Редакция таңдауы
Алматыда Орталық саябақта егіздер шеруі өтті. Жүз елуден астам егіздер жиналған мереке балалар ғана емес, егіздер тәрбиелеп отырған отбасылар үшін ерекше күнге айналды.
26 Тамыз, 2019
Алматыда Nur Otan партиясын қайта жаңғырту мәселесі талқыланды
Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалында партияны қайта жаңғырту туралы мәселелер пысықталды.
26 Тамыз, 2019
Қазақстанда бір жылда 2 млн-нан астам жылжымайтын мүлік тіркелді
«Азаматтарға арналған үкімет» бір жылда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бойынша 2 млн 30 мыңнан астам өтініш тіркеген. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
26 Тамыз, 2019
Қосымша бірреттік пойыздар іске қосылады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Нұр-Сұлтан 1 – Шу», «Алматы-2 – Новосібір» бағыттарында бірреттік қосымша пойыздардың іске қосылатыны туралы хабарлады.
26 Тамыз, 2019
«Касперский зертханасының» заманауи жетістіктері талқыланды
Қазақстан цифрлық қауіпсіздік мәселесінде он бес жыл қатарынан «Касперский зертханасымен» бірге кибершабуылдарға тойтарыс беріп келеді. Осы жылдар ішінде елімізде де, киберқауіпсіздік индустриясында да көптеген өзгерістер орын алды. Кейбір оқиғалар тек саланы ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен қатар, ақпаратты қорғау мәселесін үйдегі пайдаланушылар, коммерциялық компаниялар, тиісті органдар үшін басты басымдықтардың біріне айналды.
26 Тамыз, 2019
Солтүстік Қазақстанда медициналық жабдықтар жаңартылды
Жыл аяғына дейін 4 миллиард теңгеге заманауи технологияларға негізделген медициналық қондырғылар сатып алу жоспарланса, солардың бірқатары жеткізілді.
26 Тамыз, 2019
СҚО-да жер заңнамасын бұзудың 855 оқиғасы анықталған
Бүгінде облыстағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің көлемі 7 миллион гектар болса, 4,9 миллион гектарын егістік алқаптар, 1,9 миллион гектарын жайылымдық жерлерді құрайды.
26 Тамыз, 2019
Бурабай баурайында VII Burabike Fest-2019 қайырымдылық бағытындағы спорттық-музыкалық фестиваль өткізілді. Аталмыш фестивальді облыстық әкімдіктің қолдауымен Болат Өтемұратовтың қоры ұйымдастырды.
26 Тамыз, 2019
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
26 Тамыз, 2019
Ақтөбеде ауыл тұрғындары көпір салып алды
Бүгінде шалғай ауылдардың тұрғындары арасында жергілікті билік өкілдеріне талап-тілектер жиі қойылады. Бұл кейде масылдық сананың бір сипаты іспетті көрініс тауып жатады. Осы орайда Жұрым ауылдық округіне қарасты Көлденең Темір ауылы азаматтарының ешкімнен ештеңе сұрамай, өз күштерімен көпір салып алуы өзгелерге үлгі боларлық қадам.
26 Тамыз, 2019
«Altyn oimaq» шеберлердің жолын ашады
Елордада «ALTYN OIMAQ» – Қазақстан жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының алғашқы көрме-форумының бағдарламасы таныстырылды.
26 Тамыз, 2019
«Тальго» пойызының жолсеріктеріне қатысты сот үкімін қайтарды
Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 22 тамыздағы қаулысымен «Тальго» пойызының жолсеріктері Ж.Умбеталиев пен Қ.Құрманиязға қатысты Қостанай қаласының №2 сотының үкімінің күші жойылып, қылмыстық іс прокурорға қайтарылды.
26 Тамыз, 2019
Жақында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 16 судьяға сұраныс бары хабарланды. Ал былтыр республика бойынша 245 маман тапшы болған. Жыл сайын 10 мыңға жуық түлек заң факультетін тәмамдайтынын ескерсек, сот өкілдерінің жетіспеушілігі неге азаймайды?
26 Тамыз, 2019
Жасаған иеміз бізді есті жан етіп жаратқан соң айналамыздағы тіршілік атаулыға аялай қарағанымыз абзал. Төрткүл дүние төсін тел емген сан жетпес санасыз «жерлестеріміз» алдындағы сол жауапкершілікті сезінгендіктен болар, жер бетіндегі аң-құстар мен өсімдіктер әлемін сақтаудың амалдарын іздеп аласұрамыз.Тұқымы тұздай құрудың алдында тұрғандарын «қызыл кітапқа» кіргіземіз. Дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау – саналының сауапты ісі. Асылында, арда табиғаттың тепе-теңдігін бұзбағанға не жетсін!
26 Тамыз, 2019
Өмірлік мақсаты Маңғыстау мұнайын игеру еді - Б. Қуандықов
Өмірлік мақсаты Маңғыстау мұнайын игеру еді – дейді Қазақстан мұнайшы-геологтар қауымдастығының президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы Балтабек Қуандықов.
26 Тамыз, 2019
Қуыршақ театры жаңа маусымын ашады
Республика тарихындағы тұңғыш қуыршақ театры – Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры қазан айында мерейлі 85-маусымын ашуға бүгінде қызу дайындық үстінде.
26 Тамыз, 2019
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау…
Қазір әлеуметтік желілерде, дастарқан басында да «қазақта кезінде Абай сияқты шалдар көп еді, Абайдың ел арасына тарап, атағының шығуы жазушы Мұхтар Әуезовке тікелей байланысты» деген әңгімелер белең алып, тіпті «Атың шықпаса, Абайға тиіс» деген заманға сай мақал пайда болды. Бұл әңгімелердің негізгі себебін Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылғы «Қазақ» газетіндегі «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласынан көреміз: «Көп сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың ара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда».
26 Тамыз, 2019
«Сарыарқа» магистралды газ құбырының желісі 2020 жылы толық іске қосылады
«Сарыарқа» газ құбыры желісінің құрылысы 2019 жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде. Жоба толығымен 2020 жылы іс жүзіне асырылып, газ құбырының желісі толық салынып бітеді.
26 Тамыз, 2019
Қалиола Ахметжанның «Уақытқа саяхат» атты көрмесі ашылды
Елордадағы Ұлттық музейде танымал суретші, Мәдениет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, қарутанушы-этнограф, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қалиола Ахметжанның 70 жылдығына және шығармашылық қызметінің 40 жылдығына арналған «Уақытқа саяхат» атты мерейтойлық көрме ашылды.
24 Тамыз, 2019
Асқар Мамин Ақтөбе облысына барды
Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік өңірлерінің бірі Ақтөбе облысында болып қайтты деп хабарлайды primeminister.kz.
24 Тамыз, 2019