Редакция таңдауы
Бабаларымыз қаймағын бұзбай бүгінге жеткізген дәстүрлі дін мен салтымыз – ел діңгегі. Иман таразысы түзу, діліне берік халықтың өресі жоғары, рухы биік. Ислам діні даламызға өркен жайған тұста-ақ ұлт диірменінен өтіп, Ясауи, Мәшһүр Жүсіп, Абай, Шәкәрім, Ғұмар Қараш, Сәдуақас Ғылмани сынды бірегей тұлғаларымыз арқылы елдік руханиятпен біте қайнасты.
24 Тамыз, 2023
Желдей жүйткіген жүйріктің жүгенімен алысу үшін әрине, үлкен жүрек керек. Әсіресе аламандағы дүбірде тұлпар топ жару үшін шабандоздың тақымы тастай, жігері қылыш, білегі құрыш болуы әсте, маңызды. Былайша айтқанда, қазанаттың бабын атбегі тапса, бағын шабандоз бала жағады. Елдің аузында жүрген Арқадағы Мейір Нұрболатов деген шабандоз тақымдаған тұлпарға Жаратқанның нұры түсер ме дерсіз? Түкіріп қоялық, аламан бәйгенің үнемі алдында келеді. Өзі шынашақтай болып-ап, асауға ауыздық салғанын көргенде «мына жігіт жүрегін жұтып алған ба?» деген ойда қаласыз…
24 Тамыз, 2023
Қазақ пен қырғызды өзімізден басқа ешкім қолдамайды - Садыр Жапаров
Айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев жуырда Қырғызстан президенті ат мінгізген қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты сынға алған еді. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында осы сынға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2023
Тоқаев БРИКС мүшелерін Қазақстанда өтетін цифрлық форумға шақырды
Бүгін БРИКС саммитінде Мемлекет басшысы БРИКС мүшелерін келесі жылы Қазақстанда өтетін цифрлық форумға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2023
Азық-түлікті санкциялар ықпалынан босатуымыз керек - Президент
БРИКС саммитінде Мемлекет басшысы азық-түлік мәселесіне тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Тамыз, 2023
Қазақстан БРИКС елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Қазақстан БРИКС елдерімен және Африка одағымен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15-ші БРИКС саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2023
Қазақстан 2024 жылды «Экология жылы» деп жариялауды ұсынды
Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды «Экология жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15-ші БРИКС саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы БРИКС самитінде ортақ мүдделерді ұсынды
Президент БРИКС пен ШЫҰ-ға ортақ мүдделер мен басымдықтарды ескере отырып, негізгі бағыттар бойынша күш біріктіруді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Тамыз, 2023
Атырау облысындағы ауыл мектебінде 1 ғана оқушы оқиды
Атырау облысындағы Кенбай ауылында жалғыз оқушы білім алады. Биліктегілер бала саны аз мектепке қыруар қаржы жұмсай алмайтындарын айтады. Ал мұндағы халық мектеп жабылса ауыл құриды деп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
24 Тамыз, 2023
Қазақстанда 2,4 трлн теңгеге 369 мектеп салынады
Ұлттық жоба аясында елдегі апатты мектептер мен оқушылардың орын тапшылығы мәселелері жолға қойылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Тамыз, 2023
Тәжікстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Тамыз, 2023
Елордада «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының» жаңа жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті. Қазіргі уақытта бас жоспар жобасы келісу сатысында тұр.
24 Тамыз, 2023
Амандық болса, аймағымызда 458 мың сиыр, 696 мың қой-ешкі, 312 мың жылқы қысқа кіреді. Арқаның алты ай қысынан бұл малды күйлі шығару үшін 1,9 млн тонна шөп қажет. Қазір шабындықтағы шаруа да, астықты алқаптағы науқан да қызу. 994 мың гектар жерден астық жиналады. Арзандатылған дизель отынының қоры да жеткілікті.
24 Тамыз, 2023
Егін бітік шықса, елдің де, егіншінің де көңілі тыныш. Қазір орағын қолға алған диқандар әбігерге түсіп жатыр. Бидайын жинап, арпасын орып, қамбасын толтыруға кірісті. Биыл күн райы құбылып, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Дегенмен сала мамандары жылдағы нәтижеден кем түспейміз деп отыр.
24 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы Астанада белсенді жүзеге асырыла бастады. Бұл ұлттық жоба аясында елордада 24 мектеп салынып, білім беру саласының көкжиегін кеңейтпек.
23 Тамыз, 2023
Кейінгі жылдары ерекше қажеттіліктері бар балаларға көңіл бөлу, олардың өзге балалармен тең құқылы білім алуы заңнамалық тұрғыдан бекітіліп, қазіргі кезде арнайы мектептердегі оқу үрдісі осы бағытта жұмыс істепкеледі.
23 Тамыз, 2023
Мына картинаның атауына қарап, «Ойдың түсі бола ма?» дерсіз. Кез келген өнер туындысы автордың идеясына, яки философиялық тұжырымына құрылады. Белгілі суретші Руслан Ақанаев кезекті шығармасын «Ой түстері» деп атауы да тегін емес.
23 Тамыз, 2023
Еліміздің терістігінде үлкен орақтың басталып кеткеніне біраз күн болды. Бүгінгі таңда барлық егіс алаңының 20 пайызға жуығы жиналды. Егер алдағы күндерде де күн райы қолайлы болса, бүгінгі техникалардың өнімділік қарқынымен бар астықты бір айдың көлемінде жинап алуға болады.
23 Тамыз, 2023
Жуырда Қонаев қаласында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушыларының көрмесі өтті. Орталық алаңда өткен іс-шараға 80-ге жуық кәсіпкер қатысты. Көрмені тамашалай келген қонақтар тауарларды өндірушілерден өз бағасына сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
23 Тамыз, 2023