген болжаммен жасалған.
Аймақтар • 09 Маусым, 2017
Ақмола облысы аграрлы саналғанымен, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Өндірістерді өркендетудің нәтижесінде үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуір айларында 163,9 млрд теңге тауарлық өнім өндіріліп, физикалық көлем индексі 104,9 пайызға жетті.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Іскерлік қатынастың жаңа мүмкіндіктері
Астанада өткен қазақстан-қытай іскерлік кеңесінің төртінші отырысында 16 коммерциялық және негіздемелік келісімдерге қол қойылды. Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің (ҚҚІК) төртінші отырысы өтті. Іс-шараны Қазақстанның «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚХР тарапынан Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті мен «CITIC Group» корпорациясы ұйымдастырды. Іскерлік кеңес отырысына екі елдің 500-ге жуық мемлекеттік органдарының өкілдері, ірі компаниялары мен қаржы институттары қатысты.
Парламент • 09 Маусым, 2017
Сайлау науқанының екінші кезеңі басталды
Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың төрағалық етуімен Комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары қаралды.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Министрлік қызметі басшыларының қатысуымен Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді, онда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың есебі тыңдалды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Архив электронды нұсқаға көшеді
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві өндірістік қызметін толықтай жаңғыртуға және электронды архив құруға кірісті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві цифрлы дәуірге қадам: жаңа бағдар» тақырыбында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Борис Жапаров мәлімдеді.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер іріктелді
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Байланыстарды кеңейтуге шақырды
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Парламентінің Төрағасы Халима Якобпен кездесті. Ол ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне өз елінің ұлттық делегациясын бастап келген болатын, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Парламент • 09 Маусым, 2017
Төртінші деңгейлі бюджет 2020 жылы бекітіледі
Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жетекшілік еткен Парламент Сенатының жалпы отырысында сенаторлар бірқатар заңнамалық құжаттарға қатысты оң шешімдер қабылдады. Соның ішіндегі ең негізгісі Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің таныстыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы болды.
Қуана білу мәдениеті һәм серотонинді сезіну
Адамзат табиғаттың төл туындысы, дәлірек айтсақ, бел баласы. Көктемде көңілің шуақтанып, жазда жаның жадыраса, күзде күйің солғынданып, қыста қабағың қатуланатыны да сондықтан.
Аймақтар • 09 Маусым, 2017
Қазақтың айбыны әлем алдында тағы бір асқақтайтын күн туды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты бұл жолы да абырой жолына бастады. Бұл күні асқақ рух, шалқар шабыт айбынды Астана төрінде салтанат құрып, сәнімізді келтірері анық.
Қазақстан • 09 Маусым, 2017
Бірлігімізді паш етуге үндейді
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысты үндеу жариялады.
Аймақтар • 09 Маусым, 2017
Көңілге қанат бітірер көрмені көргенше асық
Әлем алдындағы өткір мәселені көтерген көрмені өткізу әр елдің маңдайына жазыла бермейтін оқиға әрі мақтаныш. Адамзаттың тіршілік көшінің жүгін аудармай, жұмыр жерді дамылдату үшін энергияның балама көздерін табудың бәйгесіндей болған халықаралық көрмеге Қостанай хал-қадерінше тақырыптық жағынан қатысуға талап жасады.
ЭКСПО-2017 • 09 Маусым, 2017
Ел тілегі – ЭКСПО-ны жоғары деңгейде өткізу
Елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысты жағымды жаңалықтар легі күн санап жаңаруда. Көпшілікті құлағдар ету мақсатында барынша салмақты, ілкімді дүниелерді іріктеп алудамыз. Әлем көз тіккен ғаламат шараның қазақтың астанасында ұйымдастырылуы, әлбетте әрбірімізге жауапкершілік жүктейді. Көрменің көп күткендей жоғары деңгейде өтуіне тілекшіміз. Осындай мүддеге жұмылған отандастарымыздың әрекеті тіпті көңіл қуантады.