петропавл
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Петропавлда маусымдық қылмыс өршіп тұр
Өзге дүниенің бәрінің маусымдық түрлері болатыны сияқты қылмыстың да маусымдық түрлері болады екен. Соның ішіндегі жаз маусымында өрлейтін қылмыс – велосипед ұрлығы. Биылғы жылдың қары кетіп, жері құрғағаннан бері Петропавл қаласында 33 велосипед ұрлығы болып, оның 19 ашылды. Ал ашылмағаны әлі 14. Шағын қала үшін бұл қауіпті көрсеткіш.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Тапа-талтүсте әйелдің мойнындағы алқасына жармасқан
Петропавл полицейлері тапа-талтүсте 1955 жылы туған қала тұрғынына шабуыл жасап, оның алтын алқасын қолды етпек болған қылмыскерді ұстады.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Нотариустың кеңсесіне шабуыл жасалған
2 маусым күні Петропавл қаласындағы Жамбыл көшесі бойындағы нотариустың кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалған. Бұл хабар СҚО полициясын аяғынан тік тұрғызды. Бетперде киген ер адам пышақпен қорқытып, қызметтегі әйелдің алтын бұйымдары мен ақшасын тартып алып, белгісіз бағытқа жоғалған.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Петропавлда есірткі жасау үшін кендірмай өсірген азамат ұсталды
Петропавл қаласының «Заречный» кентінде тұратын 48 жастағы тұрғынының бақшасында 400-ден астам түп кендірмай өсіп тұрғаны анықталды. Оны қала полициясы «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында тапты.