Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Болашақты бағдарлайтын басқосу
ЭКСПО-2017 аясында өтетін инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресі хақында. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қазақстандықтар үшін өте маңызды оқиға. Осы көрменің арқасында әлемдік ғылымның, инновацияның, өнеркәсіптің жетістіктерін өз көзімен көруге, әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары технологиялық және де экологиялық идеяларды бағалауға миллиондаған отандастарымызға зор мүмкіндік туып отыр. Қазақстандық ғылым мен инженерия үшін WSEC Инженерлер мен ғалымдардың бірінші дүниежүзілік конгресінде өздерінің тәжірибелерін және жетістіктерін таныстыруға жан-жақты жағдай жасалған.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Қоғамдық комиссияның отырысы өтті
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2017 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті.
Парламент • 06 Маусым, 2017
Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы ғарыш қызметінің даму барысы туралы» тақырыбында «Үкімет сағаты» өтті. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева жетекшілік еткен жиында негізгі баяндаманы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов жасады. Ол өз сөзінде жыл соңына дейін Астанада ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы аяқталып, отандық ғарыш аппаратының орбиталық топтамасын дамыту жұмысы жалғасатынын мәлімдеді.
Қазақстан • 06 Маусым, 2017
Әлем көз тіккен Астанадағы көрменің басталуына санаулы күн қалды. Әне-міне дегенше жер беті халқы Қазақстан топырағында өтетін тарихи шараның салтанатты ашылуының куәсі болады. Еліміздің дәреже-деңгейін және мүмкіндігін тағы бір сынға салатын шараға әзірміз деп айтуға толық негіз бар. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың айтуынша, барлық нысандар жабдықталып, жасанып үлгерген. Дегенмен, көрме аумағын абаттандыруға қатысты бірен-саран жұмыстар ғана қалып отыр.
Атамекен эпикалық санада айшықталады, туған жер қанымыздың түйіршігінде, жанымыздың түкпірінде, тарихи санамыз бен таным-түйсігіміздің терең қатпарында қатталады. Бұл тұрғыдан алғанда, туған жер тұрған жермен өлшенбейді.
ЭКСПО-2017 • 05 Маусым, 2017
Корея ЭКСПО-ға сумен жүретін көлік алып келеді
Бірегей темір тұлпарды Hyundai корпорациясы құрастырған, деп хабарлайды 24.kz.
Технология • 05 Маусым, 2017
Елімізде ғарыш саласында маман тапшы
Қазақстанда Жерді қашықтықтан зондтау аппараты арқылы түсірілген суреттерді өңдей алатын кадрлар жоқтың қасы, деп хабарлайды Хабар24.
Бас газетіміздің осы жылғы 2-ші наурыз күнгі санында Н.Әлдібаевтың «Айтыстың алдаспаны − ақын Сара» атты көлемді мақаласы басылды. Онда автор «Арынды Ақсу өзенінің бойын жайлаған елде Тастанбек деген орта шаруаның отбасында Сара 1878 жылы өмірге келіпті. Негізі Біржан − Сара айтысы 1895 жылдың жазында Жетісу Алатауының бір сілемі Ешкіөлмес тауының баурайындағы Көшкентал жайлауында өткен екен», − деген деректер келтірді. Осы мақалаға байланысты өз пікірімді айтсам деймін.
Театр • 05 Маусым, 2017
Маман Байсеркеұлы. Қара қылды қақ жаратын әділдігі бар, кейде балаша таза, кейде қартша адуын мінез танытып жүретін жан.
Бизнес • 05 Маусым, 2017
Оңтүстікте қарбыз егістігі азайды
Биыл Оңтүстік Қазақстанда 160 мың тонна қарбыз егілді, деп хабарлайды Хабар24.
Қазақстан • 05 Маусым, 2017
Ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын 12 автожол салынады
Мәжіліс депутаты Бахтияр Мәкеннің айтуынша, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде жалпы ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын 12 автожол салынады.
Президент • 05 Маусым, 2017
Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовке ЭКСПО кезінде қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Аймақтар • 05 Маусым, 2017
Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
Президент • 05 Маусым, 2017
Тимур Құлыбаев Елбасына кәсіпкерлікті дамыту шаралары туралы есеп берді
Елбасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Аймақтар • 05 Маусым, 2017
Ерғали Егемберді Астана қалалық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қазақстан • 05 Маусым, 2017
БАҚ саласындағы сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2017 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссиясының отырысы өтті.
Қазақстан • 05 Маусым, 2017
Әлеуметтану ғылымында қоғам дамуының тарихын Аграрлық, Индустриялық және Ақпараттық деп үшке бөліп қарастыру дәстүрі бар.
Аймақтар • 05 Маусым, 2017
Оқушылар арасында «Мен чемпионмын!» республикалық спорт ойыны басталды
Еліміздің 14 облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан келген 16 команда «Мен чемпионмын!» балалар спортының ақтық бәсекесіне жиналып, төрт күн бойы өз күштерін байқасады.
Аймақтар • 05 Маусым, 2017
ОҚО-да «Отбасында зорлық зомбылықсыз Қазақстан» Пилоттық жобасы жүзеге асырылады
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Бас прокуратураның «Отбасында зорлық зомбылықсыз Қазақстан» Пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша кеңейтілген жиын өтті. Жоба мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерін болдырмау және оның алдын алу жұмыстарында тиімді шараларды анықтау болып табылады.
Қазақстан • 05 Маусым, 2017
Қазақстан халқының саны 18 миллионға жақындады
2017 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны 17 994,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 345,1 мың (57,5%), ауылдықтар – 7 649,1 мың адамды (42,5%) құрады. 2016 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 241,1 мың адамға немесе 1,4% өсті.
ЭКСПО-2017 • 05 Маусым, 2017
Қ.Тоқаев «ЭКСПО-2017» көрмесіне БҰҰ-ның ықыласын қолдады
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Еуропа және ТМД елдері жөніндегі Даму бағдарламасы аймақтық бюросының директоры, БҰҰ-ның «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Бас комиссары Джихан Султаноглуды қабылдады.
Қаржы • 05 Маусым, 2017
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені азайтты
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1% дәлізбен 10,5%- ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
Әдебиет • 05 Маусым, 2017
«Әлем білуге тиіс жазушы». Дулат Исабеков мәскеулік оқырмандарымен кездесті
Мәскеудегі Горький атындағы Әдебиет институтында көрнекті жазушы Дулат Исабековтің 75 жылдық мерейтойына орай кеш өтті. Кешке Ресейдің белгілі қаламгерлері Н.Анастасьев, Б.Рябухин, А.Потемкин, Г.Михров және басқа әдебиеттанушылар қатысып, жазушының шығармашылығы туралы пікірлерін ортаға салды.
Бизнес • 05 Маусым, 2017
Әлемдік жүк тасымалының 8%-ын Қазақстан арқылы өткізуге болады
Қазақстан арқылы әлемдік жүк тасымалының 8%-ын өткізуге болады. Оған артығына жол мен контейнерлердің шамасы жетпейді, деді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Ерхат Ысқалиев.
Әлем • 05 Маусым, 2017
Қостанай-Мәскеу рейсі қайта ашылады
Қайта жаңартылған «Қостанай-Мәскеу» әуе рейсі аптаның 2, 4, 7-ші күндері жасалады, деп хабарлайды «Alau» порталы.
Үкімет • 05 Маусым, 2017
Бақытжан Сағынтаев Доминикан Республикасының сыртқы істер министрімен кездесті
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Доминикан Республикасының сыртқы істер министрі Мигель Варгаспен кездесу өткізді.
Қазақстан • 05 Маусым, 2017
Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?
Келесі айдан бастап халық саны жұмыссыздық пен инфляция көрсеткіші сияқты жаңарып отыратын мәліметтер статистика комитетінің сайтында жарияланады. Мұнда сондай-ақ көрсеткіштердің қалай есептелгені жазылады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті.
Қаржы • 05 Маусым, 2017
Бюджетке түскен салықтық төлемдер 11,5%-ға артты
2017 жылдың қаңтар-мамыр аралығында мемлекеттік бюджетке түскен салық көлемі 2,9 трлн теңгені құрады.
Аймақтар • 05 Маусым, 2017
Алматы және Жамбыл облыстарында сел жүруі мүмкін
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар облыстарда ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Аймақтар • 05 Маусым, 2017
ШҚО-ның білім басқармасына жаңа басшы келді
ШҚО-да өңірлік білім басқармасының басшысы ауысты. Бұл қызметке бұрын облыстық білім беру саласындағы бақылау департаментінің басшысы болған Нұргелді Әбжапаров тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».