Редакция таңдауы
Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының Президентіне ілтипат білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың және көпжақты форматтағы өзара тығыз іс-қимылдардың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
14 Маусым, 2019
Қоғамда әлдебір қолайсыздықтар орын алып тұрғанын көріп отырмыз. Алматы қаласында бірер күн бұрын көшелерде рұқсат етілмеген шеру өтті. Шетелде отырған кейбір азаматтардың өздерінің жеке бас мүддесіне жастарды пайдаланып отырғаны, жастардың болашағына жаным ауырады. Заманның беталысы қырық құбылып, тәуелсіздігіміз бен болашағымызды сын тезіне салып тұр!
14 Маусым, 2019
Ерлан Баттақов Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды
Ерлан Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
13 Маусым, 2019
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының активімен кездесті
Кездесуге дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қалалық Мәслихаттың кезектен тыс отырысында депутаттарға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі лауазымына Алтай Көлгіновтің кандидатурасын ұсынып, олардың келісімін алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
13 Маусым, 2019
Асқар Мамин жаңа Білім және ғылым министрін таныстырды
Премьер-Министр Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа министр Асхат Аймағамбетовты таныстырды.
13 Маусым, 2019
Елордада «K-Chopsticks: Connection» атты тағамға арналған корей таяқшалары қолданбалы өнерінің көрмесі осы халықтың мәдениетімен етене танысуға мүмкіндік берді.
13 Маусым, 2019
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстандағы Италияның елшілігі және италиялық Eni халықаралық мұнай-газ компаниясы үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
13 Маусым, 2019
Бейбіт күннің берекесі кетпегей
Қазақ халқы өзінің елдік мәселесін көшеде шешпеген. Әрине, туған елін, қасиетті жерін, Ана тілін, көк Туын ат үстінде жанкештілікпен қорғаған жауынгер халық екеніміз рас. Біз ертеңгі болашақ жас ұрпақтың арандап қалмауына алаңдаулымыз. Істі насырға шаптыру жақсылыққа апармайды, қайта жарға жығады. Ұсыныс, талап-тілектерді мәдениетті түрде айта білетін деңгейдеміз ғой. Арандап қалу аз ғана сәтте, ал азаттық алуға ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тер төкті. Сол аманатқа қиянат жасап алмауымыз керек.
13 Маусым, 2019
Елімізде Президент сайлауы науқаны аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы шығып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның жеңісімен басқа бәсекелестері, алты бірдей кандидат шыққан қорытындымен келісіп, құттықтады.
13 Маусым, 2019
Әкім Тарази: Ақылмен шешкен абзал
Қазақ халқы тағы да бір белеске қадам басты. Дәл осы сөзді айта салу бір қарағанда жеңіл сияқты болғанымен, оның астарында қаншама жылдардың зіл батпан салмағы жатыр.
13 Маусым, 2019
«Daily News» дәріптеген Дәулетбеков
Тарихтың тегершігі кері айналып, адасқан әр шындық өз орнын табар болса, тұғырынан жылжып кеткен әділеттілікпен ең алдымен тұлғалар табысар еді. Үлкен іс тындыра тұра, өмірден өз үлесін алмақ түгілі есесін жіберіп алған ерлердің уақыттың күліне көміліп кеткен есіл еңбегі келер ұрпақтың аршып алғанын күтіп тым-тырыс еленбей жататыны бар. Замандастарының зобалаңын көрген, «ұрланған», «тоналған» Хәкімнің тап осындай тұлғалардың қатарынан екені хақ.
13 Маусым, 2019
Баспана бақыты биыл қарағандылық 700 отбасына бұйырады
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған былтырғы Жолдауында тұрғындарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету туралы міндеттер нақты айтылған болатын. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы тұрғын үй сертификаттарын беру арқылы жергілікті бюджет есебінен бастапқы жарнаны субсидиялау мүмкіндігіне жол ашты. Шын мәнінде, бұл жоба баспанаға мұқтаж болып жүрген көп балалы отбасыларға ғана емес, бюджеттік сала қызметкерлеріне де берілген үлкен мүмкіндік еді.
13 Маусым, 2019
Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымына тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кәрім Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
13 Маусым, 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
13 Маусым, 2019