Редакция таңдауы
Іріктеуде ашықтық қамтамасыз етілген
Президенттік жас кадрлар резервіне іріктеуге қатысушылар «Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңінен өтуде.
05 Желтоқсан, 2019
Үлескерлер баспанасыз қалмайды
«Восточка» тұрғын үй кешені келер жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдері аталған кешеннің үлескерлерімен өткен кездесуде айтты. Осы мақсатта компания 16 үйдің құрылысын аяқтауға 7,1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлмек. Нысанды салу жаңа мердігерге тапсырылды. Ал сатып алушылар үшін шарттар мен бағалар бұрынғы күйінде қалады.
05 Желтоқсан, 2019
Жекеменшік мектептер – Олардың көбеюі бәсекелестікті арттыра ма?
Білім және ғылым министрлігі жекеменшік мектептерде қалталы ата-аналардың ғана балалары оқығанын қаламайтынын бірер жылдан бері ашып айтып жүр. Оны жүзеге асырудың тетіктері биылдан бастап белгілі бола бастады. Жуырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың басынан бері 47 жекеменшік мектептің ашылғанын жеткізді.
05 Желтоқсан, 2019
«Қиссас-ұл әнбия» – Бұл шығарма қай жерде туған?
Насреддин Рабғузидің «Қиссас-ұл әнбия» атты еңбегі – Алтын орда дәуірінде дүние келген әйгілі түркітілді шығармалардың бірі. Оның бір атауы «Қиссас ар-Рабғузи». Шығыстанушы И.А.Каюмованың пікірінше, осы шығарманың ең ескі қолжазбасы Ташкентте сақтаулы. «Қиссас ар-Рабғузи» шығармасында таяушығыстық сюжеттермен қатар байырғы түрк фольклоры орын алған. Рабғузидің «Қиссас-ұл әнбиясы» түрктілдес мұсылман халықтары арасында, олардың ішінде қазақтарда көп тарағанын қазақ түркітануы басында тұрған Бейсембай Кенжебайұлы «Қиссас-ұл әнбияға» арналған мақаласында ашып көрсеткен болатын.
05 Желтоқсан, 2019
Қажырлы қайраткер, сырбаз ақын
Біз еске алып отырған Садықбек Хангелдиннің әдебиетке келу жолы өзімен қатарлас жастардан біраз өзгеше болғанын айта кеткен жөн. Яғни, ол кезде қаламгерліктен дәмесі бар жастар әдебиетке деген алғашқы қадамын шығармашылыққа жақын ортадан, мысалы, газет, радио редакцияларынан бастайтын.
05 Желтоқсан, 2019
Алматыда Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология институтында әлемге әйгілі академик, Орталық Азия мен Қазақстан әйелдері арасынан шыққан алғашқы геолог ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері Патшайым Тәжібаеваның 100 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде өте сәтті өтті. Екі күнге созылған шара қалың қауымға ой салған тағылымымен ерекшеленді.
05 Желтоқсан, 2019
Ерлікті ұмытпаудың тағы бір шарасы
Келер жылы мамыр айында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толады. Миллиондаған адамның қанын төккен мұндай алапат соғысты тарих бұрын білген емес. Майдан даласында кеудесін оққа тосқан боздақтар ерлігі ұмытылмайды. Жақында қостанайлықтар ерлікті ұмытпаудың тағы бір шарасына куә болды.
05 Желтоқсан, 2019
Қазақстанда Мемлекеттік хатшы институты 1996 жылдың наурызында енгізілді. Бұл қызметті бірінші болып атқарған адам – А.Есімов. Әбіш Кекілбайұлы осы лауазымға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылдың 30 қазанындағы Жарлығымен тағайындалып, оны 2002 жылдың 29 қаңтарына дейін атқарды. Осы жұмыста Мемлекеттік хатшының қызметін хатшылығы қамтамасыз етіп отырды. Оның меңгерушісі – Амангелді Қайырбаев, кеңесшілері Бақытжан Ордабаев, Жапсарбай Қуанышев, Мұхтар Тілеуберді, ал көмекшілері Асқар Молдағаринов, Тілекқабыл Боранғалиев болды. Қабылдау бөлмесінде Ләззат, Гүлнәр, Айгүл сияқты қарындастарымыз да қызмет етті.
05 Желтоқсан, 2019
Инвестиция тартуға икемді құжат
Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында депутаттар әлеуметтің әл-ауқатын және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған бірқатар заң жобасын мақұлдады.
05 Желтоқсан, 2019
Жезқазғанның «Дидары» алпыстың асқарын бағындырды
Мысты қала Жезқазғанның мақтанышы – «Дидар» телеарнасының құрылғанына 60 жыл толған мерейтойы киелі Ұлытау-Жезқазған өңірінде кеңінен аталып өтті. Қазақ телевизиясының алғашқы қарлығаштарының бірі санатында аталып жүрген мекемедегі әріптестерінің салтанатты сәтінің қуанышын бөліспекке алыс-жақыннан қадірлі қонақтар да мол келді.
04 Желтоқсан, 2019
Ұлттық музейдегі «Ұлы дала шеруі»
Орталық Азиядағы ең ірі мәдениет ордаларының бірі саналатын Ұлттық музейдің құрылғанына биыл бес жыл. Бұл уақыт аралығында игілікті шаруалардың ұйытқысы болған рухани орталық тарихи және ғылыми мәні зор көптеген зерттеу жобаларымен шұғылданатын дербес алаң ретінде танылып үлгерді. Осы орайда өткен «Ұлы дала шеруі» атты музейлер шеруі өнерсүйер қауымның басын біріктіріп, көңілді демалыс сыйлады.
04 Желтоқсан, 2019
«Road Show»: ipo емес, дегенмен, бұл да инвесторлар үшін
Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ өз өнімдерін ақпараттық ілгерілету аясында «Road Show» форматын пайдалана бастады. Айта кету керек, шетелде бұл тәсіл компания акцияларын бастапқы жария орналастыру (IPO) кезінде инвестициялар тарту үшін қолданылады.
04 Желтоқсан, 2019
Партия қатары 2 мың адамға көбейді
Елордада Nur Otan партиясына салтанатты қабылдау өтті. Жетекші партияның қатары жас және белсенді азаматтармен толықты.
04 Желтоқсан, 2019
Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы
Түбі бір түркі жұртының ертеңін баянды ету жолында Елбасы бастамашы болып, ірге көтерген Түркі кеңесі, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Халықаралық Түркі академиясы сынды құрылымдар бүгінде табысты жұмыс атқарып келеді. Осы ретте халықаралық Түркі академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту аясында Нұр-Сұлтан қаласында «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғасы» атты тағылымды жиын өткізді.
04 Желтоқсан, 2019
Новосібірлік дәрігерлер медициналық туризмге ынталы
Қазан айының соңғы күндерінде солтүстіктегі көршіміздің Новосібір қаласының алдыңғы қатарлы медициналық мекемелері елордамызға атбасын тіреп, өздерінің мүмкіндіктерімен таныстырды.
04 Желтоқсан, 2019
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, КСРО Журналистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ленинград қаласының құрметті азаматы, Қазақстанда алғаш ашылған Алматы телестудиясының тұңғыш директоры Хамза Әубәкірұлы Әбілғазиннің өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай.
04 Желтоқсан, 2019
Жаңа жүйе жасыл желекті жайқалта ала ма?
Бүгінгі таңда Ақтөбе секілді өндірісті қаланың «өкпесі» қысылып тұрғаны ешкімге де құпия емес. Оның басты себебі – кәсіпорындардан шығатын зиянды өндірістік қалдықтардың көбеюі әрі оны сіңіріп алатын ағаштардың аздығы. Бұл мәселеге қанатын кеңге жайып келе жатқан, мегаполис атанудан үміткер қаланың «бір кем дүниесі» дегеніміз жөн болар.
04 Желтоқсан, 2019
Дамыған өңір елді өрге сүйрейді
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері қаралып, өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы таныстырылды.
04 Желтоқсан, 2019
Ел Президенті Қ.Тоқаев жуырда сөйлеген сөзінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмысында шалағайлыққа, көзбояушылыққа жол берілмеуі керектігін айтты.
04 Желтоқсан, 2019
Кеше «Қызылорда – Құмкөл» тасжолында жолаушылар автобусы аударылып, оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам ауруханаға жатқызылды. Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте мамандар оқиғаның жай-жапсарын айтып, журналистер сауалдарына жауап берді.
04 Желтоқсан, 2019