Редакция таңдауы
Қостанай облысында карантин режімі қайта күшейді
Бүгін коронавирус індетіне қарсы өңірлік жедел штаб отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов соңғы күндері аймақтағы эпидемиологиялық аһуалдың асқынып бара жатқанын атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Маусым, 2020
Қаржы министрі оқшаулануға кетті
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзін өзі оқшаулау режиміне көшті, - деп хабарлайды Egemen.kz
18 Маусым, 2020
Қазіргі уақытта Перуде вирус жұқтырғандардың саны 240 908 құрайды, бұл Италияға қарағанда әлдеқайда көп. Бұл туралы BBC News агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
18 Маусым, 2020
«Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру мерзімі өзгерді
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін жекешелендірудің жаңа мерзімдерін белгіледі. Аталған шешім әлемдік нарықтағы ахуалға байланысты қабылданған. Бұл туралы кеше «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Алмасадам Сәтқалиев онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
18 Маусым, 2020
Қордайдағы қираған нысандар қалпына келтірілуде
Жыл басында Қордай ауданында орын алған қақтығыс көпшілік назарын аударған оқиға болды. Жылдар бойы шиеленіскен жағдай шегіне жетіп, соңы қайғылы жағдайға алып келді. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жедел үн қатып, Үкіметтік комиссия құруға пәрмен беріп, аудандағы ахуалды реттеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар аймақтағы ахуалдың жіті назарда болатынын да айтты.
18 Маусым, 2020
Қоршаған ортаны қалай қорғап жүрміз?
Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жыл өткен сайын өзекті болып тұр. Жердегі тіршілікті сақтау әр азаматтың міндеті десек, мемлекет те тиісті шаралар қолданып, елдегі табиғат байлықтарын қорғауға жауапты. Қазақстанның флорасы мен фаунасына қарайтын мемлекеттік ұйым бар.
18 Маусым, 2020
Халық денсаулығына қатысты кодекс мақұлданды
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері, мемлекеттік шекара туралы және басқа да заң жобаларын талқылап, мақұлдады.
18 Маусым, 2020
Түп-төркінінде елдік мүдде тұр
Төрткүл дүниені түгелдей дерлік жайлаған COVID-19 індеті қанша жерден алқымнан алғанымен әлемдік және елдік даму үдерісіндегі жаңғыруларға тұсау сала алмайтыны белгілі болып отыр. Қазіргі күнге дейін оның алдыңғы қатарында әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы өрелі өзгерістер тұрған болса, соңғы уақытта бұған қоса саяси-қоғамдық сипаттағы бетбұрыстар да көзге айқын көрінуде.
18 Маусым, 2020
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек?
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырғанда ең алдымен не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2020
Елордада 20-дан астам вирусолог індет жұқтырды
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада 20-дан астам вирусологтың індет жұқтырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2020
Халықаралық рейстер кестеге сәйкес орындалады
Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайтадан ашылады, - деп жазады Egemen.kz
17 Маусым, 2020
Алакөлге он мың теңгемен баруға болады
Тариф құны әр қалада әр түрлі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
17 Маусым, 2020
Жаһандық сауда дағдарысқа ұшырады
Соңғы қаржы дағдарысынан кейінгі ең төмен көрсеткіш салдарынан трансұлттық корпорациялар өндірістегі жаңа қиындықтарды ескеруге мәжбүр.
17 Маусым, 2020
Еліміздегі ауылшаруашылық саласы мамандарының негізгі ұстаханасы саналатын жетекші оқу орны – Қазақ ұлттық аграрлық университеті биыл 90 жылдық белеске көтеріліп отыр.
17 Маусым, 2020
Жапон балабақшасы мәдениетті адам болуды үйретеді
Жапонияда балабақшаның йоучиен және хоикуен деп аталатын екі түрі бар. Йоучиенге балдырғандар үш жастан бастап қабылданады. Таңғы тоғыздан түс ауғанша істейді. Яғни түскі астан соң ата-анасы үйге алып кетеді. Мұндай балабақшада баланың қабілетін шыңдауға көбірек көңіл бөлінеді. Мәселен, кәсіби суретшіліктің бастапқы негіздері үйретіледі. Ағылшын тілі, музыка, спорт бойынша өзіне керегін алғаш рет осы йоучиеннен алады. Сондай-ақ экскурсиялар, мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.
17 Маусым, 2020
Шілде айына арналған ауа райы болжамы
Шілде айында республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық норма шегінде болады деп болжанады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
17 Маусым, 2020
Борген Көл жағасындағы кішкентай ғана қызыл үй, кейде көңіл түкпірінде көмескіленіп, көрінбеске айналғандай, кісі қиялында ғана бар секілді, өмірде жоқ, жылдың үш мезгілінде иесіз, қаңырап тұратын, жазға салым қаладағы қожасы оралғанша – ол бір елес. Оралған сайын үй иесі есігін ашып, ішке кіргенше үйдің бар я жоқ екеніне күдіктенуші еді, арманында ойша жасап алған үй ме екен деп ойлаушы еді. Бір жылы сол үйді өзі жоқта, жылдың үш мезгілінде үйсіз қария мен кейуана паналайтынын, сонда тығылып өмір сүретінін, сол үшін өздерін енді кінәлі санайтынын, сұмдық ыңғайсызданатынын, бұл құпияның ашылмауын сонша қалағандықтарын білді. Білді де, қария мен кейуанаға сол үйді мекен етуге рұқсатын берді. Бірақ қызыл үйге құдайы қонақтар со күйі қайта оралмады. Бұл – норвег жазушысы Юхан Боргеннің новелласындағы үй. Ұзын-ырғасы осы. Автор, адам өмірінің жазы өтпелі екенін, сол үйдің, сол үй бейнесіндегі тұтас әлемнің бізге дейін де, бізден кейін де өмір сүре беретінін айтады.
17 Маусым, 2020
Үлкен әдебиетте ұсақ штрихтар болмайды. Кемел ойдың кемеңгер ұстасы Әбіш Кекілбайұлының «Бәйгеторысын» оқып шыққанда осындай байламға келдік. Адам жанының қатпар-қатпар сырларына еркін бойлайтын қаламгер жылқының жанына да көріпкелдей үңіледі. Бір кездерде бәйгенің алдын бермеген торының өзі боп «ойланады», «еске түсіреді». Әлемге әйгілі жазушылардың бірталайында бар үлгіні қазақ жазушысы өзінше өрнектеп, қазақы танымға барынша жақындатады. Қазақ баласына жануар атаулыдан ең жақыны жылқы екені аян. Адам мен жылқы арасындағы терең байланысты суреттейтін бұл шығармада негізгі кейіпкер – Бәйгеторы.
17 Маусым, 2020
Ата-ананың аялы алақаны – баланың иммунитеті
Қазіргідей пандемия өршіп тұрған жағдайда ересек адамдардың жауапкершілік жүгі екі есе ауырлай түсті. Себебі олар өзімен қатар үйдегі балаларға да қамқор болып, кішкентайларды қауіпті індетті жұқтырып алудан қорғауы керек.
17 Маусым, 2020
БҒМ ҒК өткізілген Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысын философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор А.Бижанов кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Бүкіл адамзатқа ортақ тұлға әл-Фараби кім? Ол түркітектес ғұлама, біздің топырақтан шыққан ойшыл. Көне Фараб жерінде туып-өсіп өніп, әлемге қанатын кең сермеген кемеңгер.
17 Маусым, 2020