Редакция таңдауы
Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қыркүйек, 2023
Астықты өлкеде жаз бойы аспаннан нәр тамбаған құрғақшылықтың салдарынан алқап қойнауына сіңірген дән бой салып өспей, диқандарды бір қобалжытса, күзгі үздіксіз жауған ақ жауын «жығылғанға – жұдырық» болып тұр. Облыс диқандары 5 миллион гектардан аса егістік алқабының небәрі 20 пайызға жуығын ғана жинай алды.
21 Қыркүйек, 2023
Экономика және өндірістің ең ежелгі, халқымызға ең етене саласы ауыл шаруашылығы екені белгілі. Шаруа баққан, мал сүмесіне қараған, жер емген ауыл, дала еңбеккерлерінің тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты бұл сала кейінгі жылдары қарқынды дамып келеді.
21 Қыркүйек, 2023
Сырдария бойына, көл табандарына қаулап өсіп, өзіміз өртеп тастайтын қамыс өзге елде қадірлі деп кім ойлаған? Рас, кезінде бұл жарықтықты үй құрылысына пайдаланды, тіпті ыза теппеу үшін іргетастың астына тастағандарды да көргенбіз. Қазір жігіт ағасы жасынан асып бара жатқан замандастарымыз қолы тілімделіп, талай мәрте бау-бау қамыс орған шығар-ау.
21 Қыркүйек, 2023
«Ризамыз саған, Ризабек!». Елге оралған балуандарға батырға лайық құрмет көрсетілді
Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында көк туымызды желбіретіп, абыройымызды асқақтатқан балуандарды жанкүйерлер құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қыркүйек, 2023
Мағыналы сапар, маңызды келісім
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары барысында бірқатар компания басшысымен кездесіп, маңызды келісімдерге қол жеткізді.
21 Қыркүйек, 2023
Пандемиялық дағдарыстан кейін әлемдік экономиканың қозғалтқышы жаңа күшпен іске қосылған еді, бірақ соңғы 1,5 жылда бұл кеңістікті бір белгісіздік жайлап алды. Батыс елдері мен Қытай арасындағы «мылтықсыз майданның» салдарынан алпауыт елдер экономикаға ақша салуды кейінге қалдырып, алыптар текетіресінің немен аяқталарын болжай алмай отыр.
21 Қыркүйек, 2023
Бүгінде әлемде есірткіге тәуелділер саны 23 пайызға өскен. Біріккен Ұлттар Ұйымының зерделеуінше, кейінгі он жылда тыйым салынған заттарды кем дегенде 300 миллион адам пайдаланады. Бірақ есірткіқұмарлықтан жаһан жұртшылығының әр бесінші азаматы ғана емделеді екен. Елімізде де көрсеткіш көңіл көншітпейді. Тек есепте тұрғандардың өзі 18 мыңнан асып жығылады. Өкінішке қарай, дені – жастар.
21 Қыркүйек, 2023
Адам ықылас қойса, кез келген кәсіпті меңгеруі мүмкін екен. Тек тұла бойында осыны үйренсем деген ниет болса болғаны.
20 Қыркүйек, 2023
Керекудің онсыз да тар көшелерінде темір тұлпарымен атырынып, жаяу жүргіншілерге жол бермейтін бейбастақ жүргізушілерді тәртіпке шақырудың жолы табылғандай. Алдағы жылдары Ертіс-Баян өңірінде 390 аппараттық-бағдарламалық кешен мен 6,5 мың бақылау камерасын орнату көзделіп отыр.
20 Қыркүйек, 2023
Шахтадағы өрт: кінәлі – «Арселор»
Бес кенші қаза болған «Қазақстан» шахтасындағы өрт естеріңізде болар. Жедел құрылған Үкіметтік комиссия тобы күні кеше қайғылы оқиғаның тергеп-тексеру қорытындысын жария етті. Апат кезінде пайдаланылған құрылғыларға, жабдықтарға тиісті сараптама жүргізген еді. Сараптама нәтижесіне сәйкес кінәлі – жұмыс беруші. Алпауыт «АрселорМиттал Теміртау». Өрттің басты себептерінің бірі – конвейер таспасының тұтануы. Көмір конвейерінің шығыршығы деформацияға байланысты қарысып қалғандықтан, таспа үйкеліп, көмір тұтанып, өрт шыққан. Бұл таспаны мемлекеттік стандарт бойынша елімізде қолдануға болмайтын көрінеді. Әлгі таспаңыздың Үндістанның бір зауытында жасалғанымен қоса сертификаты жоғы тағы бар.
20 Қыркүйек, 2023
1 қаңтардан бастап балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақ шоттарына аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қыркүйек, 2023
«URKER – 2023» ұлттық сыйлығының номинанттары белгілі болды
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER – 2023» ұлттық сыйлығының номинанттары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2023
Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысының Бесқарағай ауданына қарасты Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы дертіне шалдыққан деген күдікке ілінді. Осыған байланысты бүгін таңертеңнен ауылдың кіреберісіне блок-пост қойылып, төтенше жағдай жарияланды. Әзірге Абай облыстық ТЖБ тұрғын туралы нақты мәлімет жариялаған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2023
Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік бойынша «KazHackStan Turan» конференциясы өз мәресіне жетті. Ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер көтерілген алаңда 4 мыңға жуық сарапшы қатысты. Үш күнге созылған ауқымды іс-шараны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырды.
20 Қыркүйек, 2023
Атом энергетикасы және ел болашағы
Жуырда Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта «Семей сынақ полигоны: мұрасы және ғылыми-техникалық әлеуетінің даму келешегі» атты X халықаралық конференция өтті. Айтулы жиынға әлемдік деңгейдегі танымал ғалымдар шақырылып, олар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және оның қауіпсіздігі жайындағы ойларын ортаға салды. Жапония, АҚШ, Франция, Қытай, Мажарстан, Ресей, Қазақстан ғалымдарының басын қосқан іс-шараны Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков жүргізіп отырды.
20 Қыркүйек, 2023
АЭС салу керек пе? Тақырыпқа таңдалған осы бір маңызды сұраққа «Байтақ» жасылдар партиясы ұйымдастырған баспасөз конференциясында энергетика саласының ғалымдары мен мамандары толыққанды жауап қатты деп ойлаймыз.
20 Қыркүйек, 2023
АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиясы
«Wall Street Journal» басылымында АҚШ президенті Джо Байден мен Орталық Азия басшыларының кездесуіне қатысты мақала шықты. Ақпарат құралында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының саммиті аясында Ақ үй басшысы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттерімен келіссөз жүргізетіні айтылған.
20 Қыркүйек, 2023
Облыста тіл саясаты 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
20 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Португалия Президентімен келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары аясында Португалия Президенті Марселу Ребелу де Соузамен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қыркүйек, 2023