Редакция таңдауы
Келесі жылы әлем тұрғындарына жаппай вакцина салынады
Әлем тұрғындарын жаппай вакцинациялау науқаны келесі жылдың ортасында басталуы мүмкін. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының орынбасары Сумия Сваминатан мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
23 Шілде, 2020
Шымкенттік спортшылар Токио Олимпиадасына қатысуға үмітті
2021 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ойындарына қатысу үшін оқ ату спорт түрінен Юрий Юрков, стенд атудан Рысбекова Сарсенкүль, каратэ – додан Асадилов Дархан және бокстан Сафиулин Закир жолдама жеңіп алған болатын, - деп жазады Egemen.kz.
23 Шілде, 2020
"Әлем барысы" иммундық плазма доноры болды
Қатерлі кеселден айығып шыққан қазақ күресінен әлем чемпионы Айбек Нұғымаров пен семейлік электртехникалық колледж директоры Азат Сәрпеков қан орталығына барып, иммундық плазма доноры болды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
23 Шілде, 2020
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысында мемлекеттік органдардың коронавируспен күресуде атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды, - деп жазады Egemen.kz
23 Шілде, 2020
Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді
"Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы" қаулыға Премьер-Министр Асқар Мамин қол қойды. Бұл туралы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Шілде, 2020
Жоғары сана, жасампаз рух, мықты тәртіп болса...
Әрбір адамның бойында жоғары сана, жасампаз рух, мықты тәртіп болу керек. Әсіресе, бүгінгідей ел басына күн туған кезеңде бұл қасиеттер аса қажет. Бүкіл әлемнің әлін келтірмей, еркіндігін тұқыртып отырған мынау пандемия уақтысы – адам баласының нағыз ойланатын тұсы.
23 Шілде, 2020
Covid-19: Еуропа екпені ендігі жылы енгізбек
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламалар жөніндегі бас директорының орынбасары Сумия Сваминатанның айтуынша, COVID-19-ға қарсы әлем жұртшылығын жаппай вакцинациялау 2021 жылдың екінші жартысында басталуы мүмкін.
23 Шілде, 2020
Қарт Торғай – сақтар мен сарматтар мекені
Астанада орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Астана-Арқа кешенді экспедициясы биылғы далалық маусымда Торғай өлкесіне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде киімі алтынмен апталған сақ билеушісінің қорымын тапты. Осы орайда, біз қазба жұмысының ғылыми маңызын білу үшін экспедиция жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлымен сұхбаттастық.
23 Шілде, 2020
«Алтын доп» жүлдесі тапсырылмайды
France Football басылымы пандемияға байланысты дәстүрге айналған «Алтын доп» сыйлығын тапсыру рәсімін биыл өткізбейтінін мәлімдеді.
23 Шілде, 2020
Архив құжаттарына жанашырлық қажет
Жуырда «Egemen Qazaqstan» газетінде Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбит Шілдебай «Қазархив» басқармасы қажет» атты мақаласында өте өзекті мәселені көтеріпті.
23 Шілде, 2020
Дүние – үндестік перзенті. Кез келген жаратылыс өз орнына ие. Жұмыр жер бетінде өсімдік атаулының сан мыңдаған түрі өседі. Үлкен-кішілігіне қарамастан, әр өсімдіктің атқарар өзіндік қызметі бар. Кез келген бір жаратылыс жойылар болса, дүние толық емес деген сөз. Дегенмен әр халықтың болмысына жақын өсімдік бар. Біз үшін шөл қойнауында өсетін жусан құнды. Қай елде өмір сүрсе де, әр қазаққа сол жусан іспетті жүрегіміздің төрінен орын сақтаулы. Біз өз болмысымызбен аяулымыз. Ұлтымыз болмаса, әлемнің кеңдігінен не пайда?!
23 Шілде, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап білемін. Арамызда пікір қайшылықтары да болды. Бірақ уақыт бір-бірімізге деген құрметіміз бен сыйластығымызға сызат түсірген емес. Себебі Президенттің журналистермен кездесуі кезінде айтқанындай, пікір әртүрлі, халықтың біртұтас екені қадым заманнан белгілі. Ақиқаттың өзегі ашық пікірталастарда, пікір қайшылықтары барысында ашылады, соңғы нәтиже мемлекеттік және ұлттық мүддеге басымдық берумен түйінделеді.
23 Шілде, 2020
Суармалы жерлерді сумен қамти аламыз ба?
2030 жылы Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және қайта құру есебінен 3 млн гектар суармалы жерді сумен қамту жоспарланып отыр. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Марат Иманәлиевтің айтуынша, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мәселеге айрықша назар аударуы оның әлеуметтік маңызы мен еліміз үшін стратегиялық мәнін көрсетеді.
23 Шілде, 2020
Қарағанды облысының әкімдігі ұсынған деректерге сай, өңірде биылғы алғашқы алты айдың ішінде әлеуметтік-экономикалық даму жағынан негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етіліпті.
23 Шілде, 2020
Жалған дүние. Бабаларымыз жалт етіп өте шығар ғұмырдың өлшеулі екенін осы бір-ақ ауыз сөзге сыйғызып кетіпті. «Өмір деген бір жарқ еткен найзағай» дегенде ақиық ақын Мұқағали да фәнидің өткінші екенін меңзепті. Тағдырмен бетпе-бет келгенде осы сөздердің салмағын бұрынғыдан да терең сезіне түседі екенсің.
23 Шілде, 2020
27 шілдеден бастап "Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау басталады
"Болашақ" халықаралық стипендиясына құжат қабылдау 2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі, - деп жазады Egemen.kz
22 Шілде, 2020
Алматының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін не деді?
Бүгін Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин БАҚ өкілдері зарыға күткен онлайн-брифингте төмендегідей мәліметтермен бөлісті, - деп жазады Egemen.kz
22 Шілде, 2020
Мектептердегі күнделікті ас мәзірі "Күнделік" жүйесінде көрсетіледі
Балалардың тамақтануын ұйымдастыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жеткізушілерді таңдау жөніндегі конкурстық рәсімдер электрондық форматқа ауыстырылды және мемлекеттік сатып алудың бірыңғай порталында жүргізілед, - деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Шілде, 2020
АҚШ Хьюстондағы Қытайдың Бас консулдығын жабуды талап етті
АҚШ 72 сағат ішінде Хьюстон қаласындағы Қытайдың Бас консулдығын жабуды талап етті. Бұл туралы Бейжіңде өткен брифингте Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэнь хабарлады, деп жазады Egemen.kz
22 Шілде, 2020
Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аймаққа айналады
Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Бұған дейін министрлік Көбейтұз көлін қорғау бойынша алғашқы шараларды қабылдаған. Министрлік мамандарының айтуынша, көлден алынған сынама кәдімгі қарапайым ас тұзымен бірдей екенін көрсеткен. Сондай-ақ, қоғамдық бақылау кеңесі құрылып, еріктілер мен құқық қорғау органдарының арасынан көлді тексеретін топ құрылады. Қазір Экология министрлігі жағдайды талдап, қосымша шаралар әзірлеуде, - деп жазады Egemen.kz
22 Шілде, 2020