әдебиет
Әдебиет • 28 Сәуір, 2022
Мұхтар Әуезовтің 5 томдық шығармалар жинағы жарық көреді
Жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай 5 томдық шығармалар жинағы басылып шығады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Семей қаласындағы Абай театрында өткен «Әуезов әлемі» атты салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 22 Сәуір, 2022
Президенттік әдеби сыйлық тағайындау мәселесі пысықталып жатыр
Президенттік әдеби сыйлық тағайындау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 22 Сәуір, 2022
«Жылдың үздік кітабы» республикалық байқауы өтеді
Биыл «Үздік шығарма» «Жылдың үздік кітабы» республикалық байқаулары өтеді. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2022
Елімізде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы атап өтіледі
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік орган өкілдері мен өңір әкімдері, Қазақстан жазушылар одағы мен Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының басшылығы, танымал тарихшылар мен әдебиеттанушылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 14 Наурыз, 2022
Елордада отыз әдеби кітаптың таныстырылымы өтті
Бүгін елордадағы «Достық үйінде» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйытқы болуымен астаналық отыз қаламгердің кітабының таныстырылымы өтті. Аталмыш отыз кітап ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай шығарылып отыр. Олар негізінен проза һәм поэзиялық бағытта жазылған туындылар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 22 Ақпан, 2022
«Солдаттың етігіндей жаным сірі» деді Қасым. Адам итжанды делінеді кейде. Төзбеске төзген, шыдамасқа шыдаған, тек жалғыз-ақ азапқа көнбегені айтылады тарихта. Адамды адам етіп ұстап тұрған да сол қасиеті, бәлкім. Одан айырылған күні, сол сезімін жоғалтқан күні сөнеді бәрі. Аспанда күн, жерде ұрпақ барынан не пайда онда? «Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда» дегеніндей болмай ма Төлеген Айбергеновтің. Ал қазақ Жер-ана дейді.
Әдебиет • 20 Ақпан, 2022
Бірде әріптес ағамыз стимул деген сөздің түп мағынасы туралы кім не біледі деп сұрап қалды. Ынталандыру деген мағынаға саятын шығар деп едік, сөйтсек ол сөздің әуелгі мағынасы ынталандырудан гөрі ызаландыруға көбірек келеді екен. Латын тілінен тікелей аударғанда stimulus деген сөз – мал айдайтын үшкір таяқ, пілді піскілеп жүргізетін, испандықтар қызығып тамашалайтын коррида ойынында бұқаны одан сайын ызаландырып, шабынан түртпектейтін таяқтың атауы болып шықпасы бар ма? Естімеген елде көп деп бір күлісіп алдық.
Білім • 14 Ақпан, 2022
«Болашақ» бағдарламасында «Әдебиет» саласы бойынша мамандықтар саны көбейеді
Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2022
Еліміздің көрнекті қайраткерлері марапатталды
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет саласына зор үлес қосқан қайраткерлерге мемлекеттік стипендияларды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 07 Ақпан, 2022
Ауғанстанда туып, Америкада есейген жазушы Халлед Хоссейниді әлем оқырмандары өте жақсы біледі. Ол әр шығармасына өзінің туған елінің, анығын айтқанда, Ауғанстанның тарихын, халқының мұң-зарын, қасіретін, үмітін арқау етіп, өлмес романдарды әдебиет тарихына алып келді. Сол үшін де оның шығармашылығына тәнті болған әдебиеттанушылар «Халлед Хоссейни шығармашылығы – ауған қасіретінің қағазға түскен нұсқасы, оның қаламы – бір ұлттың көз жасымен суарылған», деп жоғары баға берген болатын.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2022
Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден озды
Қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, соғыс ардагері, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 20 Қаңтар, 2022
Әдебиетте жақсы шығарма жазған әр қаламгердің өмір жолы әртүрлі. Ол тағдырлар барша әлемге жазушылыққа тек қызығушылықпен келмейтінін дәлелдеді. Шынында, оқырман жата-жастана оқыған, кейіпкерлерін талқылап, іс-әрекеттерін сынаған кітаптар қалай жазылды? Шығармадағы ширығу, ішкі сезіну, образдың мінезін ашуда автор қандай күй кешті? Оның кейіпкерлерінің жаны қаншалықты өзінікімен ұқсас? Оқырман автор шығармаларын оқып тауысқан соң, оның жеке өміріне, биографиясына қызығады. Бұл – заңдылық. Ал жүздеген жылдар бұрын өмір сүріп, әдебиетте жұлдызы жанған кей жазушылардың өмірі осы күнге дейін талқыланып жатады. Тұлғалық өмірдің әлі де бір құпиялары шығып келеді. Планетадағы миллиардтаған адамның бірінің (һәм бірегейі) ғұмыры ғасырдан да ұзақ жылдар бойы қоғамға қызықты болуын қандай құбылысқа балауға болады?..
Ғылым • 16 Қаңтар, 2022
«Әдебиет танытқыш» – әлемдік құндылық
1926 жылы сол кездегі астана Қызылордада беттеліп (әрине, цензурадан да өтіп), Ташкентте басылған Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» зерттеуі немесе оқу құралы –ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттануы деңгейін көрсететін іргелі де ізашар еңбек.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2021
Балалар әдебиетін қолдау жылы ұзартылды
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы 2023 жылға дейін ұзартылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2021
«ТҮРКСОЙ» алматылық оқырмандарға 2000 кітап тарту етті
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қалалық кітапханаларына халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы шығарған кітап-альбомдар тарту етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2021
Жан – Алладан, ми – адамдыкі болғанымен, жүрек – иттікі. Не адам емес, не ит емес – бірдеңе. Қалай өмір сүрсе болады? Оны өзі де білмейді. Ақылы сау, есі түзу адам жасаған эксперимент осыған әкелсе не істей аласыз? Мүмкін бұл автордың жасап отырған кейіпкері сол кездегі саяси жүйе не тұтас қоғамның өзі ме екен?
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2021
Оның аппақ сақалы Санта Клаустың сақалына ұқсайды. Ол Дүниежүзілік екі бірдей ұлы соғысты көріп, қан майданда қалам ұстаған жазушы. Шығармасын кейде сау, кейде мас күйінде жазды. Бірақ бірде-бір туындысында оқырманын жалықтырған емес. Қалам мен қаруды серік еткен ол Танзанияда аңшылыққа шығып, мүйізтұмсықтарды аулады. Былғары қолғап киіп, бокс өнерімен айналысты. Тағдыр оны бірнеше ұшақ апатынан аман алып қалды. Ең маңыздысы, ол өлмес шығармалар жазып, адамзат тарихындағы ең керемет жазушыға айналды. Оның аты – Эрнест Хемингуэй. Оның тарпаң тағдыры әртүрлі қиындықтарға мойымай, соны жеңумен күресе алды. Бір сөзбен айтқанда, Эрнесттің қаламы оның өзінің мінезі сияқты тентек, ойы ол кезген ұлан-ғайыр алқапқа ұқсас ұшы-қиырсыз болды.
Әдебиет • 17 Қараша, 2021
«Бақбақ». Кавабатаның соңғы демі
1972 жылы сәуір айының жексенбі күні түстен кейін жапонның әдебиет аталымы бойынша тұңғыш Нобель лауреаты Ясунари Кавабата жалға алған көпқабатты үйде өзіне қол жұмсады. Бұл берісі Жапония әдебиеті, әрісі әлем әдебиеті үшін ауыр трагедия еді. Қайғылы оқиғадан соң бірнеше сағаттан кейін есіктен газдың иісін сезген қызметші әйел полицияға хабар береді. Әп-сәттегі ауыр қаза жапондық әдеби ортаны ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүниені дүрліктірді.
Руханият • 11 Қараша, 2021
Тарихи қисынсыз шындық та болмайды
Өмірдің өзін, қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды ақ қағаз бетінде сөйлетіп, оқырманға ой айтатын жазушылар қауымы ұлт руханияты үшін алтын көпір рөлін атқарып келеді. Олардың әр шығармасы өмірдің жолын, кешегісі мен бүгінін сипаттап бере алады. Жақында ғана «Бопай ханым» атты тарихи романы жарық көрген жазушы Мәди АЙЫМБЕТОВ бізге берген сұхбатында әдебиет туралы көзқарасын, шығармаларындағы кейіпкерлер образын кеңінен сөз етті.
Өнер • 28 Қазан, 2021
Бұл – Жорж Брактың жаздағы жан толқыны. Картинадан теңіздің жұпары аңқиды. Жалғыздықтан жалтарып кете алмайсыз. Ақиқаты осы. Өнерде бәрі оңаша. Сол ауыр да азапты жолда жұмсаған уақытыңыздың құнын осындай ғажайып туындылар өтейді. Міне, көңіл мерекесін теңізден тапқан суретшінің ғажайыбы осында. Теңізде де түйсік бар. Сенбесеңіз, «Эстактағы үйге» қонаққа келіңіз!
Білім • 27 Қазан, 2021
Қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасы өзгереді
Орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 27 Қазан, 2021
Әр көрерменнің жүрегінде – өз Мұқағалиі бар. Бұл фильм – ақын өмірін зертеудің соңы емес. Осы тақырыпқа қызыққан кез келген режиссер келешекте Мұқағалиді жаңаша қырынан ашып көрсетуге мүмкіндігі бар.
Руханият • 24 Қазан, 2021
Ассалаумағалейкүм, айналайын іні-досым Сауытбек! Сізге арналған хұсни хатымды Хатжазған жартасының астындағы аршаның ығынан жазып отырмын. Өзіңіз білетін Таупістелі ауылының Қаратау жақ биігіндегі Бозторғай асуының оң қапталы ғой. Хатжазған жартасындағы таңбалар бертінгі ғасырларда өшіп, көрінбей кеткен. Әлдекімдер ерігіп те, еліріп те қиратқан деседі. Анда-санда осынау Хатжазғанның астындағы аршаның түбінде хат жазып отырып, шыбын жанына шипа тілейді мына жаман ағаңыз.
Әдебиет • 19 Қазан, 2021
Архат пен Құндызды ауылына болыстық еткен Әбен қажы ұлды боларын түсінде көріп, «балам тар заманда өмір сүреді, алайда ақыл-парасаты биік тұлға болады» деп жорыпты. Көреген кісі ғой. 1901 жылдың көктемінде Құндызды ауылындағы Әбеннің Ақтасы деген жерде сәби іңгәсі естіледі. Әкесі құдайға шүкір етіп, есімін Мұхамедшүкір қояды. Айтқанындай, Шәкір ақын – алмағайып заманда жұрттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған тұлға еді.
Әлем • 06 Қазан, 2021
Биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығын кім алады?
Бұл алпауыт сыйлық талай жазушының атын алысқа жеткізді. Себебі, оның дақпырты мен даңқы бөлектігінде. Былай қарасаң, қазіргі әдебиеттің өлшемі мәлім бір сыйлықтар емес екені шындық. Бірақ, өнер үшін сыйлық та керек-ақ.
Әдебиет • 13 Қыркүйек, 2021
Қазақта жырдың күйіндей деген сөз бар. Әңгімені жырдың күйіндей қылып жеткізетіндер болады. Ақ тазының алғанын айтып қоя салмай, әуелі қара тазының шалғанын, сол уақытта желдің қалай соғып, жалт бұрылғанда тымағының қисайып бара жатқанын, оны түзей бергенде ер-тоқымы ауып, аттан түсіп қала жаздап зорға түзеліп, міңгі торының жуастығынан аман қалғанын, жынды торы болғанда құлап мертігіп, не жаяу жете алмай қиырда қаларын бір қаперге салып өтіп, әйтеуір сөйтіп жүргенде ақ тазының түлкіні аузына түсіргенін әсірелеп айтқанда, аузыңның суын құртып қояды. Аз ғана дүниені жырдың күйіндей қылады. Бұлай әсірелеп сөйлеудің жақсы, жамандығы бөлек әңгіме.
Тарих • 08 Қыркүйек, 2021
Солтүстік Осетия-Алания республикасының батысындағы Алагирск ауданына қарасты таулы қыратта Дзуарикау атты шағын ауыл орналасқан. Ауылдың аты осетин тілінде «Әулие мекен» дегенге саятын көрінеді. Осында «Жеті бауырға ескерткіш» атты монумент бар. Оның ұшар басына қанаттарын түйістіре самғаған ақ тырналар бейнеленсе, ескерткіштің етегіне қайғы меңдеп қара жамылған әз ананың мұңлы бейнесі мүсінделген.
Әдебиет • 24 Тамыз, 2021
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінің арасы қанша айшылық жол екен? Жер мен Күннің арақашықтығындай ма, әлде одан сәл жақын ба? Жалпы, бірінің біріне қатысы бар ма өзі? Қатысы болса, мерейтойлық аудармамен ғана шектеле ме? Ал қатысы жоқ десеңіз, әлем әдебиетін неге құбылаға теңейміз? Жұмыс күнінің басында осындай беймаза сұрақтар ойға қайдан келеді екен...
Әдебиет • 18 Тамыз, 2021
Оқырман үшін ең алдымен автор маңызды. Қандай да бір кітапты оқымас бұрын «Авторы кім?» деп қызығушылық танытады. Бұл – оқырманның бейсаналы түрде автормен рухани байланыс орнатқысы келетінін байқататын жайт. Автор өзінің адамдық, азаматтық позициясын (әсіресе, ақындар) шығармаларында көрсетіп, оқырманымен сырласатынын жоққа шығаруға болмайды. Прозалық шығармалардағы автор көбіне баяндаушы бейнесінде көрініп, оқиғаны бейнелеумен шектеледі. Жалпы, қазіргі әдебиетте автор дегеніңіздің өзі – күрделі ұғым.
Руханият • 12 Тамыз, 2021
Біздің қазақы түсініктен таған тартсаңыз тап осы туындыға былай анықтама берер едіңіз. «Адамның басы – Алланың добы». Бұдан артық тәмсіл таппасыңыз тағы аян. Ал мүсінші Томас Лерой олай ойламайды. Кешіріп қойыңыз, ең ауыр дерт – сана дерті. Салмақтап көріңізші, ойдан терең шыңырау бар ма, осы? Бір құласаңыз, қайтып шығуыңыз екіталай. Білесіз бе, біз көтерген ең ауыр жүк – біздің басымыздағы ақыл. Қалғаны күйбең тіршіліктің күйкілі ғана.