Редакция таңдауы
Адамзат тарихының ақтаңдақ тұсы аз болмағанымен, жекелеген адамдардың мемлекет тарапынан жаппай репрессияға ұшырауына Кеңес Одағының саяси билігі ғана жол бергені анық. Ал қазіргі шежіре «Қызыл террор» атаған сол кезеңнің зардабынан жойылуға шақ қалған тұтас ұлттардың көш басында қазақтың тұрғаны тағы шындық.
28 Мамыр, 2020
Теңіз кенішіндегі 90% жұмысшыда індет симптомсыз болған
Атырауда дәл бұлай болар деп кім ойлаған? Қазір бұл өңірде жаһан жұрты шоқ басқандай үрейленіп, атын айтуға қорқатын қауіпті індет өршіп тұр. Әсіресе мол мұнайымен әлемге әйгіленген Теңіз кенішінде тіркелуі тоқтар емес. Өңірлік жедел штабтың дерегіне сүйенсек, 26 мамырда Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 923 адамға жетті. Оның ішінде 809 пациент – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Ал Атырау қаласында – 75, Жылыой ауданында – 17, Құрманғазыда – 8, Мақатта – 7, Исатайда – 5, Махамбетте – 1 және Индер ауданында 1 дерек тіркелген. Науқастардың арасынан әзірге 233 адам ғана қауіпті індеттен жазылып шыққан.
28 Мамыр, 2020
Баянауылдың туризмі – табиғатын сақтаумен маңызды
Төтенше жағдай, індеттің таралуынан халықаралық туристік бағыттардың азаюына орай осы жазда өңіріміз туристерді қабылдауға дайындалуда. Алдын ала есептеу бойынша Баянауыл ұлттық паркінің курорттық аймағы 300 мыңға жуық туристі күтуде.
28 Мамыр, 2020
Тұрар Рысқұлов тәлім алған мектеп
Қазақтың қайраткер перзенті Тұрар Рысқұловтың қилы тағдыры туралы толғанғанда, оның Меркі орыс-түземдік бастауыш мектебінде оқығанын айналып өте алмаймыз. Әділетсіздікке төзбеген әкесі Рысқұлдың Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіріп, сол үшін Верный түрмесіне қамалғанда жанына бала Тұрарды алдыртқаны тарихтан белгілі. «Түрме баласы» атанған жас Тұрар абақты ауласын сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. 1906 жылы Рысқұл Сахалинге жер аударылған соң Тұрар Меркіге келіп, «Қырғызбаев» деген тек алып, нағашыларының қолында оқиды.
28 Мамыр, 2020
Төл сөздерімізді қолдану – уақыт талабы
Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңының атауынан бастап, осы заң баптары мен өзге де қолданыстағы заңнама мәтіндерінде орыс тілінен кірме «судья» сөзі үстемдік құрып, мемлекеттік тілдегі тиесілі баламасы бекімей, қоғамда да ауқымды сипатта қолданыс тауып отыр.
28 Мамыр, 2020
Карантиндегі Алматы. Алдағы жоспар қандай?
Дүн-дүниені дүр сілкіндірген пандемияның дүбірі қай мәреге барып тоқтайтыны әзірге белгісіз. Денесін дерт дендегендердің саны еселеп өсіп жатыр. Ел аумағындағы науқастанғандардың көрсеткіші бойынша көш басында тұрған алып Алматының алдағы жайы не болмақ? Мегаполис экономикасына серпін беретін негізгі салаларды кезең-кезеңімен іске қосу қалай жүзеге асып жатыр? Журналистермен онлайн режімде дидарласқан шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл сұрақтардың жауабын саралап көрді.
27 Мамыр, 2020
Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет екенін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында мәлімдеді.
27 Мамыр, 2020
Президент ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында айтты.
27 Мамыр, 2020
Үкімет дәрі-дәрмек өндірісінің біртұтас жүйесін құруы қажет - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында айтты.
27 Мамыр, 2020
Ауылдық жерлерде мұғалімдер жетіспейді - Асхат Аймағамбетов
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық қоғамдық кеңестің онлайн форматта өткен 3-отырысында ауылдық мектептерде мұғалімдер жетіспейтінін айтты.
27 Мамыр, 2020
Шетелден жұмысшылар әкелуге белгіленген квота 40% азайды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында айтты.
27 Мамыр, 2020
Ерлан Қарин Ұлттық кеңес мүшелерінің атқарған жұмыстары туралы айтты
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында айтылған ұсыныстар толықтай орындалды. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Карин айтты.
27 Мамыр, 2020
Кеңселерде қызметкерлердің жартысы қашықтан жұмыс істеуі тиіс - министр
Кеңселерде қызметкерлердің жартысы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
27 Мамыр, 2020
Елімізде барлығы 9 304 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комитет өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 335 адамның тіркелгенін хабарлады. Өсім қарқыны – 3,7%.
27 Мамыр, 2020
27 мамыр: Еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады
«Қазгидромет» РМК 27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
27 Мамыр, 2020
Театрдың киелі сахнасын қадір тұтқан, қазақ өнерін шырқау биікке көтерген тарландар аз емес. Солардың бір тобы – КСРО халық әртістері Сәбира Майқанова мен Хадиша Бөкееваның, Қазақ КСР халық әртісі Нұрмұхан Жантөрин мен Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтің композициялық бейнелері Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдында тұр.
27 Мамыр, 2020
Шәмші ғұмырының беймәлім беттері
2017 жылдың қаңтар айында қызмет бабы бойынша Оралдан Ақтөбеге ауысып келгенімде бұл өңірде есімі ел есінде жатталып қалған қайталанбас композитор Шәмші Қалдаяқовқа деген құрметінің ерекше екенін байқадым. Әсіресе ақтөбеліктердің ұлы өнер иесіне деген қошеметін сөзбен емес, тиянақты тындырылған іспен шегелеп тастағаны тәнті етпей қоймады.
27 Мамыр, 2020
Өмірге бір сәт басқаша көзбен қарауға үйрете алмаса, оның несі жазушы? Соны дереу түсіне қоймай, болған оқиғаның төңірегінен аспай отырса, несі оқырман! Әдебиетті астарлы шындықтың эстетикасы деу керек. Жазушы оны қалай құбылту керек екенін өзі біледі. Оның кейіпкерлері бар адамдар ма, жоқ әлде ойдан жасалған бейнелер ме, дәл сондай оқиға болды ма, жоқ па, әдетте бұл мәселелердің маңыздылығы шебердің жеткізуі тиіс ойының тасасында тұрады.
27 Мамыр, 2020
1947 жылдың сәуір айында, Алматыда, Түркістан әскери округінің трибуналы «Түркістан легионына» қатысы бар деп есептелген бір топ соғыс тұтқындарының ісін қарады. Соттың үкімі бойынша ату жазасына кесілгендердің ішінде ақмолалық үш жігіт бар еді. Олар Қорғалжын өңірінен – Хәкім Тыныбеков, Артур Қолдыбаев және Сталин (қазіргі Ақкөл) ауданындағы сол кездегі Калинин атындағы колхоздан – Нұрқан Сейітов. 1947 жылдың сәуір айында, Алматыда, Түркістан әскери округінің трибуналы «Түркістан легионына» қатысы бар деп есептелген бір топ соғыс тұтқындарының ісін қарады. Соттың үкімі бойынша ату жазасына кесілгендердің ішінде ақмолалық үш жігіт бар еді. Олар Қорғалжын өңірінен – Хәкім Тыныбеков, Артур Қолдыбаев және Сталин (қазіргі Ақкөл) ауданындағы сол кездегі Калинин атындағы колхоздан – Нұрқан Сейітов.
27 Мамыр, 2020
Былтыр жыл соңында өткен Үкімет отырыстарының бірінде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңадан дайындалған Экологиялық кодекстің жобасы туралы баяндама жасап, елімізде 3,5 мың қалдық пен қоқыс полигонында 120 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтың жиналғандығын, жыл сайын олардың 5 млн тоннаға жуық көбейетіндігін, сол қалдық пен қоқыстардың қайта өңделуінің көлемі 11,5 пайыздан аспайтындығын айтқан еді.
27 Мамыр, 2020