Редакция таңдауы
Каратэден Қазақстан құрамасы Малайзияда өткен Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
26 Шілде, 2023
Құмды жағаны жайлаған Сарыбел ауылының бүйір тұсындағы ғажайып сарқыраманы былайғы елді қойып, жергілікті жұрт та біле бермейді екен. Білмесе білмейтіндей, көзге көрінбейді. Сызылып аққан бұлақ қазаншұңқырға қарай құлап жатыр. Сарқырауы да талып естіледі. Бірақ ғажап көрініс.
26 Шілде, 2023
3-8 тамыз күндері Ақтауда мектеп оқушылары арасында шахмат тарихында алғаш рет «World Schools Team Championship» жарысы өтеді. Қарт Каспийдің жағалауында ұйымдастырылатын әлем біріншілігінің басты ерекшелігі, жаһандық додаға шахмат үйірмелері мен секцияларының тәрбиеленушілері емес, шахматты ұнататын әуесқой мектеп оқушылары ғана қатыса алады.
26 Шілде, 2023
Екібастұз стансасы сынақтан өтеді
Екібастұздың жылу-электр стансасындағы күрделі жөндеу жұмыстары облыс басшылығының ғана емес, үкіметтегілердің де қатаң қадағалауында тұрғаны мәлім. Орталықтағы жабдықтарды жамап-жасқау шараларына 250 адам жұмылдырылған. Бүгінде олар алғашқы кезеңге жоспарланған жөндеу жұмыстарының шамамен 40 пайыздайын еңсерді.
26 Шілде, 2023
Астық тасымалы: Өзекті мәселесі мен келешегі
Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еурокомиссар Януш Войчеховскиймен кездесуінде Қазақстанның осы салада Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты кеңейтуіне мол мүмкіндігі бар екенін айтып: «Еліміз дәнді және майлы дақылдар мен жоғары сапалы органикалық өнімдер экспортын арттыруға дайын» деген еді. Бірақ диқанның еңбек өнімін дер кезінде экспорт пен ішкі нарыққа жеткізетін тасымал әлеуетіміз қаншалықты қуатты? Соны зерделеп көрелік.
26 Шілде, 2023
Жайылым тапшылығы шешіле бастады
Бірер жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде пайдаланылмай жатқан жайылым жерді игеруді шегелеп айтқан болатын. Мал шаруашылығымен айналысып жүрген азаматтар мәселенің көтерілгеніне үмітпен қарай бастады.
26 Шілде, 2023
Данияда наразылық білдірушілер Ирактың Копенгагендегі елшілігінің алдында Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
25 Шілде, 2023
Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім бар
Абай облысында биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында барлығы 11 773 (оның ішінде тұрақты 7 242) жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің телеграм парақшасына сілтеме жасап.
25 Шілде, 2023
Өңірлерден келген жастар «Қазақ газеттерінде» тағылымдамадан өтеді
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «MediaLab» орталығы еліміздегі медиа және коммуникация саласында оқитын студенттер мен түлектер үшін бір айлық тағылымдама ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Шілде, 2023
Шаруаның жайын егінге орақ түскенде білеміз. Биылғы міндет – былтырғыдан да артық өнім алу. Әйтсе де жаздың басы салқын, аяғы ыстық болды. Оның үстіне жаңбырдың аздығы диқаншыларды біраз әуре-сарсаңға салды. Өңірде су желілерінің де ескіргенін ескерсек, фермерлердің алаңы заңды. Осыны ойлаған Үкімет қаржы бөлді, ендігі мәселе жоспарды орындау.
25 Шілде, 2023
Алпауыт көршіміз Қытай елімен арадағы теміржол көлігі арқылы жасалған жүк экспорты өткен алты айда 37 пайызға артты. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК 2023 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылаған жиында айтты.
25 Шілде, 2023
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 25 шілдеге белгіленген бағамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Шілде, 2023
Ұлттық ұланның ақпараттық-насихат тобы Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шемонаиха қаласына жұмыс сапарымен барды.
25 Шілде, 2023
Өнер – ұлттың жаны. Оны түсінуге тілдің де керегі жоқ. Бүгінде домбыраға қызығып, күй тартуға талапты жастардың саны артып келеді. Солардың бірі – Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің 06708 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген мерзімдік қызмет әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Ислам Мұса.
25 Шілде, 2023
Әдебиетте ерте сөнген үміт аз емес. Ардың-күрдің мінезімен кез келген ортаның сәніне айналған талантты ақындардың бірі әрі бірегейі – Өрнек Құлекеев еді. Әрине, Өрнекпен жақын араласқан жігіттердің ол туралы айтары көп. Жиырма төрт жасында бақилық болған жас таланттың тағдыры кімді де болса ойландырмай қоймайды.
25 Шілде, 2023
Ішкі саяхатта іркіліс болмайды
Елімізде туризм саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Мақсаты – туризмді елдің экономикалық дамуының басым бағытына айналдыру. Атап айтқанда, осы саладағы жұмыспен қамтылған азаматтардың санын – 800 мың, ал саладағы жалпы қосымша құн көлемін 6 трлн теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Сонымен қатар қонақүй және тамақтану қызметтеріндегі инвестиция өсімін 260 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланған.
25 Шілде, 2023
Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек. Осы жолдар адамды бір көргеннен жақын тұтып, жанына тартып, үйіріп әкететін көпшіл де бауырмашыл, адал да ақжүрек жігіттер қатарына жататын, бүгінде өмірдің алтыншы белесіне аяқ басқан Айбын Әдепханұлына арналып айтылғандай. Хакім Абай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген өсиетсөз қалдырғаны да осы Айбын Әдепханұлы тәрізді дарқан мінезді, нардың да, бардың да жүгін тік көтеріп кете беретін айтулы азаматтардың сойын мегзеген болар. Ол мақтау мен мадаққа еш мұқтаж емес. Оның атына бізсіз де әр тараптан ақ адал алғыс, жақсы лебіз, жылы пікір айтушылар көп екені белгілі. Біз шәкірттері ретінде бірауыздан азамат ерге деген шынайы ықыласымызды, оның өзіміз куә болған істерін паш етуді жөн санадық. Бұл – шәкірттер көкейіндегі риясыз ой.
25 Шілде, 2023
Футболдан Қазақстан чемпионатының бәсекелері бел ортасынан ауып, чемпиондыққа талас жүргізіп жатқан командалар арасындағы тартыс қыза түсті. Өткен демалыс күндері еліміздің жеті қаласындағы стадиондарда біріншіліктің 16-тур ойындары өтіп, жанкүйерлер тосын нәтижелердің куәсі болды.
25 Шілде, 2023
Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барысы» жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын бастады.
25 Шілде, 2023
Үздіктер қатарында екі өкіліміз бар
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) теннисшілердің жаңартылған рейтингін жариялады.
25 Шілде, 2023