Редакция таңдауы
ДДҰ аймақтық директоры Қазақстанның вируспен күресіне жоғары баға берді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Клюге Қазақстанның вируспен күрестегі жұмысын жоғары бағалады.
13 Мамыр, 2020
Ресей вирус көп тараған екінші елге айналды, бүгін 10 мың адамнан анықталды
Көршілес Ресейде коронавирус жұқтырған адамдар саны күн санап артып келеді. Бүгін Ресей АҚШ-тан кейінгі вирус ең көп тараған екінші елге айналды.
13 Мамыр, 2020
«5-10-20»: Баспана тұрғын үй кезегінде тұрғандарға беріледі
Алдағы уақытта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилот жобасын іске қосады. Аталған ипотекалық бағдарламаға тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.
13 Мамыр, 2020
Білім беру ұйымдарына құжат қабылдау жеңілдейді - А. Аймағамбетов
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында мәлімдеді.
13 Мамыр, 2020
«Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа ережесі бекітілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 271 Қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын анықтау Ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.
13 Мамыр, 2020
Мұнай мен коронавирус дағдарысы: Сауд Арабиясы экономикасын құтқаруда
Елдің экономиканы ынталандыру шаралары зардап салдарын азайтуға бағытталған. Одан бөлек Сауд Арабиясына мұнай секторынан түсетін табысқа сенбеуге және астанасы Эр-Риядтың трансформациясына шығындарды азайтуға тура келеді.
13 Мамыр, 2020
Екпені міндеттемеу туралы түзету қабылданбады
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
13 Мамыр, 2020
Бәс тігуді шектеу үшін ставкаларды есепке алу орталығы құрылмақ
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.
13 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5417-ге жетті
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 138 жағдай тіркелді.
13 Мамыр, 2020
Ауылдан ақсақал көшкен соң, өзгеге не жорық?!
Ауылдағы қаңырап бос қалған, бұзылған үйлерді көргенде жүрек тұсымыз шаншып, сыздап қоя береді. Өйткені ауыл бәріміздің алтын бесігіміз. Алтын бесік елсіз далада бос қалса, бәрімізге сын.
13 Мамыр, 2020
Президенттің алғысы ұстаздарға күш-жігер берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты қазіргідей коронавирус індеті жер-жаһанды шарпып отырған әлемдік дағдарыс кезінде елімізді сол қиындықтардан сүріндірмей алып шығуға бағытталған бағдарламалық сұхбат болды десек асыра айтқанымыз емес.
13 Мамыр, 2020
«Egemen Qazaqstan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» атты сұхбаты жарық көрген екен. Сұхбатта Мемлекет басшысы еліміздің кезектегі және болашақтағы маңызды мәселелеріне кеңінен тоқталып, бағыт-бағдарымызға жөн сілтеніпті. Бұл сұхбат емес, келелі кеңес дер едім. Жұрттың көңілін мазалаған көптеген сауалдарға ашық жауап айтылып, «ертең не болады?» деген алаңдауды дәйекті де сенімді тұжырыммен тарқатылыпты.
13 Мамыр, 2020
Абылайдың ақ үйі – патриотизм ошағы
Петропавлда «Абылайдың ақ үйі» аталған тарихи үйдің қирап, сүрудің аз-ақ алдында қалған жерінен оның баға жетпес ескерткіш екенін дәлелдеп ақсақалдар мен журналистер аман алып қалған еді. Әсіресе, қазір «Егемен Қазақстанның» Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып жүрген Жақсыбай Самрат ағамыздың еңбегі зор.
13 Мамыр, 2020
Байырғы сақтың баласынан әйеліне дейін атүсті жауынгерлікке бейімделген. Содан да болар, Еуропадан бастап, Жерорта теңізіне дейінгі халықтың зәресін алғаны. Әлгі мифке астар болған кентаврлар туралы аңыз осы тұста бой көтереді. Хас тұлпардың құны артып, тауарға айналды. Сол заманда Қытайдың ханы үйсіннің Күнбиіне қызын беріп, мың қара ат алғаны тарихтан аян. У қорғасындай үйсіннің кеудесіне батқан Қытай ханшасы үйір-үйір сәйгүлікке татығанын ойлағанда, бір өкініш кеудеңді қариды. Өйткені, сол арқылы Қазақ тұлпары Қытайға сапарлады. Осылайша аңызға бергісіз желден жаралған жүйріктер Америка асып кете барды.
13 Мамыр, 2020
Шалқар ауданынан соғысқа 7200-дей жауынгер аттанып, 1500-ге жуығы ғана елге аман-есен оралған. Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесін аудан бойынша жалғыз ардагер тойлады. Оның есімі тоқсаннан асса да салтанатты шаралардың сәнін кіргізіп, шаршы топта көпке батасын беріп жүрген Шудабай Тақай. Уақытында қария тыл мен майданда тең жүріп тер төгіпті. Бұлай деуге оның өмір жолының өзі дәлел. Шудабай ата 1926 жылы ауданға қарасты Жаңажол колхозында дүниеге келеді. Ол кішкентайынан ат жалында ойнап өседі. Өйткені оларды заманы солай ыңғайлап, бұғанасы бекіместен ауылға тән қара жұмысқа жегеді.
13 Мамыр, 2020
Жалағаштан әскерге алынған Ернияз Сәтов көп жылдар бойы хабарсыз кеткендер қатарында саналып келген еді. Кейіннен ғана Одер өзенінен өтерде оққа ұшып, бақилық болғаны анықталған жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған екен, бірақ бұйырғаны «Қызыл Жұлдыз» ордені болыпты. Оның өзі де туыстарына 1991 жылы табысталған.
13 Мамыр, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, Жеңіс күнін тойлау – әртүрлі ұрпақ, көзқарас, дін мен мәдениет өкілдерінің басын біріктіретін мереке. Жеңіс күні – сол бір жойқын соғыстың қатысушылары – ардақты ардагерлерімізге, оның ауыртпалығын көтерген тыл еңбеккерлеріне алғысымыз бен құрметімізді көрсететін айтулы күн!
13 Мамыр, 2020
Құрылыс стратегиясы не үшін қажет?
Жуырда облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов пәтер беру арқылы 27 мың адамнан тұратын үй кезегін қысқарту үшін жаңа құрылыс стратегиясын жасау қажеттігін айтты. Алдағы уақытта қанша тұрғын үй салынады, баспана кімдерге беріледі, инфрақұрылым тарту жұмыстары қалай жүргізіледі?
13 Мамыр, 2020
Білім алушылардың ізденісі артты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында білім саласындағы тосын өзгеріске тезірек бейімделіп, тиімді әдіс-тәсілдерге икемделу керектігін айтты.
13 Мамыр, 2020
Биологиялық қауіпсіздік кеңесін құру – заман талабы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Үкіметке беделді ғалымдар мен сарапшылардан тұратын Биологиялық қауіпсіздік кеңесін құруды тапсырды.
13 Мамыр, 2020