Редакция таңдауы
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылғы және 2019 жылдың мамырына дейінгі атқарылған жұмыстар туралы халыққа есеп берді.
27 Маусым, 2019
Кеше Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты аймаққа арнайы келді. Сапар барысында ол қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен кездесіп, апатқа байланысты құрылған облыстық жедел штабтың жұмысымен танысты. Сондай-ақ гуманитарлық көмек бойынша өзге өңірлерден келген заттарды қарсы алу жұмыстарына қатысып, зардап шеккен ата-аналармен және балалармен жұмыс істеп жатқан психолог мамандармен кездесті.
27 Маусым, 2019
Ресей аумағына өту тәртібі жеңілдейді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
27 Маусым, 2019
Биылғы 9 маусымда елімізде және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелеріндегі 65 сайлау учаскесінде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Қазақстан халқының 77%-ы қатысқан сайлауда Nur Otan партиясы ұсынған үміткер Қ.Тоқаев 70,96 пайыз дауыс басымдығымен жеңіске жетті.
27 Маусым, 2019
«Егеменнің» еңбегі еленген күн
Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шығармашылық ұжымына Қазақстан Президентінің Алғысы жарияланды.
27 Маусым, 2019
Әдебиет әлемінде шығармашылығын ақындық жолдан бастап, кейіннен жазушылыққа ойысқан немесе жазушылықтан ақындыққа бет бұрған қаламгерлер аз емес. Мысалы, орыс поэзиясының пірі Пушкин жазған «Капитан қызы» ақынның жазушылық шеберлігін танытса, поэзия мен проза жұптасқан мұндай мысалдар біздің көркем әдебиетте де аз кездеспейді.
27 Маусым, 2019
Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәселесі талқыланды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
26 Маусым, 2019
Парламент депутаттары халықпен кездесу үшін Арысқа аттанды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқ-дәрі базасында болған жарылыстар нәтижесінде зардап шеккен Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін жиналған барлық қазақстандықтардың бірлігін атап өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
26 Маусым, 2019
Азаматтық қоғамды дамыту – басты назарда
Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев халық алдында есеп берді.
26 Маусым, 2019
Батыс Қазақстан облысының байтақ даласы құнды тарихи қазынаға толы. Биыл жаз басталғалы өңірде бірнеше жерде археологиялық қазба жұмысы басталды.
26 Маусым, 2019
Жазушы тұрған үй музейге айнала ма?
«Е, Алматыда саған не бар? Бар жақсы, қасиетті дүние елде емес пе?! Сен Абай туған жерде отырсың, данышпан іздесең, жаныңда Абай жатқан жоқ па?
26 Маусым, 2019
Go Viral: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын
Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде медиа, мәдениет, технология және бизнес саласындағы инновациялық идеялардың халықаралық фестивалі өтті. Үш күндік бағдарламада жергілікті инновациялардың жаһандық маңызы, медиа нарықтың құбылуы, арт жобаларды дамыту сынды ауқымды әрі қызықты тақырыптар қозғалды.
26 Маусым, 2019
Президент бағдарламасын іске асыру – Үкіметтің негізгі міндеті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Вице-премьер Жеңіс Қасымбектің, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше жағдай орнында жүргізіліп жатқан жұмыстар және зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету туралы баяндамалары тыңдалды.
26 Маусым, 2019
Қостанай облысындағы Таран ауданы енді Бейімбет Майлин аталады. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.
26 Маусым, 2019
Ай, айналайын Арысым-ай... Қасіретті Қайырымдылық жеңеді
Арыстағы апат туралы ести сала Ағыбайға телефон шалдық. Әбдімәлік Ағыбай ғой. Қалалық газеттегі. «Басталғалы біраз уақыт болды, аға. Биіктеу жерде жүрміз. Қиын боп жатыр...» деді ол.
26 Маусым, 2019
Карточкамен төлегендерге мемлекет бонус бермек
2021 жылдан бастап елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысқаны үшін азаматтарға мемлекет тарапынан бонус төленуі мүмкін. Қазіргі таңда тиісті министрлік оны жүзеге асыру тетіктерін банктермен бірлесіп қарастырып жатыр. Бұл туралы Forbes.kz хабарлады.
26 Маусым, 2019
Қаржы орталығының қызметі ілгерілеп келеді
Елордадағы халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты өтіп, биржалық операциялық қызметі іске қосылғанына бір жыл болды. Былтыр 50-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйым басшыларының қатысуымен өткен ауқымды шарада Елбасы Н.Назарбаев: «Астана» халықаралық қаржы орталығы – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы» деген еді.
26 Маусым, 2019
Әскери қоймада болған жарылыстарға байланысты шұғыл түрде көшірілген арыстықтарға жол-жөнекей көмек қолын созушылар көп болды. Жалпы, Арыстағы жағдай қазақылықтың қаймағы бұзылмаған дейтін Оңтүстіктегі ағайынның ынтымағын, қиын кезде қолұшын соза білетін жанашыр екендігін тағы бір байқатты. Жаздың ыстық күнінде бас сауғалап кеткен тұрғындардың алдарынан көрші аудан, ауылдың тұрғындары су, тамақ алып шығып, күтіп алса, бірі көлігіне мінгізіп алып кетіп жатты. Бейтаныс жандарды үйіне алып барып, қондырып жатқандар қаншама. Мұны сол зардап шеккен тұрғындардың өздері айтып отыр.
26 Маусым, 2019
Фариза Оңғарсыноваға арналған республикалық мүшәйра мәреге жетті
Көрнекті ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың туғанына биыл 80 жыл. Поэзия падишасының тойы туған жері Атырауда басталды. Ақын құрметіне «Жыр - менің жалғыз тарланым» атты республикалық жыр мүшәйрасы ұйымдастырылып, жүлдегерлер марапатталды.
25 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
25 Маусым, 2019