Медаль
Спорт • 25 Қаңтар, 2024
Ертең Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан гран-при додасы басталады. Париж Олимпиадасының лицензиясы үшін рейтингтік ұпай берілетін додаға таңдаулы спортшылар қатысады, деп жазады Egemen.kz. Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Хоккей • 25 Қаңтар, 2024
Жасөспірімдер олимпиадасы: Хоккейшілер қоржынға қола медаль салды
Канвонда өтіп жатқан Жасөспірімдер олимпиадасында ел құрамасы қоржынға үшінші медальді салды. Олар (3х3) үшінші орын үшін айқаста Австрия құрамасын тізе бүктірді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Қаңтар, 2024
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасында ұлттық құрама спортшылары медаль үшін сынға түсті, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Қаңтар, 2024
Жүлде түгіл, жолдама жоқ – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев триатлон федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында федерация өкілдері триатлоннан ұлттық құраманың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қаңтар, 2024
Нысана көздеуден Мысырдың Каир қаласында өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылар аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қаңтар, 2024
Полина Омельчук – жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері
Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің IV қысқы Олимпиада ойындарында Полина Омельчук қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қаңтар, 2024
Венгрияның Дебрецен қаласында өткен дәстүрлі турнирден боксшыларымыз олжалы оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 18 Қаңтар, 2024
Қалың ел үміт артып отыр – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы Канвон провинциясының Каннын қаласындағы Олимпиада қалашығына барып, спортшылар және бапкерлермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Қаңтар, 2024
Канвон – 2024: Туды кім ұстап шығатыны белгілі болды
Астана қаласында Корея Республикасында ұйымдастырылатын IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына отандық спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қаңтар, 2024
Никита Чирюкин Азия чемпионы атанды
Индонезияның Жакарта қаласында оқ атудан лицензиялық Азия чемпионатында отандасымыз Никита Чирюкин Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Қаңтар, 2024
Азамат Дәулетбеков – күміс жүлдегер
Еркін күрестен Хорватияның Загреб қаласында өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Азамат Дәулетбеков күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Қаңтар, 2024
Олимпиада бойтұмары спортшыларға серпін бермек – министр
Канвондодағы Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында штаб кеңсесінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Ик кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 04 Қаңтар, 2024
Париж Олимпиадасы: қанша жолдама бұйырады?
Париж жазғы Олимпиадасының басталуына да алты айдан аса уақыт қалды. 26 шілдеде жалауы желбіреп, 11 тамызда түңлігі түсірілетін төртжылдық аламанға әлемнің 200-ден аса елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады.
Спорт • 04 Қаңтар, 2024
Жасөспірімдер Олимпиадасы: Алтын медаль бұйырмай тұр
Еліміздің жасөспірім спортшылары биылғы жылдың басты додасына 19 қаңтарда қосылмақ. Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін жасөспірімдердің IV қысқы Олимпиадасына қатысады. Әзірге спорттың 5 түрінен 30 жолдама бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Желтоқсан, 2023
Атырау қаласында грек-рим және еркін күрестен «Мұнайлы астана кубогі» халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық грек-рим, еркін және жағажай күресі федерациясына сілтеме жасап.
Спорт • 29 Желтоқсан, 2023
Тұңғыш әлем чемпионына «Үздік спортшы» атағы берілмеді. Саңлақтардың биылғы жылғы жетістігі
Биыл еліміздің спортшылары халықаралық сайыстардан 586 медаль олжалады. Сан жағынан саралағанда аз табыс емес. Олимпиадалық спорт түрі бойынша 121 алтын, 111 күміс, 141 қола медаль иеленді. Олимпиадалық спорт санатына енбейтін сайыстардан 118 медаль бұйырды. Пара спортшылар биылғы жылы айтулы сайыстардан 33 алтын, 33 күміс, 27 қола медаль алды.
Спорт • 27 Желтоқсан, 2023
«Әр боксшының кемшілігін білеміз». Бас бапкер Азия ойындарындағы сәтсіздіктің себебін айтты
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Qazaq ring ютуб арнасына берген сұхбатында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарындағы сәтсіздіктің себебін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Желтоқсан, 2023
Екі дүркін Олимпиада чемпионы атануға Данияр Елеусіновтің мүмкіндігі мол
Астанада өткен «IBA чемпиондар түні» (IBA Champion`s Night) додасында Рио жазғы Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов 6 раундтық жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2023
Менің тағдырымды алты баламның басына бермесе деп тілеймін – әлем чемпионы
Елімізде пара дзюдо кенже дамыған спорттың бірі. Алғаш рет жазғы Азия пара ойындарына балуандарымыз осы спорттан 2018 жылы қатысып, күміс, қола медаль олжалады. 2014 жылдан бастап ресми қолға алынған пара дзюдодан бізге бұйырған табыс та қомақты. Қазақстанда пара дзюдо спортынан тегеурінді балуанның бірі – Ерғали Шәмей. Пара дзюдо дуына қосылған тоғыз жылдың ішінде Азия чемпионы, әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды, жазғы Азия пара ойындарында жеңіске жетті. Әзірге бұйырмай тұрғаны – Паралимпиаданың алтыны. Жуырда Жапонияның Токио қаласында пара дзюдодан өткен Grand Slam додасында Ерғали Шәмей қола медаль иеленді. Токио шаһарынан келген сәтінде Астанадағы үйіне емес, бірден Түркістанға оқу-жаттығу жиынына тартқан балуанмен тілдестік.
Спорт • 09 Желтоқсан, 2023
Қазақ қызы шахматтан абсолютті чемпион атанды
Шри-Ланканың Коломбо қаласында шахматтан өткен Батыс Азия чемпионатында Қазақстан шахматшысы Зейнеп Сұлтанбек қыздар арасында абсолютті чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2023
Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында таеквондодан VI жазғы Спартакиада өтті. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын айтулы дода үш күнге ұласып, 179 спортшы өз әлеуетін сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Желтоқсан, 2023
3 алтын, 5 қола: Қыздар мінез танытты
Арменияның Ереван қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Еліміздің қыздар құрамасы толайым табысқа жетіп, 3 алтын, 5 қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2023
Төрт боксшымыз финалда айқасады
Арменияның Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жартылай финалдық айқасы өтті. Елімізден барған боксшылардан төрт спортшы финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2023
Grand Slam: Әр салмақта қос спортшы қатысады
Бүгін Жапонияның Токио қаласында Grand Slam халықаралық турнирі өтеді. Еліміздің ерлер құрамасында әр салмақта екі балуан қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Желтоқсан, 2023
Армения астанасы Ереванда бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін боксшылар жартылай финалдық жекпе-жекті бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Гран-при додасына жалғыз спортшы барады
2-3 желтоқсан күндері Ұлыбританияның Манчестер қаласында таэквондодан әлемдік Гран-придің финалдық додасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сүйеніп.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Ауыр атлетикада 43 спортшы допинг дауына шатылды – министр
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ауыр атлетика федерациясының басшылығы және бапкерлер құрамымен кездесті. Жиында федерация өкілдері спортшылардың Азия ойындарындағы жетістігін қорытындылап, ауыр атлетика спортын дамыту жоспарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 28 Қараша, 2023
Кикбоксингтен әлем чемпионатында Ұлттық құрама 22 медаль олжалады
Португалияның Албуфейра қаласында 70 елден 573 спортшы қатысуымен кикбоксингтен ересектер арасында өткен әлем чемпионатында фулл-контакт, лоу-кик, К1, кик-лайт аталатын төрт бөлім бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте 5 алтын, 5 күміс, 12 қола медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Қараша, 2023
Әсем Орынбай – әлем кубогінің жеңімпазы
Қатардың Доха қаласында нысана көздеуден әлем кубогі басталды. Жерлесіміз Әсем Орынбай стенд атудың скит бағдарламасының финалдық сайысында 51 ұпай жинап жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қараша, 2023
Рахат Бралин мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама мүшесі Рахат Бралин Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.